6.2.1.1 - тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу;
6.4.5.1 - жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады;
Көпшілік оқушылар үшін: - тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданады, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізе біледі;
Кейбір оқушылар үшін: сыни көзқарасын дәлелді фактілермен жеткізеді.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.