Физика пәнімен байланыстыру керек, молекулалардың және иондардың кеңістіктік пішінін жорамалдау, электрон жұбы тапсырмаларын қамтып, кіріктірілген тапсырмалар құруға болады.
Мақсаты: ойлау дағдысын дамыта отырып, сабақ мақсаты мен тақырыбын анықтау.
Тапсырма: Заттар молекулаларының белгілі бір пішіндері болатынын қандай теорияға сүйене отырып анықтауға болады? Осы теорияға сәйкес гибридтену түрлерін атаңыз. Сұрақтар:
SP3 - гибридтенуде молекула пішіні қандай?
SP2 - гибридтенуде молекула пішіні қандай?
SP- гибридтенуде молекула пішіні қандай?
Ковалентті байланыстың қасиеттері қандай?
Кері байланыс: Ия, дұрыс немесе жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ ауызша бағалау.
Мұғалім: Заттардың молекула пішіндерін анықтайтын теориялардың бірі Гиллеспи теориясыекенін айтады. Олай болса, сабақтың тақырыбы: Валентті электрон жұбы бұлттарының тебісу теориясы.