|
Топтық жұмыс: «Ойлан, бірік, бөліс!» әдісі
Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).
|
1 - тапсырма
«Елгезек роботтың» алгоритмін сөз түрінде және программасын құрастырады.
Дескриптор
Берілген практикалық тапсырмаға топтық талдау жасайды.
Елгезек роботтың алгоритмін сөз түрінде құрады.
Елгезек роботтың программасын құрастырады.
|
Қалыптастырушы бағалау
Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. Бес жұлдыз –«Өте жақсы!», Төртбұрыш – «Жақсы!», Үшбұрыш – «Талпын!».
|
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|