Жоғарғы сезімталдық реакциясының екінші ( цитотоксиндік ) түрі иммундық жүйеде организмнің өз антигендеріне қарсы антиденелер түзілуімен сипатталады. Ол үш түрде өтуі мүмкін:
Комплементке тәуелдіреакциялар. Бұл кезде антигенмен антидененің әсерлесуі жасушаның сыртында өтіп, сол жерге комлемент жабысады. Комплементтің белсенділігі артқанда мембрана шабуылдаушы кешен іске қосылып, мембрана бүтіндігі бұзылады. Бұл патология кезінде көбінесе қан элементтері ( эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер ) нысана жасуша рөлін атқарады. Аутоиммундық гемолиздік анмияның, агранулоцитоздың, тромбоцитопенияның,нәрестелердің гемолиздік анемиясының дамуы осы реакцияға байланысты.
Антиденелермен байланысты реакцияларда өзгерген жасушалардың жойылуы IgJ – дің ?с – рецепторлары бар жасушалар арқылы жүреді. Олар ( табиғи киллерлер, макрофагтар, эозинофилдер ) антидене жабысқан нысана жасушаларды комплемент көмегінсіз –ақ жояды.
Антиденелерге байланысты жасуша дисфункциясы.Бұл реакция нәтижесінде жасуша зақымданбайды,бірақ қызметі өзгереді ( күшейеді немесе әлсірейді). Мысалы, антиденелерге байланысты қалқанша без жасушалары қызметінің күшеюі Базедов ауруына соқтырады.