Сабақтың тақырыбы: Заман көрінісі, заман бейнесі Оқу мақсаты



Дата25.11.2023
өлшемі27,94 Kb.
#127789
түріСабақ

Сынып: 8
Пән: қазақ әдебиеті

Мерзімі:



Бөлім:

2-бөлім. Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Сабақтың тақырыбы:

Заман көрінісі, заман бейнесі

Оқу
мақсаты:

Т/Ж3 - көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу

Сабақтың мақсаттары:

Оқушылардың барлығы:
«Үш қиян» толғауының мазмұнын біледі, өз ойын дәлел келтіріп жеткізеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Толғаудан өмірлік қағида шығара алады, кейіпкерлерге мінездеме береді.
Оқушылардың кейбіреуі:
Өз ойын қорытындылай отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға бере алады.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік Ел» жалпы қоғамдық құндылығы.



Пәнаралық байланыс:

Тарих, география

Бағалау критерийлері:

Тура және жанама мінездеулерді біледі және толғаудан анықтап, талдайды.

Тілдік мақсаттар:

Тура, жанама мінездеулер, автор бейнесі, ақын шеберлігі

Алдыңғы оқу

«Үш қиян» толғауы

жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалатын іс-әрекеттер



Ресурс



Сабақтың басы



-Қызығушылықты ояту, сабақтың тақырыбын болжау, мақсат қою;
-Ынтымақтастық атмосферасын құру;
-Үй тапсырмасын сұрау.

«Еділ» әнін тыңдау

С абақтың ортасы

Талқылау сұрақтары:
1. Ақын заманның келбетін,заманның реңін қалай суреттейді?
2. Заманның бұзылу себептерін ақын өлеңдерінен тауып,талдаңыздар.
Кері байланыс беріп отыру.
Оқулықпен жұмыс.
ЖЖ. «Кластер» әдісі
Әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне өлең бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды. Негізгі ақпаратты анықтайды.
Мінездеу. Авторға мінездеме беру. Заманның келбетіне сипаттама беру.
Анықтау.Асанқайғы,Қазтуған,Орақ,Мамай,Телағыс есімдері толғауда қандай себеппен аталатындығын анықтаңыздар.
Салыстыру.Мұрат заманы мен қазіргі заманды салыстырыңыздар.


Қалыптастырушы бағалау: «Ауызекі бағалау», «Қол сигналы».


Өлеңдегі образды «ПОПС формуласы» арқылы талдау:
«Менің ойымша...»
«Себебі,мен оны былай түсіндіремін...»
«Оны мен мына мысалдармен,фактілермен дәлелдей аламын...»
«Осыған байланысты мен мынадай шешімге келдім...»

8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


Қазақстан картасы.

Слайд №1-5.



Сабақтың соңы

«Әдеби әңгіме шеңбері» - неге толғау «Үш қиян» деп аталаған деп ойлайсыз?
Рефлексия. «Ашық әңгіме» әдісі арқылы сабақ бойынша өз пікірлерін айтады.


Сабақ мақсаттары шынай ма?
Бүгін оқушылар сабақта не үйренді?


Сабақтағы ахуа қандай болды?
Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неліктен?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет