Тапсырма №2. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді пайдалана отырып төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
Геоэкономиканың негізін салған кім? Зерттеу нысандарына не жатады?
сіздің ойыңызша,геосаяси және геоэкономикалық факторлар елдің стратегиясын анықтау кезінде неге ескеріледі?
Дүниежүзілік державалар әлемдік экономикаға неліктен әсер етеді?
қандай интеграциялық одақтарды білесің? Геоэкономикаға қалай әсер етеді?
геоэкономика мен экономикалық география арасындағы айырмашылықтарға үш мысал келтіріңіз.
Дескрипторлар: -геоэкономиканың зерттеу нысандарын біледі
-геоэкономика мен экономикалық география арасындағы айырмашылықты ажырата алады
Бағалау: оқушылардың берген жауаптарын өздері және мұғалім бағалайды.
Тапсырма №3. Жұптық жұмыс. Сөйлемді дұрыс құрастыр.
нақты орын менэкономикалықөлшемдітуралы ғылымкоммуникациялықсапасын қамтамасызететінішкі жәнесыртқы әсерінендаму стратегиясыГеоэкономикаөмірдің ізденістердің әлеуметтік көп-бұл кеңістікте, уақытта
Оқушыларға мәтін таратылады. Мәтінмен 3-минут танысады.
1 топ: Геоэкономика термині;
2 топ: Геоэкономиканың мақсаты мен міндеті;
3 топ: Геоэкономиканың категориялары;
4 топ: Геоэкономика мен экономикалық географияның айырмашылығын сыныпқа түсіндіреді.
Бағалау критерийі бойынша топтық бағалау мен мұғалімнің кері байланысы.
Геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін және негізгі категорияларын түсіндіреді
Оқушылар геоэкономика мен экономикалық географияның ұғымының айырмашылығын ажыратады.
Оңтүстік Шығыс Азия аймағының экономикалық және геоэкономикалық айырмашылығын анықтайды. Мысал келтіреді. Топта талқылайды. Жауаптарын сыныпқа ұсынады.
Бағалау критерийі бойынша топтық бағалау мен мұғалімнің кері байланысы.
(Т) Қазақстанның экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтаңыз:
1-топ: Климаттық тұрғыдан
2-топ: Ландшафтық тұрғыдан
3-топ: Саяси тұрғыдан
4-топ: Экономикалық тұрғыдан
Топта талқылайды. Мысал келтіреді. Жауаптарын сыныпқа ұсынады.
Бағалау критерийі бойынша топтық бағалау мен мұғалімнің кері байланысы.
Қазақстанның экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтайды