Сабақтың тақырыбы Зерттеу әдістерінің түрлері



бет282/361
Дата19.01.2023
өлшемі26,72 Mb.
#61994
түріСабақ
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   361
Байланысты:
10 сынып ҚМЖ новый формат (1)

Сәйкесінше:
Батыс Европаны 4 аймаққа бөледі;

  • Солтүстік Европа : Скандинавия елдері, Дания, Финляндия, Балтық елдері

  • Оңтүстік Европа – Жерорта жағалауы елдері,

  • Батыс Европа: ФРГ, Франция, Ұлыбритания, Австрия, Бельгия, Швейцария

  • Шығыс Европа: Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния и Болгария



Азияны 4 аймаққа бөледі; ауданы-44 млн км2 . 40-қа жуық мемлекет орналасқан. Саяси картасының қалыптасу кезеңдері Азия-екі жарты шарда бірдей орналасқан ең үлкен дүние бөлігі. Азия-"көшпенді өркениет" бесігі.


1.Оңтүстік-Батыс Азия : құрамына 17 ел енетін тарихи қалыптасқан аймақ, түгелімен Таяу ж/е Орта Шығыс деп аталатын тарихи-мәдени облысқа енеді. Аймақтың үш дүние бөлігі тоғысқан жерде орналасуы, аса маңызды халықаралық су жолдарының тоғысында жатуы және көпшілік аумағының мұнай қорына бай болуы бұл топтағы елдердің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтаушы басты факторға айналды. Суэц каналының іске қосылуы және Берлин-Бағдад теміржолының салынуы аймақтың геосаяси жағдайын нығайта түсті. Аймақ құрамындағы елдердің 
мемлекеттік құрылысы мен басқару формасы әртүрлі. Республикалар: Грузия, Израиль, Ирак, иран, Йемен, Ливан, Кипр, Сирия, Түркия, Ауғанстан. Конституциялық монархиялар: Иордания. Абсолютті монархия: Бахрейн, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы


2. Оңтүстік Азия -Гималай тауынан оңтүстікке қарай орналасқан 9 елді қамтиды. Аумағы жөнінен Жер шарының бар болғаны 4%-ын ғана алып жатқан бұл аймақта адамзаттың 1/5 бөлігі, яғни 1,5 млрд.-тан астам халық тұрады. Аймақтың Үнді мұхиты жағалауында орналасуы мұндағы елдердің мемлекетаралық сауда қатынастарына еркін енуіне жағдай жасаған.Қазіргі кезде бұл жағалау Еуропа мен Африканы Азия елдерімен және Аустралиямен байланыстыратын халықаралық қатынас жолдары өтеді. Мемлекеттік құрылысы мен басқару формасы бойынша: Республикалар: Үндістан, Пәкстан, Бангладеш, Шри-Ланка, Мальдив, Непал. Конституциялық монархия: Бутан,
Камбоджа,Лаос,
3.Оңтүстік-Шығыс Азия: Үндіқытай мен Малай топаралында (архипелаг) орналасқан 10 ел енеді. Республикалар: Вьетнам, Индонезия, Лаос, Мьянма,Сингапур, Филиппин
Абсолюттік монархия: Бруней, Конституциялық монархия: Малайзия, Таиланд, Камбоджа
4.Орталық және Шығыс Азия : Жапония, КХДР, Қытай, Тайвань, Корея Республикасы, Моңғолия енеді. Сонымен қатар Қытайдың арнайы әкімшілік аудандары болып есептелетін Сянган (Гонконг) пен Аомынь (Макао) да осы аймақта орналасқан.


Солтүстік Америкаға – АҚШ пен Канада кіреді
Латын Америкасын мынадай субаймақтарға бөлеміз:

  • Мезоамерика немесе Орталық Америка (құрамында Мексика, Орталық Америка мен Вест-Индия аралдарының елдері),

  • Анд елдері (Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили),

  • Ла-плато елдері немесе Атлант жағалауы елдері (Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия). Соңғы кезде жаңа атау да пайда болған: Оңтүстік конус елдері (Аргентина, Уругвай, Парагвай, Чили).

Африка 2 субаймаққа бөлінеді:

  • Солтүстік немесе араб Африкасы

  • Оңтүстік Африка

Әрбір жүп өздерінің таңдауы бойынша 1 тарихи – географиялық аймақты таңдап, оның ерекшелігіне сипаттама береді.

  1. Географиялық орнына сипаттама жасаңыз

  2. Тарихи – географиялық облыстың құрамына қандай ірі мемлекеттер кіреді анықтаңыз.

  3. Этникалық және діни ерекшеліктері бойынша (халқына сипаттама беріледі) Мәдениет және тұрмыс салтына шағын сипаттама беріңіз.

  4. Әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайына баға беріңіз

Ескерту: Оқушыларға көмек ретінде мәтіндер немесе ноутбуктерді/ғаламторды пайдалануға мүмкіндік жасау

  1. Батыс Еуропа

  2. Шығыс Еуропа

  3. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД)

  4. Оңтүстік Батыс Азия

  5. Оңтүстік Азия

  6. Орталық және Шығыс Азия

  7. Оңтүстік-Шығыс Азия

8. Солтүстік Америка
9. Латын Америкасы
10. Солтүстік Африка
11. Батыс Африка
12. Орталық Африка
13. Шығыс Африка
14. Оңтүстік Африка
15. Аустралия
16. Мұхит аралдары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   361




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет