Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
10.3.1.1 табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін (шаруашылық тұрғысынан) анықтау, графикалық түрде ұсыну
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсінеді
Оқушылардың көпшілігі: табиғатты пайдаланудың түсінігі мен түрлерін графикалық түрде ажырата алады
Кейбір оқушылар: «Географиялық орта» және «табиғат» ұғымдарының арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты ажыратып,салыстырмалы түрде сипаттама бере алады
Бағалау критерииі
*Географиялық орта,табиғат,табиғатты тиімді пайдалану,ресурспен қамтамасыз ету ұғымдарын ажыратады
*Табиғатты пайдаланудың түрлерін,айырмашылығын ажыратып,талдап көрсетеді
* «Географиялық орта» және «табиғат» ұғымдарының арсындағы ұқсастық пен айырмашылықты графикалық түрде сипаттап салыстыра алады