Өндіріс саласындағы кемшіліктер:
- Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды.
- Республика өндірісінде-көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 11,5%-ы рәсуа етілген.
- Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақыты босқа жоғалды.
- Кәсіпорындар құқы шектелді.
- Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді.
- Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.
- Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді.
Елдегі экокономикалық хал-ахуалды жақсарту үшін жаңа алғышарттар қалыптастырды.
60-жылдардың бас кезінде КСРО қуатты экономикалық және ғылыми жетістікке ие болды.
Ғылым дамуының ерекше жетістігі - Ю.А.Гагариннің ғарышқа ұшуы болды.
Қазақ КСР министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік ғылыми-техникалық комитет республиканың Мемлекеттік жоспарлау комитетімен бірге өнеркәсіп салаларында жаңа техниканы енгізу жоспарын жасады.
Өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру жоспарларының орындалуын бақылайтын комиссиялар құрылды.
Бақылау комиссиялары – ғылыми-техникалық қоғамдар мен конструкторлық бюролар, өндірістік кеңестерден тұрды.
Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бірі – өндірісті электрлендіру болды.
Өдірісті электрлендірудің жетістіктері Қарағандының
2-ГРЭС-і мен Бұқтырма ГЭС-терінің жұмыс істеуімен ерекшеленді.
Көмір өндірудің механикаландырылуы Екібастұз көмір өндіріс орнын ірі кәсіпорынға айналдырды.
Мұнай өндіру, мұнай өңдеу, іздестіру-барлау жұмыстарының технологиясы тұтастай өзгерді.