Сабақты талдау хаттамалары. Сынып жетекшісінің жоспары. Тәрбие сағатының жоспарлары. Мектептен мінездеме



бет2/2
Дата11.03.2023
өлшемі111,5 Kb.
#73446
түріСабақ
1   2
Гимназия директоры:
Пән мұғалімі:
Сынып жетекшісі:
Алматы қаласы,*шапка тұру керек студент-практиканттан (Практиканттан оқушыға мінездеме)
Мінездеме

(Сыныптағы бір оқушының аты-жөні)дүниеге келген. Томирис 2015 жылы 1 қыркүйектен бастап мектепке қабылданған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Үйден барып - келіп оқиды. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы.


Оқу материалын қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Негізгі қолы оңқай. Пәндер ішінде математика, биология, география пәндеріне қызығушылығы мол. Сабақты себепсіз босатпайды.
Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді.
Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы.

Педагогикалық іс-тәжірибеден өтуші:


Алматы қаласы, *шапка тұру керек


студент-практиканты (Практиканттан сыныпқа мінездеме)


Мінездеме

Алматы қаласы, Алматы қаласындағы «» сыныбында 25 оқушы оқиды. Оның «13» - қыз, «12» - ұл. Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепішілік, сынып аралық іс – шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі.


Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан. Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған.
Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік ертенгілік түрінде өткізеді.
Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып,танымдық қабілеттерін ұштап отырады. Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.
Педагогикалық іс-тәжірибеден өтуші:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет