Сабақтың негізгі мақсаты Оқушылардың айналадағы электр құбылыстары туралы білімін қалыптастыру және практика жүзінде оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру .
Сабақтың міндеттері: Электр құбылыстары туралы алған мәлімет арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру;
Оқушымен жақсы қарым-қатынасты орнату;
Баланың дамуына жағдай тұғызу және өзіндік сенімін арттыру.
Сабақ жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасы
3.Жаңа материалды түсіндіру
4. Қорытындылау. Оқушылардың тәжірибе жұмысы
5.Бекіту кезеңі
6.Үйге тапсырма
7.Оқушыларды бағалау
8.Сабақты қорытындылау, рефлексия
2. Сабақ барысы үй тапсырмасын сұрақ –жауап арқылытексеруден басталды.
Физика мұғалімі: - Электр тогы дегеніміз не?
- Электрленген дене дегеніміз не?
- Аттас заряд, әраттас заряд дегеніміз не?
- Алғаш рет «Электр тогы» түсінігін физикаға енгізген ғалым кім?
Бұл кезеңде оқушылар оқулықтағы мәтінді талдағандары еске түседі.Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды. 3.Жаңа тақырып «Найзағай» бейнетаспасын көрсетуден басталды, сонан соң сұрақ-жауап арқылы түсіндірілді.
Биология мұғалімі:слайд «Биофизика» - Найзағайдың өсімдіктерге, жануарларға және адамдарға қандай әсері бар?
- Найзағайдан қорғанудың қауіпсіздік шаралары (ережелері)
Физика мұғалімі:слайд «Биофизика» - Найзағай электрлік құбылыс екенің кімдер дәлелдеді?
- Найзағайдан басқа қандай денелерде электр құбылыстарды байқаймыз?
(шаштың электрленуі,киімнің әсіресе, синтетикалық маталардан тігілген киімдер, ауа шарды шашқа үйкелесе, шар электрлінеді де, жоғары қарай көтеріледі).
Биология мұғалімі:слайд «Биофизика»
-Қандай жануарларда электр құбылысты байқауға болады?
Гальвани элементі Луиджи Гальванидің құрметіне аталған ,ол атмосферадағы электр тогының бақа бұлшық еттеріне әсерін зерттеген. 1786 жылы Гальвани бақаның табанын кесе салысымен ,оны металмен жалғап, оның бұлшық еттерінің конвульсиялық (тырысу,селкілдеу)жиырылуын байқады.Осы құбылысты жан-жақты зерттей отырып,"Бұлшық еттердің қозғалысы кезіндегі электр күші туралы трактаттар"атты кітабында толығымен сипаттады. Гальвани ойлағандай бақа бойында "тірі электр тогы жоқ , оның бұлшық етінің жиырылуы түрлі өткізгішті жалғағанда пайда болатын электр тогының бақа денесінің өтуі деп дәлелдеді.
Физика мұғалімі:слайд «Биофизика»
-Гальваникалық элементтер туралы не айтасыңдар?