Сабақтың типі: Жаңа білім, іскерлік дағдыны қалыптастыру


Жаңа тақырыпты оқып үйренуге және оған алдын ала даярлауға арналған есептер



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі29,5 Kb.
#14899
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Математиканы оқытудағы есептің ролі МК 215 6.09.20

1.4. Жаңа тақырыпты оқып үйренуге және оған алдын ала даярлауға арналған есептер.

Жаңа тақырыпты проблемалап оқыту үшін оқушыларға проблемалық ахуал көпшілік жағдайда есеп арқылы қойылатыны мәлім. Мәселен, «тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең екенін дәлелдеңдер», - деген есепті шығару арқылы оқушылар Пифагор теоремасын оқып үйренеді. Математиканың қайталап оқылатын ұғымдарына, заңдарынағ әдістеріне оқушылардың зейіні есеп арқылы аударылады.

Есептер оқушыларға жаңа тақырыпты оқып үйренуге алдын ала даярлау үшін де қолданылады. Мәселен, квадрат теңдеулерді оқып үйренуге бағытталған проблемалық ахуал туғызатын есепті қарастырайық.

1 е с е п. Қайсыбір санның квадратының төртке көбейтіндісі 625. Сол санды табыңдар.

Егер ізделетін санды х деп белгілесек, онда есептің шарты бойынша , яғни есепті шығару квадрат теңдеуді шешуге әкеледі.

Көрсеткіштік функция тақырыбын оқытуға даярлық кезінде мынадай есепті қарастыруға болады.



2 е с е п. Бағасы 7200$ «Жигули» автомашинасын ұсталуына қарай жыл сайын 3% арзандайды. 2 жылдан кейін оның құны қанша болады? Бұл есепті шығару формуласына әкеледі, берілген есепке сәйкес мұнда c=7200, p=3%, t=2. Сонда

Осы тәріздес есептер көрсеткіштік функцияны түбегейлі оқып үйрену проблемасын туғызады.

Енді квадраттық функцияға келтіретін мәселе есеп қарастырайық.

Теореманы дәлелдеуге немесе дәлелдеу есептерін шығаруға үйрету математиканы оқытудың маңызды міндеттерінің бірі. Бұл маңызды мәселеге төменгі сыныптарда-ақ зор көңіл бөлінеді. Дәлелдеу алғашында есеп-сұрақ түрінде немесе қарапайым зерттеу түрінде болып келеді. Ондағы мақсат: сабақта өтілетін ұғымдарды нақтылай түсуге және ұғымдардың арасындағы байланысты көре түсуге баулу.



4 – есеп. Катеттерінің қосындысы 6 (см) болатын, барлық тікбұрышты үшбұрыштардың ішінде, ауданы ең үлкен болатын тең бүйірлі үшбұрыш екенін дәлелдеңдер (12-сурет).

Бер: a+b=6 (см)

Д.к. , егер a=b.

B



A

C
Сурет 12 – Тікбұрышты үшбұрыштар



Дәлелдеуі: b=6-a



a=3 b=6-3=3, a=3, b=3.

Демек, барлық тікбұрышты үшбұрыштардың ішінде ауданы ең үлкен болатын катеттері болатын ең бүйірлі үшбұрыш.

Дәлелдеу керегі осы.

Осындай практикалық мазмұнды есеп шығару арқылы оқушылар математиканың практикалық маңызын және оның ғылым мен техникадағы рөлін терең түсінеді.

Математикалық есептердің танымдық маңызын атап өтпесек болмайды. Себебі, есеп шығару барысында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарастын қалыптастыруға кең жол ашылады. Ондай есептер алгебра және анализ бастамаларында, олардың геометриядағы, физикадағы, химиядағы қолданымдарында, сондай-ақ физикалық, механикалық процестердің математикалық модельдерін жасауда жиі кездеседі.


Тапсырма.

  1. Лекцияны көшіріп жаз. «Үшбу хат» әдісі- берілген лекция бойынша хат жаз.

  2. Математиканы есеп арқылы оқытуды қалай түсінесің?

  3. Математиканы есеп арқылы оқытудың қандай әдістері бар?



Әдебиетттер, сілтемелер: Ә. Бидосов «Математиканы оқыту методикасы», Б.Р. Қасқатаева «Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет