Сабақ барысында қойылатын сұрақтар: 1.Барлық бейметалдар – р элементтер.(Иә)
2. І –ІІ топтың негізгі топша элементтері s- элементтеріне жатама?(Иә)
3. р- элементтерінің металдық қасиеті жоғары.(Жоқ)
4. d - элементтерінің қосымша топша металдары қиын балқитын металдар.(иә)
5.Хром, молибден немесе вольфрам - өз периодындағы (VІ топ, қосымша топша) ең оңай балқитын элементтер.( жоқ)
Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушылар оқулықтың көмегімен оқытушының сұрақтарына жауап береді. Онда металдардың электрохимиялық кернеу қатарымен жұмыс жасалады. Металдар мен бейметалдар арасындағы айырмашылықты кесте бойынша толтырады.
Металдар
Бейметалдар
Жай заттармен әрекеттесуі:
2Ca + O2 →2CaO
S + O2 →SO2↑
Күрделі заттармен әрекеттесуі
Zn + H2SO4→ ZnSO4 + H2↑
K+ NaOH → KOH + Na
Ca + HOH → Ca( OH)2 + H2O
1.S + HCl →
2. P + H2SO4 →
3. O2 + 2H2O → 2H2O2
Тұздармен әрекеттесуі
Mg + Ag 2SO4→ MgSO4 + 2Ag
P + CaSO4 →
Тәжірибелік бөлім: № 6. Зертханалық жұмыс. Металдардың химиялық белсенділігін салыстыру Металдардың қышқылдарға қатынасы Екі сынауық (пробирка) ал.
Бірінші сынауыққа – мырыш түйірін сал.
Екінші сынауыққа – мыс кесегін сал.
Екі сынауыққа 1 мл тұз қышқылы ерітіндісін құйыңыз.
Сынауықтан қандай өзгерісті байқадыңыз? Реакция теңдеуін жазыңыз.
« Ойлан тап » № 1
Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінде қанша металл бар?
Металдардың иілгіштігіне анықтама беріңіз.
№ 2
Ең жеңіл металдарды атаңыз.
Электрохимиялық кернеу қатарындағы орнына байланысты металдардың қасиеттерін атаңыз.
№ 3
1. Балқу температуралары жоғары металдарды атаңыз
2. Қатты металдарды атаңыз.
Сергіту сәті. « Кім жылдам?» Оқушылардың алған білімдерін тексеру үшін карточкадағы есепті шығарады. Бірінші келген үш оқушы бағаланады.
№1
Мыс хлоридінің ерітіндісіне массасы 5,6 г темір пластинкасын салды. Темір толық еріді. Бөлінеген мыстың массасы қанша?
№2
Ұнтақ түрінде алынған мырышты күкіртпен аздап қыздырғанда тұтанады. Осы реакцияның теңдеуін жазыңыз. Металдың 0,5 молімен реакцияға түсетін күкірттің массасын есепте.
№3
Мыс сульфаты ерітіндісіне массасы 6,4 г мырыш пластинкасын салды. Мырыш толық еріді. Бөлінеген мыстың массасы қандай?
1.Мыс хлоридінің ерітіндісіне массасы 5,6 г темір пластинкасын салды. Темір толық еріді. Бөлінеген мыстың массасы қанша?
Бер: Шешуі:
m( Fe) =5,6г CuCl2 + Fe →FeCl2 + Cu
М ( Fe) = 56 г/моль М (Сu) = 64 г/моль
т/к: m (Cu) = ? 5.6 г – х
56 г/ моль – 64 г/моль
X=6.4г
2.Ұнтақ түрінде алынған мырышты күкіртпен (ІІ ) аздап қыздырғанда тұтанады. Осы реакцияның теңдеуін жазыңыз. Металдың 0,5 молімен реакцияға түсетін күкірттің массасын есепте.
Бер: Шешуі: ⱴ( Zn) =0.5 моль Zn + S→ ZnS
ⱴ ( Zn) = 0.5 моль М (S)= 32 г/моль
т/к: m (S) = ? 0,5моль – х
1моль – 32г/моль
X = 16 г
3.Мыс сульфаты ерітіндісіне массасы 6,4 г мырыш пластинкасын салды. Мырыш толық еріді. Бөлінеген мыстың массасы қандай?
Бер: Шешуі: m( Zn) =6.4 г CuSO4 + Zn →Cu + ZnSO4 т/к: m (Cu) = ? М ( Zn)= 65 г/моль М (Сu) 64 г/моль
6.4 г – х
65 г/ моль – 64 г/моль
X=6.3 г
Мұғалім сабақ құрылымының дұрыстығын және мақсатқа жету барысындағы қиындықтарды анықтап бағалайды. Топ мүшелері өзара тапсырмаларды орындау барысында көрсеткен білімдерін өзара бағалайды.