Сабақтың типі: Сынып сағаты Сабақтың түрі: Өздіктерінен жұмыс істеу



бет3/7
Дата31.12.2021
өлшемі51,24 Kb.
#21778
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Ү. Сергіту сәті: «Выгода» Ералаш түріне берілген видеоролик көрсету.

Қысқаша талқылау жүргізу.



ҮІ.  Тренинг: өздіктерінен жұмыс істеу

Әр топқа ситуациялық жағдайлар беріледі, оқушылар топ ішінде талқылап, сахналайды, сұрақтарға жауап береді. Әр топ бір-бірлерінің жауаптарын тыңдап, өз ойларын айтады.



1 топтың тапсырмасы:

Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.
Сұрақтар: 1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?
2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?
2 - топтың тапсырмасы:

Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата - анасының тәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата - анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата - аналарға байланысты өтетін жиындарға да келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата - анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата - анасы құрғақ уәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра оны орындауда әке - шешесі салғырттық танытады.
Сұрақтар: 1. Нұрланның ата - анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
2. Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?
3. Ата - ананың бала алдындағы міндеттері қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет