Сабақтың типі: Сынып сағаты Сабақтың түрі: Өздіктерінен жұмыс істеу



бет2/7
Дата31.12.2021
өлшемі51,24 Kb.
#21778
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
ІІІ. «Сұрақ-жауап» ойыны:

  1. Пара беру дегеніміз не?

  2. Пара мен сыйлықтың айырмашылығы қандай?

  3. Сыбайлас жемқорлық дегенімізді қалай түсінесіңдер?

  4. Сыбайлас жемқорлық жайлы мәліметтерді қайдан білесіңдер?

 
ІҮ. Түсініктеме беру:

Қазақстан Республикасының № 267 «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» Заңы 1998 жылы 2 шілдеде қабылданды.

Бұл Заңның мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.

Бұл заңның ерекшелігі сол, билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып отыр. Лауазым иесінің қызметтік міндетіне жатпайтын әрекеттер, мысалы, жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның, үшінші бір адамның пайдасына бағытталған іс-әрекеттер қылмыстық белгі құрамауы мүмкін. Сондай жағдайда келеңсіз қылығы әшкере болған лауазым иесі аталған заң негізінде жауап береді. Мемлекеттің мүддесіне, халықтың мемлекетке, заңдарымызға деген сеніміне нұқсан келтіретін лауазым иесінің теріс әрекеті жазасыз қалмау керек.

Басқару органдарындағы сыбайлас жемқорлық, қоғамдық өзекті мәселелер, осы әлеуметтік қауіпті құбылыспен күрес бірқатар мән-жайларға байланысты. Сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғады.

Аталған заңның талаптарына сәйкес, барлық мемлекет қызметшілеріне және құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауазымды адамдарына кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарына, ақы төленетін қызметтер атқаруға тиым салынатыны көрсетілген. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған

жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

Осы баптың ережелерi көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған осы Заңға сәйкес жауап беруге тиiс адамдарға қолданылмайды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк жаза қолдану мерзiмдерi:

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адам немесе оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.

2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктірілмей қолданылуы мүмкiн.

Біздің ел - ТМД елдерінің ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы заң қабылдаған бірінші және бірден-бір мемлекет. Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмыстарының нысандылығы мен тиімділігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері Елбасының жеке бақылауында тұрғандығына негізделген. Сыбайлас жкмқорлықтың өзекті мәселелері, оның пайда болуы, онымен күрес жүргізудің қылмыстық-құқықтық құралдары қызу пікір таластарын туғызу үстінде. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары сияқты қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі сәйкесті буындарды тұншықтырып, олардың қалыпты, заңды қызмет жасауына кедергі келтіреді. Ал, іс жүзінде бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған орай мемлекеттік басқару жүйесін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткені мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажеттілігі, басқару жүйесіндегі әр түрлі процестердің реттеушісі болып табылады. Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет