Сабақтың түрі : Жаңа сабақ Сабақтың типі: білімді,іскерлікті,дағдыны қалыптастыру Пән аралық байланыс


Үй құсы не жабайы қанаттылардан котлеттер



бет4/4
Дата18.05.2022
өлшемі419,6 Kb.
#34900
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Құстар мен жабайы қанаттылардан алынатын шф

Үй құсы не жабайы қанаттылардан котлеттер сүбе етінен дайындалады.Сүбеден тартылған не бауырдан тартылған жұмсақ еттер қою сүт тұздығында салып қойылады. Тазартылған үлкен сүбеден сүйекті алып,сіңірлерін тіледі де жеңілдеп жаншиды. Жаншу алдында сүбе етін жазады.Одан әрі сүбе ортасына тартымдар салып,кіші сүбемен жабады.Кіші сүбе астына үлкен сүбенің жұқа жағынан тазартылған сүйекті тығады.Сосын үлкен сүбенің шеттерін қайырып жауып,алмұрт формасын береді де льезонда ылғалдап, ақ аунатпада аунатады. Қою сүт тұздығындағы тартымдар үшін ұсақ туралған ақ саңырауқұлақты не қозықұйрықты пайдалануға болады.Олардың тартымдарына тұз қосып ет тартымдарымен араластырады да тұздық ағып кетпес үшін шикі жұмыртқа қосады.
Котлет массасы. Ол үшін тауық,күркетауық,шіл, бұлдырық, құр,саңырау құр және тауқұдірет пайдаланылады.Ет жұмсағын сүйектен және теріден ажыратады да іш майымен бірге еттартқыштан өткізеді.Сүтте ылғалданған қабықсыз нан,тұз қосып,жақсылап араластырады.Тағы да еттартқыштан өткізеді де жаныштайды.Жабайы құстардан дайындалған котлет массасына бұрыш ұнтағын қосуға болады.
Іш майын сары маймен не маргаринмен ауыстыруға болады. Алынған котлет массасынан котлет,биточка,зраза,фрикаделька,т.б. дайындауға болады.
Құс етінен даярланған котлеттің технологиялық сызбасы
Құс еті

Өңдеу

Еттарт.
2-3рет
өткізу

Үстіне қосу

Араластыру

Үстіне қосу

Взб.машинамен
ұру

Формасын келтіру

Ж/ө жіберу
Нан Сүт Сары май Тұз
Жұмсарту

Сығу
Үзбе массасының технологиялық сызбасы
Құс еті

Өңдеу

Еттарт.
2-3рет
Өткізу

Үстіне
Қосу

Салқындату

Көпірту

Жаймен
үстіне
қосу

Араластыру
Нан Сүт Жұмартқа Кілегей Тұз
ақуызы

Жұмсарту
­
ІV.Жаңа тақырыпты бекіту арналған бақылау сұрақтары
1.Үй құстары және жабайы қанаттылардан қандай ш/ф дайындайды?
2.Үй және жабайы құс еттерін не үшін формалайды?
3.Турам ет (рагу) неше данадан, әрқайсысын массасы қанша гр.нан келетіндей кесектерге шабады?
4.Палау әр сыбағаға неше данадан қанша массадан келеді?
5.Үй және жабайы қанаттылар сүбесінен алынатын ш/ф.
6.Табиғи котлет формасы қандай?
7.Аунатпада аунатылған котлетті ұнға аунатпас бұрын немен ылғалдайды?
8.Астанлық шницель льизонға ылғалдап, қандай аунатпада аунатады?
9.Киевше котлет қуыруға дейін қайда сақталады?
10.Котлет массасының құрамын ата
11.Егер биточка буда пісірілсе, аунатпада аунатыла ма?
12.Пожарлық котлеттің формасы қандай?
13.Үзбе массасының консистенциясы қандай?
14.Аунатпада аунатылған котлеттерге қандай талаптар қойылады?
15.Дайын ш/ф сақтау ___t жоғары емес болуы керек.
16.Аунатпада аунатылған ___сағат, ішек қарын, көже жиынтығы,сүйектерді ___сағат, шабылған ет бұйымдарын ___сағат сақтайды.
Жаңа сабақты қорытындылауға арналған
V.Студенттердің білімін бағалау, (жетістіктері мен кемшіліктерін айту)
VІ.Үйге тапсырма
Интернет желісі арқылы құс және жабайы құс етінен ш/ф дайындау тақырыбын толықтыру,бүктеме, мәнжазба дайындау, слайд құру

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет