Сабақтың мақсаты: 1. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің әдістерін үйрету, Крамер әдісімен жүйенің шешімдерін табуды үйрету.
2. Оқушылардың теорияда алған білімдерін есептер шығаруда қолдана алуға машықтандыру.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын дұрыс жеткізе білуге және кәсіби біліктілікке тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен әдебиеттер: слайдтар, интерактивті тақта;
Жоғары математика Н.С.Саханов, Б.С.Жаңбырбаев (1993)
Высшая математика в упражнениях и задачах П.Е.Данко, А.Г.Попов
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру: Білімгерлерді сабаққа даярлау,сабаққа деген қызығушылықтарын ояту,сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды әзірлеу, «7Т»-ның
сақталуын еске түсіру: тәртіп,талап,тазалық,тыныштық,татулық,төзімділік,терең ой.