Сабақтың түрі: аудиториялық сабақ Сабақтың мақсаты, міндеттері: Мақсаты


Жоғарғы сезімталдық реакциясының екінші ( цитотоксиндік ) түрі



бет3/4
Дата15.11.2023
өлшемі106,5 Kb.
#122510
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
№5 лек

Жоғарғы сезімталдық реакциясының екінші ( цитотоксиндік ) түрі иммундық жүйеде организмнің өз антигендеріне қарсы антиденелер түзілуімен сипатталады. Ол үш түрде өтуі мүмкін:

  1. Комплементке тәуелдіреакциялар. Бұл кезде антигенмен антидененің әсерлесуі жасушаның сыртында өтіп, сол жерге комлемент жабысады. Комплементтің белсенділігі артқанда мембрана шабуылдаушы кешен іске қосылып, мембрана бүтіндігі бұзылады. Бұл патология кезінде көбінесе қан элементтері ( эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер ) нысана жасуша рөлін атқарады. Аутоиммундық гемолиздік анмияның, агранулоцитоздың, тромбоцитопенияның,нәрестелердің гемолиздік анемиясының дамуы осы реакцияға байланысты.

  2. Антиденелермен байланысты реакцияларда өзгерген жасушалардың жойылуы IgJ – дің ?с – рецепторлары бар жасушалар арқылы жүреді. Олар ( табиғи киллерлер, макрофагтар, эозинофилдер ) антидене жабысқан нысана жасушаларды комплемент көмегінсіз –ақ жояды.

  3. Антиденелерге байланысты жасуша дисфункциясы.Бұл реакция нәтижесінде жасуша зақымданбайды,бірақ қызметі өзгереді ( күшейеді немесе әлсірейді). Мысалы, антиденелерге байланысты қалқанша без жасушалары қызметінің күшеюі Базедов ауруына соқтырады.

Жоғарғы сезімталдықтың ( иммундық кешендік) түрі. Үшінші типтегі жоғарғы сезімталдық иммундық кешеннің тіндерге зақымдаушы әсер етуіне, оның компломенті белсендіру мүмкіншілігіне байланысты.
Иммундық кешен қанда немесе антидене қан тамырынан шыққанда, жергілікті, пайда болады. Кейін иммундық кешендер қан тамырларының қабырғасына немесе тіндерге, әртүрлі сүзгілерге (мысалы, бүйрек сүзгісіне ) шөгіп қалады. Осыған байланысты иммуно – кешендік аурудың жергілікті және жүйелі түрлерін ажыратады.
ЖБТ реакциясы жасушалық иммунитетпен байланысты, көбінесе созылмалы инфекцияларда кездеседі. Қабыну ошағында лимфоциттер, макрофагтар, тіндік гистиоциттер топталады. Антигендік құрамы өзгерген жасушалар мен тіндерді сенсебилизацияға ұшыраған Т – лимфоциттер өздерінен лизосомалық ферменттерді бөліп шығарып ыдыратады. Бұл үрдісте жасушалық иммунитет медиаторларының да маңызы зор.Олар оттегі метаболиттерінің жәрдемімен нысана жасушалар мембранасының өткізгіштігін арттырып, жасушаның ішіне цитотоксиндік факторлардың кіруіне жол ашады. Нысана жасушалардың жойылуы табиғи киллердің қатынасымен басталады.Олардың цитотоксиндік айырмашылығы әсері антигенге тәуелді емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет