иммундық кешеннің лейкоциттерді өзіне тартып алуы ( хемотаксис) ;
лейкоциттердің иммундық кешенді жұтуы ( фагоцитоз );
Жедел иммуно кешенді аурудың дамуында иммундық кешендердің белгілі бір тіндерге шөгіп қалуы өте маңызды.Әдетте, иммундық кешендер бүйрек шумақтарының тіректік мембранасына шөгіп қалады.Сол жерден комплементтің белсенділігі нәтижесінде көптеген биологиялық белсенді заттар:С3a, C5a, хемотаксистік факторлар және т.б. бөлініп сол жерге лейкоциттер топталады.
Лейкоциттерден лизосомалық ферменттер және биологиялық белсенді заттар бөлініп шығып, қабынудың басталуы. Осы реакция нәтижесінде қан тамырларының өткізгіштігі артып кетеді. Медиаторлар,ферменттер әсерінен қан тамырларының қабырғасы зақымданып, некроздық васкулит, микротромбтар пайда болады, жергілікті тін некрозданады.