Сабақтың түрі: жаңа сабақ, суретпен жұмыс


 Суретті көрмеге қойып, оқушылармен пікірталас өткізу. V.Жаңа сабақты қорыту



бет3/5
Дата27.09.2023
өлшемі1,2 Mb.
#110855
түріСабақ
1   2   3   4   5
4. Суретті көрмеге қойып, оқушылармен пікірталас өткізу.
V.Жаңа сабақты қорыту.
Оқушылар, тақтадағы ілулі тұрған адам тұлғасының салыну жолдарына назар аударайық. Бұл суретте адам тұлғасы бейнеленген. Бүгінгі түсіндірілген сабаққа шолу жасайық. Адам тұлғасын еске түсірейік.
Сұрақтар:
1. Адам тұлғасы неше бөліктен тұрады?
2. Суреттен бас, кеуде, қол - аяқ сүйектерін көрсет?
3. Бас сүйектерін ата?
4. Кеуде бөлігіндегі сүйектерді ата?
5. Адамда қанша омыртқа, қанша қабырға бар?
6. Қол - аяқ сүйектерін ата?
7. Адам тұлғасы неше бөлікке бөлінеді? (суреттен көрсет.)
Жауаптар:
1. Адам тұлғасы үш бөлікке бөлінеді.
2.
3. Бас сүйектердің негізгі сүйектері: маңдай сүйек, самай сүйек, төбе сүйек, мұрын сүйек, үстіңгі жақ сүйегі, астыңғы жақ сүйек.
4. Кеуде бөлігіндегі сүйектер: тас сүйек, омыртқа сүйек, омыртқа жотасы, қабырғалар, жауырын, жамбас сүйектер.
5. Адамда 33 - 34 омыртқа, 12 жұп қабырға бар.
6. Қол сүйектер: Тоқпан жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері. Аяқ сүйектер: Ортан жілік, асықты жілік, табан сүйектер.
7. Адам тұлғасы 8 бөлікке бөлінеді.


VI. Бағалау
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды атап айтып, жақсы салынған суреттерді көрсетіп, баға беру.
VІІ.Үйге тапсырма беру: Қозғалалыстағы адам тұлғасының долбарын салу

1. Бас сүйектері - адамның бас сүйектері мыналар: маңдай сүйегі, самай сүйегі, төбе сүйегі, мұрын сүйегі, үстіңгі жақ сүйегі, астыңғы жақ сүйегі. Жалпы адам басының қаңқасы екіге бөлінеді, олар: жоғарғы ми сауыты, төменгі(ми, сауыты) бет бөлігі. Бастың негізгі мүшелері: Көз, мұрын, ауыз, құлақ.

2. Кеуде бөлігі – Бас сүйегінен омыртқа жотасы созылады. Омыртқа жотасының бір бөлігінде кеуде сүйектері орналасады. Онда қабырғалар мен тас сүйегі бар, жауырын, жамбас сүйектері бар. Омыртқа жотасы 33 - 34 омыртқадан тұрады. Адамда 12 жұп қабырға болады.

3. Қол - аяқ сүйектері – Қол сүйектері: тоқпан жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері. Аяқ сүйектері: ортан жілік, асықты жілік, табан сүйектерінен тұрады. Қол мен аяқтың сүйектері бір - бірімен буын арқыла жалғасады.


4. Тұлға адам басының биіктігімен өлшенеді. Мөлшермен 8 бөлікке бөлінеді. Кейде адам бойының ауытқуларына байланысты жеті немесе жеті жарым бөлікке бөлінуі де мүмкін. Бірінші сызық - бастың жоғарғы нүктесінен иекке дейін, екіншісі - иектен бастап тас сүйектің ұшына дейін, үшіншісі - тас сүйектің ұшынан кіндікке дейін, төртіншісі - кіндіктен шаттың сызығына дейін, бесіншісі - жамбас сүйектен тізеге дейін, алтыншысы - тізеден сирақ сүйекке дейін, жетіншісі - сирақ сүйектен аяқ басы сүйектеріне дейін.

Сұрақтар:


1. Адам тұлғасы неше бөліктен тұрады?
2. Суреттен бас, кеуде, қол - аяқ сүйектерін көрсет?
3. Бас сүйектерін ата?
4. Кеуде бөлігіндегі сүйектерді ата?
5. Адамда қанша омыртқа, қанша қабырға бар?
6. Қол - аяқ сүйектерін ата?
7. Адам тұлғасы неше бөлікке бөлінеді? (суреттен көрсет.)
Жауаптар:
1. Адам тұлғасы үш бөлікке бөлінеді.
2.
3. Бас сүйектердің негізгі сүйектері: маңдай сүйек, самай сүйек, төбе сүйек, мұрын сүйек, үстіңгі жақ сүйегі, астыңғы жақ сүйек.
4. Кеуде бөлігіндегі сүйектер: тас сүйек, омыртқа сүйек, омыртқа жотасы, қабырғалар, жауырын, жамбас сүйектер.
5. Адамда 33 - 34 омыртқа, 12 жұп қабырға бар.
6. Қол сүйектер: Тоқпан жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері. Аяқ сүйектер: Ортан жілік, асықты жілік, табан сүйектер.
7. Адам тұлғасы 8 бөлікке бөлінеді.

IV. Бағалау.


Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды атап айтып, жақсы салынған суреттерді көрсетіп, баға беру.
V. Үйге тапсырма Адамның тұлғасын әр түрлі көріністе бейнелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет