Сабақтың түрі Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы


С. Серік Нұғыманның «Соғым» атты әңгімесін оқиды. Серік Нұғыман



бет3/4
Дата29.09.2023
өлшемі1,46 Mb.
#111732
түріСабақ
1   2   3   4
С. Серік Нұғыманның «Соғым» атты әңгімесін оқиды.

Серік Нұғыман
Соғым
Бүгін Нартайлардың үйінде кішігірім мереке. Соңғы кездері «соғым» деген сөз көп естіліп еді, енді соны көзбен көретін уақыт жетіпті.
Ертеңгілік шайын ішіп, далаға шығып еді, есік алдында төбедей кер ат байлаулы тұр екен. «Соғым осы болар» деп топшылады. Есік алдына біраз адам жиылып қалыпты. Көбі көршілер, кейбірі əкесінің достары. Жалаңдатып пышақ қайрап, тағы бірдеңелер істеп, əбігер боп жатыр.
Қастарына барып сəлем берді. Сəлемін алғанмен, аса елемеді. Бар назарлары кер атта. «Жақсы семірген екен» дейді бір-біріне қарап. Осы сөздерден Нартай өз болжамының дұрыс екенін білді. Алғашқы қар жауған. Бірақ күн жылы. Нартайдың атасы жұмысқа көп араласпады. Тек «ананы алай істеңдер, мынаны былай істеңдер» деп соғымшыларға жол-жорық көрсетіп жүр.
Жылқыны бауыздаған кезде əкесі келіп көзін жауып, көрсетпей қойды. «Неге?» деп сұрап еді, «Бала көруге болмайды» деді. Ары қарай аттың терісін сыпыру басталды. Бұл жұмыс тез-ақ бітті. Пышақтары қылпылдаған жігіттер демде іреп тастады. Енді етті боршалау басталды. Бұл жұмыс үйде атқарылды. Бұзылған ет ішек-қарнымен қосылғанда, алдын ала дайындалған жеке бөлмені алып кетті. Соғым семіз шығыпты. Нартай мұны үлкендердің əңгімесінен білді.
Табан қазы, – деді бір аға бармағын көрсетіп.
– Одан да жоғары, – деді тағы бір аға келіспей. – Көресің. Аздан соң қазы ішекке сыймай əуре қылады.
Айтқаны келді. Тоңазысын деп далаға іліп қойған тұтас қабырғаны көтеріп əкеп, тілгенде, қыртысынан майы көп болып, білеуленіп жатты. Ішекке сыймаған соң жұқалап тіліп алып, шұжыққа тықты. Аралықта əжесі келіп «қуырдақ» деп, ет сұрап еді, əкесі алдында жатқан сүйектің етінен кесіп алып берді.
Əне-міне дегенше қуырдақ та дайын болды. Осы аралықта күн де батып үлгеріпті. Қызу əңгімемен ас ішкен кісілер «Сау болыңыздар?» деп қайта бастады. Дəл осы кезде Нартай бұрын көрмеген тағы бір жоралғыға куə болды.
Қолүздік, – деді əкесі есікке беттеген соғымшы жігіттерге ет салынған бір-бір қалта ұсынып жатып.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет