Түсінбеген сөздерін тақтаға жазады. Соғым, кер бие, іре, боршала, жол-жора, қолүздік деген сөздерге көптеген оқушылар түсінбеуі мүмкін. Сыныпта ол сөздер туралы білетін оқушылар болса, түсіндіреді. Содан кейін бұл сөздер туралы қосымша дереккөздерден алынған түсінік оқуға беріледі.
Мұғалімнің тарапынан кері байланыс болады.
Тапсырма №2 Т. Берілген кестені «+» таңбасын салу арқылы толтырады.
Ф. Әр топ өзінен кейінгі топтың кестелерін тексереді. Келіспейтін тұстарын топ мүшелеріне айтып, бірге талдайды. Мұғалім барлық топтың жұмысын бақылап жүріп, кейбір сөздердің дұрыс жауабын табуға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы көмектеседі. Мысалы, оқушылар «бүгін» деген сөзді шатастыруы мүмкін. «Бұл сөз екі сөзден құралған. Қандай сөз болуы мүмкін?» –деген сияқты сұрақтар қою арқылы оқушыны жетелегені жөн. Ол сөздің біріккен сөз екендігіне оқушылар өз жауаптарымен жетулері керек. Бір топтың жұмысын түгел оқытып, басқа топтарға бағалатуға да болады. Тапсырма №3
Тапсырма №4 Т. Оқушыларға мәтін бойынша құрылған жоспар бөліктері араластырылып беріледі.
Олар мәтіндегі мазмұнға сәйкес жоспар бөліктерін ретімен орналастырады.
Ретімен құрылған жоспар Кіріспе Нартай үйіндегі мереке.
Негізгі бөлім Соғымға жиналғандар.
Соғымшыларға амандасу.
Кер биені сою сәті.
Табан қазы
Сыбаға беру
Қорытынды
Ертерек аяқтап тастаған топтарға мәтін мазмұны бойынша басқаша жоспар құру тапсырылады.