Жаңа тақырыпты меңгерту
|
Құрметті конференцияға қатысушы қонақтар, баяндамашылар, журналистер. Бүгінгі «Шойын мен болат» тақырыбына арналған пресс-конференцияны ашуға рұқсат етіңіздер. Алдымен бүгінгі конференцияда сөз алатын баяндамашылармен таныс болыңыздар:
Бірінші қатарда отырған тарихшы ғалым Ғаділ Нұрғазы Қабылұлы. Ол кісі шойын мен болаттың ашылу тарихы, ерте кездегі алыну үлгілерімен таныстырып баяндама оқиды.
Екінші қатысушымыз шойын мен болат өндіретін өнеркәсіптер мен бүгінгі күннің озық технологияларымен жабдықталған өндіріс ошақтарының тыныс – тіршілігін баяндайтын геогроф маман Ғалым Тілекқабыл Нұрұл.
Үшінші баяндамашымыз шойын мен болат өндірісі жөнінде домна пештерінің құрылысы жұмыс жасау принциптерімен таныстырып өтетін технолог маман - Салимгереев Еркебұлан.
Төртінші қатардан орын алған қара металлургия өндірісінің импорты мен экспорты жөнінде, қара металлургияның еліміздің эканомикасына тигізетін оң әсерлері, өнеркәсіптердің жұмыс жасауына кететін қаржы мен оның өтелуі турасында мағұлмат беріп өтетін келесі маман иесі экономист – Габдуллина Айымгүл.
Бесінші болып сөз алатын осы шойын мен болат өндіріс ошақтарның экологияға әкелетін өзекті проблемаларын және олармен күрес жөнінде сөз алатын конференцияға қатысушы қонағымыз эколог – Сүндеткалиева Гауһар.
Алтыншы баяндамашымыз Махамбетұлы Әлішер тұтынушы ретінде сөз алып шойын мен болат өнімдерінің пайдалану аясын, қолданылу салалары жөнінен хабардар ететін болады.
|
Темір – жер қыртысында таралуы бойынша екінші металл. Басқа металдардың ішінде оның тұтынылу үлесі 95% - ті құрайды. Металлургиялық зауттарда темір кендерін өңдеу арқылы таза темір емес, оның құймалары – шойын мен болат алынады.
Шойын - темірдің көміртек (2%-тен астам, әдетте, 3—4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойын қара металлургияның бастапқы өнімі, ол темір оксидтерін көміртек (II) оксидімен CO немесе кокспен тотықсыздандырғанда түзіледі. Шойын морт келеді, соғуға және жаншуға көнбейді. Шойынның екі түрі бар: сұр және ақ. Сұр шойынның құрамында графит түріндегі көміртек бар. Ол техникада құю үшін қолданылады. Көптеген металдардан айырмашылығы - шойын қатайғанда ұлғаяды. Оның бұл ерекшеліктерін күрделі конфигурациялы әртүрлі тетіктер алуға және пішіндеп құюға қолданылады. Мұндай шойынды құю шойыны деп атайды, оның үлесіне шамамен барлық өңделетін құймалардың жалпы көлемінің 10% -і тиеді. Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған шойын, құйма шойын, арнаулы шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады.
Болат— темірдің көміртекпен (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. Болат өндіретін негізгі шикізатқа шойын мен металл сынықтары, қосымша оттекпен байытылған ауағ кейбір қоспалар жатады. Ол деформалануға төзімді (созылмалық қасиеті бар). Химиялық құрамына қарай көміртекті және легирленген болат болып бөлінеді. Көміртекті болаттың құрамында темір мен көміртектен басқа марганец (1%-ке дейін) және кремний (0,4%-ке дейін), сондай-ақ, зиянды қоспалар — күкірт, фосфор, т.б. элементтер болады. Болаттың сапасын жақсарту үшін қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий, вольфрам, марганец, кремний, т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады.
(Олай болса ендігі сөз кезегін тарихшы маманға берелік). (Жалғасы қосымша тіркеуде).
|
Конференцияға қатысып, өз пікірлерін айтады.
Тарихшы Ғаділ Нұрғазы Қабылұлы шойын мен болаттың ашылу тарихын таныстырып кетеді.
Географ Тілекқабыл Нұрұл шойын мен болат өндіретін өнеркәсіптер мен бүгінгі күннің озық
технологияларымен
жабдықталған өндіріс
ошақтарының тыныс –
тіршілігін баяндайды.
Технолог Салимгереев
Еркебұлан шойын мен
болат өндірісі жөнінде
домна пештерінің
құрылысы жұмыс жасау
принциптерімен
таныстырып өтеді.
Экономист – Габдуллина Айымгүл қара металлургия өндірісінің импорты мен экспорты жөнінде, қара металлургияның еліміздің эканомикасына тигізетін оң әсерлері туралы айтып кетеді.
Эколог – Сүндеткалиева Гауһар шойын мен болат өндіріс ошақтарның
экологияға әкелетін өзекті
проблемаларын және
олармен күрес жөнінде сөз
алады.
Тұтынушы – Махамбетұлы Әлішер шойын мен болат өнімдерінің пайдалану аясын, қолданылу салалары жөнінен хабардар етеді.
|
28 минут
|