Геогроф- қара металлургияның негізгі шикізаты – темір кені. Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Оның ішінде, ірі темір кен орындарының қатарына Қостанай облысы Торғай иінінде Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, Аят, Орталық Қазақстан аумағындағы Атасу, Қаражал кеніштері жатады. Жылына 30-40 млн т. темір кенін өндіретін Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты жер бетіне жақын орналасқан темір кенін өндіруге маманданған. Онда темір концентраты шығарылады. Ал Лисаков, Аят, Қашар кен байыту комбинаттары шығаратын флюс қосылған жентектер шойын өндіру үшін сапалы шикізат болып табылады. Сонымен қатар бұл кен орындары Оралдың металлургия комбинаттарын шикізатпен қамтамасыз етеді. Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Аят кен орындарының темір қорын дүниежүзіне әйгілі Лотарингия (Франция), Кривой Рог (Украина) кен орындарымен салыстыруға болады. Сондай-ақ Торғай иінінде табылған темір кені қорының мол екендігі анықталып отыр. Темір кені ашық әдіспен өндіріледі. Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай, сондай-ақ Аят, Лисаковск және Қашар кен байыту комбинаттары Қазақстан қара металлургиясының маңызды шикізат базалары болып табылады.
1964 ж. Қазақстан магниткасы — Қарағанды металлургия зауытында (1970 жылдан кейін Қарағанды металлургия комбинат, 1997 жылдан “Испат-Қармет”) болат қорытатын екі мартен пеші, ал 1970 ж. әрқайсысының сыйымдылығы 300 т. үш оттекті конвертерлер іске қосылды. Конвертер цехтарының жылдық өнімділігі 5,7 млн. т. Онда ауыр жүк көтеретін автомобильдердің рамаларына керекті аса берік лонжеронды болат балқыту, болаттың оттегі аз және оттегі төмен маркаларынан ақ қаңылтырлы және сортты прокат алу, сондай-ақ, электр техникалық болат алу, т.б. технологиялар игерілген.
Болаттың аса ірі өндіруші елдері.
Елдер
|
1990
|
2000
|
2001
|
2002
|
Млн.т.
|
рейтинг
|
Млн.т.
|
рейтинг
|
Млн.т.
|
рейтинг
|
Млн.т.
|
рейтинг
|
ҚХР
Жапония
АҚШ
Ресей
Корея Республикасы
Германия
Украина
Бразилия
Үндістан
Италия
Франция
Тайвань ар.
|
66.3
110.3
89.7
89.6
23.1
44.0
52.6
20.6
15.0
25.5
19.0
9.7
|
4
1
2
3
8
6
5
9
12
7
10
19
|
127.2
106.4
101.8
59.1
43.1
46.4
31.8
27.9
26.9
26.8
21.0
16.8
|
1
2
3
4
6
5
7
8
9
10
11
12
|
148.9
102.9
90.1
59.0
43.9
44.8
33.1
26.7
27.3
26.7
19.3
17.2
|
1
2
3
4
6
5
7
9
8
10
11
12
|
181.5
107.7
92.4
59.8
45.4
45.0
34.0
29.6
28.8
26.0 20.5
18.2
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
|
(Журналистер қауымынан маманға сұрақ қоюшылар болса, баяндамаңызға рахмет. Ендігі кезекте арнай өндіріс орындарынан шақырылып отырған қайнаған оттың, қызу жұмыстың бел ортасында жүрген маман иесі технолог. Сол кісіге сөз кезегі беріледі.)
Достарыңызбен бөлісу: |