VI- бөлім Кең аула.
Шексіз кеңістік.
Қанатты жыр - менде бар, емеспін нөсер жауынға,
найзағайға, желге зар.
Кең аулама ектім мен өз қолыммен түп емен,
Түп еменнің түбіне Ай туғанда түнегем.
Сол емендей қасқайып тағдырыма қасарып.
Сол емендей найқалып, сол емендей түнерем.
Кең аулама ектім мен, алма ағашын аласа,
Суармаған кешім жоқ.
Ұрпақтарым алмасын үзіп-үзіп жесін деп.
Кең ауламның ішінен шыңырау құдық қаздым мен,
Суы көздің жасындай, іше бергім келеді,
сусыным бір басылмай.
Кең аулама сыйғасын, құс баулып, ат ұстадым.
Көрмейін деп тірідей бұл жалғанның қыспағын.
Құс болғасын қолымда, ат болғасын астымда,
місе тұтпай ауламды –
Шықтым дала, тас қырға.
Апанынан осылай ұзап шығып жортады екі ұртын майларға –
Қасқыр екеш, қасқыр да.
Қолымда құс болғасын, көтерілдім ғарышқа,
Кеңістігін жүлдыздар қызғанбады қорғаштап,
“Ақбоз ат” пен “Көкбоз ат” кісінесті жол бастап.
Кең аула, шексіз кеңістік, қанатты жыр деген сол,
Онсыз менің болады жүрегім мұз, төбем сор.
Сел жауса да сөнбейтін өлеңнен қойдым от жағып,
Төрт құбылам жап-жарық, ортасына мені алып –
Суретке түсер көп халық ...
Суретке түсер Алты Алаш,
патша да, ханым да шарпылып жүзі жалынға.
1-тапсырма. «Тірек-конспект» әдісі бойынша автор қолданысындағы «Жалғыздық» сөзінің мағына-сын ашып, шаблонды толтырыңыз.