ЖШС Каспий өңірі «Болашақ» колледжі (білім беру ұйымының атауы)
Оқу сабағының жоспары (теориялық немесе өндірістік оқыту) Жәркен Бөдешұлының өмірі мен шығармашылығы Модуль/пән атауы: ЖБП 02 Қазақ әдебиеті Педагог: Тастемирова Д.Б. дайындады
2023 жылғы
1.Жалпы мәліметтер Курс, топ: 1 курс -
Сабақтың түрі: Практикалық 2.Мақсаты: Жәркен Бөдешұлының өмірі мен шығармашылығы «Жалғыз» поэмасы. Поэма мақмүнымен танысады.
Міндеттері:
Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтау, заманауилығы мен жаңашылдығын әдеби сын жаза отырып бағалау;
Көркем шығармадағы автор бейнесіне талдау жасау, көркем шығарманың тілдік ерекшелігі бойынша шығармашылық жұмыс орындау;
3.Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі: 1) Көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді;
2) Шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады;
3) Ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазады, бағалайды.
4.Қажетті ресурстар: Кітаптар, оқулық, ноутбук, мультимедиалық проектор, электронды оқулықтар
5. Сабақтың барысы: 5.1 Ұйымдастыру кезеңі: Топтың сабаққа дайындығын тексеру.
5.2 Үй тапсырмасын тексеру: Берілген тапсырманың орындалуын тексеру, бағалау. Жалпылау сұрақтары мен үй жұмысын қорытындылау.
5.3 Жаңа материалды түсіндіру: Жоспар: Жәркен Бөдешұлы қай өңірде туып-өсті? Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыртауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Жармұхаммед. Шешесі: «Пайғамбарымыз Мұхаммедтің қасиетті есімін қайта-қайта айта бермейік, сен Жәркен боп жүрші», – дегеннен кейін Жәркен атанып кетеді. Ол жастайынан өлең-жырға құмар болып, ауылдағы өтіп жататын айтыс жарысынан, ойын-жыр отырыстарынан қалмай, халық ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрін ертеден құлағына сіңіріп өседі.