Ақын еліне қалай қызмет етті?
1969 жылы тарихи отанына келгеннен кейін қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Мерзімдік басылымдар да және Мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. 1992 жылы құрылған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын да бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі болған.
Жәркен Бөдешұлының қандай кітаптары бар?
Баспасөз бетінде әр жылдары жарық көрген «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Со рос – Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары оқырманның жылы ықыласына бөленген. Ақын әдебиет әлемінде өзінің даралығын жалғыздық ретінде сезінеді:
Жалған-ай... Жалғызсырау қандай жаман,
Тарпаңның тамырында қан қайнаған.
Адасқан үйірінен құла бие,
Қосылды құландар ға қақ жай лаған... – дей отыра автор біздің санамыздағы Асанқайғы образын заманауи ақын бейнесінде қайта түлеткісі келетіндей:
Көгертіп көктем келді мият құмды,
Жануар оқыс ойнап ұят қылды...
Тағы ның бетке басқан таңбасындай,
Құйрығы жоқ – Жалы жоқ – Тұяқ туды...
Қиналып терледі көл-көсір боп,
Көз жасы құлазыған шөлге сіңбек.
Жасырды жалыменен құлыншағын,
Төркінім – жыл қы атаулы көрмесін деп. Осылайша ақын адасқан бие сияқты оқыс сүрініп, жаза баспау үшін, өз халқын ділін, болмысын жоғалтып алудан сақтандырады. Ж.Бөдешұлы – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты, «Астана Бәйтерек – 2006» әдеби байқауының жүлдегері және Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері.
«Пікірлесейік»
Ақынның әдебиетке құмарлығы қай кезден басталған?
Жәркен Бөдешұлы қай жанрларда қалам тартқан?
«Талдап көр»
«Бір бақытым – сарайшыл болғаным жоқ» деген ақынның сөзін талдап көріңдер.
«Дәптеріңе жаз»
Жәркен Бөдешұлы туралы білгеніңді «Түртіп алу кестесіне» толтыр
Достарыңызбен бөлісу: |