Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ Жабдықтар: Интерактивті тақта



Дата27.11.2023
өлшемі21,98 Kb.
#130333
түріСабақ
Байланысты:
1609136996 (1)


Ақтоған орта мектебі

«Scratch»
сайысы

Орындаған: Қожабек Ш.Қ.

Алматы 2020

«Scratch» сайысы

Мақсаты:
1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.
2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Жабдықтар: Интерактивті тақта.
Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Scratch» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа


Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,


Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.


Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Оқушыларды кездейсоқ парақтармен топқа алу.
Бүгінгі сайысымыз 4 кезеннең тұрады. Сайыс барысымен таныстырамыз (Презентация)



Сайыс кезеңдері.

1-кезең. “learningapps.”


2-кезең. “Көкпар”
3-кезең. “Компьютердің құрылғылары”
4-кезең. “Ребус”

Көрермен жиналған бұл тамашаға ,


Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолынды, білімді жас талантқа
1-кезең. “learningapps”
Ережесі: Программа бойынша берілген сөздерді табу керек.

  1. Скреч

  2. Спрайт

  3. Команда

  4. Сақтау

  5. Программа

  6. Айнымалы

  7. Костюм

2-кезең. “Көкпар”
Ережесі:Бұл кезеңде әрбір ұяшықта берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинау.
Сұрақтары:

  1. Scratch программасы дегеніміз не?

  2. Айнымалы дегеніміз не?

  3. Кейіпкер сөзін орысша және ағылшынша атауын атаңыз?

  4. Бұл қандай блок?

  5. Олжа

  6. Ақиқат және жалғ­ан сөздерінің ағылшынша аудармасын атаңдар?

Сұрақтары:

  1. Scratch программасы дегеніміз не?

  2. Scratch программасы дегеніміз не?

  3. Кейіпкер сөзін орысша және ағылшынша атауын атаңыз?

  4. Бұл қандай блок?

  5. Олжа

  6. Ақиқат және жалғ­ан сөздерінің ағылшынша аудармасын атаңдар?

Жауаптары:

  1. Scratch (Скретч) – анимациялық ертегілер, ойындар мен модельдерді құрастыруға арналған жаңа программалау ортасы.

  2. Айнымалы – компьютердің уақытша жадында қандай да бір мәнді сақтайтын орын. Айнымалы – Scratch-те белгілі бір ақпаратты сақтайтын ұяшық.

  3. Кейіпкер­– Персонаж – Character

  4. Опе­ра­тор­лар блогы

  5. Олжа

  6. ақиқат (true) ⬌ жал­ған (false)

3-кезең. “Компьютер құрылғылары”
Ережесі: Оқушылардың алдына компьютер және оның құрылғылары бейнеленген сурет беріледі, суреттер көрсетілген құрылғылардың атауын жазады.

  1. Монитор

  2. Пернетақта

  3. Жүйелік блок

  4. Тышқан

  5. Принтер

  6. Сканер

  7. Микрофон

  8. Колонка

  9. Диск

4-кезең. “Ребус”


Ережесі: Берілген ребустан сөздерді табу

  1. Технология

  2. Интернет

Қорытындылау!
Жеңген топты маратпаттау.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет