Жүйені манипуляциялау. Компьютерлік жүйеге енуге қол жеткізген хакердің төмендегідей мүмкіндігі бар:
жоғары басымдық деңгейіне көтерілу;
басқа пайдаланушылардың паролімен кодын ұрлауға тырысу.
Соның ішінде кең таралған әдістерге жатады:
айналып өту;
логикалық (ойлау) бомбасы;
жасырын вирус (троян аты);
экрандық имитатор ;
вирустық бағдарламалар.
Айналып өту жолы- бұл қарапайым командасымен басқарылатын және жүйелік құралдардың үзілуін өңдеуді шақыратын үлкен бағдарламаға қойылған блок. Осылайша, жүйелік журналға тіркеуді және жүйелік қорғанысты жеңеді. Операциялық жүйе блогы құрған әдіс берілген бұйрық бойынша барлық ресурстарды басқарып, пайдаланушыға жаңа идентификатор, жаңа есептік ақпарат құрады.
Логикалық (ойлау) бомбалар- белгілі ақпаратты енгізуде жіберілетін –бағдарлама бөлігі. Мұндай құрылған тор ақпаратты бүлдіреді немесе жояды. Логикалық бомба ақпаратты жоюға, бүлдіруге, сұғанақтық жасауға қолданылады (алаяқтық немесе ұрлау мақсатында сирек қолданылады).
III.Сабақтың соңы. Тексеру сұрақтары мен тапсырмалар
1.Парольді бұзушы программалардың ішінде ең тиімді және әйгілі болған түрі?
A)Assembler
B)Crack
C)Unix
D)OM
E)EXE
2. Қорғаудың әдістерін неше топқа бөлеміз ?
A)3
B)5
C)2
D)4
E)1
3. Кілттің жасалынуының неше тәсілі бар?
A)2
B)5
C)3
D)4
E)6
4. Объектіні идентификациялау (ұқсастыру) қандай функция болып есептеледі?
A)Растау процедурасы.
B) Қорғау жүйесінің функциясы.
C)Авторизация.
D) Идентификация.
E) Идентификатор.
5. Кілт – бұл ...
A)Мәліметтерді криптографиялық түрлендіру алгоритмінде кейбір параметрлердің нақты құпия күйі болып табылады.
B) Шифрдың ашылуы үшін қажет болған уақыт аралығын айтамыз
C) Мәліметтерді аналитикалық түрлендіру
D) Жеткілікті криптотөзімділік
E) Дұрыс жауабы жоқ.
6. Жалғыз кілт ретінде ұзындығы қанша бит болған кілт қолданады?
A)56 бит.
B) 53 бит.
C) 58 бит.
D) 51 бит.
E) 65 бит.
7. Ақпаратты қорғаудың құрылғылары неге негізделген.
A) Шифрлау үшін негізгі сипаттама
B) Стандартқа сәйкес шифрлар.
C) Мәліметті түрлендіруші шифрлар
D) Бұл мәліметтерді криптограпиялық түрлендіру
E) Криптографиялық шифрлар және шифрлардың кері шифрлау
процесін қолданады
8.Шифрлау дегеніміз не?
А) белгілі бір ережеге сәйкес ашық мәліметтерге шифрлы гамма
B) бұл ашық мәліметтерді шифрланған немесе шифрланған мәліметтерді кілттердің көмегімен белгілі ережелерге сәйкес ашық деректерге айналдыру процесі.
С) бұл PRNG генераторын іске қосу үшін тұқым нөмірі
D) мәтіндік мәтінді қолдана отырып, ОЖ-дан ақпараттар ағынын биттік шифрлау
Е)дұрыс жауап жоқ
9. Ақпаратты қорғау дегеніміз?
А) бұйрықтардың жалғасуының тәртіпке келтірілуі
B) иесіне құндылығы бар ақпаратты бұзудан сақтауға бағытталған әрекет
С) құжатты автоматты форматтау, суреттелген обьектілердің қойылуы және графиктердің, құжаттың үлгісін дайындау
D) сұраныстардың қалыптасуын қамсыздандыратын және желі шартында клиент-сервер архитектурасының есеп беруін қалыптастыру
Е)дұрыс жауап жоқ
10. Ағымдық шифрлеу дегеніміз не?
А) берілген ашық мәтіннің әр символына жүргізілген өңдеу
B)криптожүйені сипаттауда қолданылатын шартты белгінің жиынтығы
С) ашық мәтіннен шифрленген мәтін шығарып алу алгоритмі
D) криптожүйенің шабуылға қарсы көрсететін күйі, яғни шифрден мәтінді ашуға көрсететін қарсылық
Е)дұрыс жауап жоқ