Сабақтың түрі: теориялық сабақ. Мақсаты міндеттері



бет3/9
Дата09.11.2022
өлшемі44,81 Kb.
#48714
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ЭҚҚ-ның түрлері


Белсенді ЭҚҚ – бұл құрылған қисынды логикасы бар және энергияны пайдаланатын ЭҚҚ. Бұл кәдімгі - ұсақ сұлбалар(микросхемалар). Қазігі заманғы ЭҚҚ стандартты кристал таймерін ЭҚҚ бөлігі түрінде пайдаланады. Құлыпқа таймер тест жібереді, оның көрсеткішін берілген уақыт аралығында есептейді; ол ЭҚҚ қосқанда ғана дұрыс болады. Бұл бір деңгейлік қорғау жалғыз кілтті пайдалану арқылы жүреді.
Жұмыс барысында қорғалған бағдарламада бастапқы мән тұрады және ат беру барысында ЭҚҚ-на мән беріледі: ЭҚҚ-нан қорғау кілттері есептеледі. Осыған ұқсас қағиданы INTRA-LOKK қорғау жүйесі пайдаланады. ДК-дің бос слотына арнаулы плата қондырылып, оған әр пайдаланушыға арналған көпсанды қорғау қондырғысы қосылады. Плата – дешифрленген деректерді қамтиды.
Дербес компьютердің қосарлы портына жалғанатын ЭҚҚ өнімі бар. Плата драйвері құрылғымен бірге қойылады. ЭҚҚ – сын бір – бірімен жалғау әртүрлі бағдарламалық өнімдер үшін ЭҚҚ – сын жөңдеуге, пайдаланушы жұмысын реттеуге мүмкіндік береді;


ЭҚҚ негізіндегі қайта бағдарлайтын тұрақты есте сақтау құрылғысы


Қорғау кілті бар арнайы кристалдар– әскери жүйеге қолдану үшін тағайындалған құрал – жабдық түрінде жобаланған. Оны пайдалану аппаратқа қосылуға қиындық туғызады. Кристалл тұрақты есте сақтау құрылғысында жазылған процессор және бағдарламадан тұратын 128 Кбитті қайта бағдарлайтын есте сақтау құрылғысын құрайды. Негізінен жадыда сақталған бір қорғау кілті бар бағдарланған екі кристалл пайдаланылады. Жадыдан кілтті тек кристалл процессоры көмегімен ғана таңдауға болады. Сондықтан бағдарланған кілт жүйе құрамында пайдаланушы қол жеткізу үшін тиімді болмайды. Операциялық жүйе жүктелу барысында басқару екі кристалда орналасқан бағдарламаға беріледі.
Кристаллдарды сәйкестендіру төмендегі түрде жүреді:

  • Қабылдағыш ұзындығы 64 биттік кездейсоқ сандарды елемейді;

  • сан жүйелік шина арқылы қабылдағышқа беріледі;

  • қабылдағыш сандарды құпия кілтпен кодалайды;

  • қабылдағыш шифрлеуді аяқтауды тексереді: кодаланған сандардың берілуін сұрайды;

  • эталондық сандарды кодалайды, алынған санмен нәтижесін салыстырады және жұмысы қайталанады;

  • сәйкестендіру кезеңі орындағаннан кейін екі бағытта да оперативті жадыға енуге жол ашылады.

Екі жақты сәйкестендіру талап етілген қорғау дәрежесін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет