Сабақтың түрлері мен типтері туралы мұғалімдерге әдістемелік көмек Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу тәрбие үрдісі



бет4/5
Дата26.07.2023
өлшемі27,94 Kb.
#104835
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сабақтың түрлері мен типтері

Қайталау сабағының құрылымы

  • сабақтың басын ұйымдастыру;

  • білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын қою;

  • негізгі ұғым, ақыл – ой қорытындысын, негізгі білім, дағдыларын, іс – әрекет тәсілдерін (ойлау және практикалық) қайталауға бағытталған үй тапсырмасын тексеру. Алдыңғы сабақта, келер қайталауғак сәйкес үй тапсырмасын іріктеу;

  • қайталау жұмысының қорытындысын шығару, сабақта оқу әрекеттерінің нәтижесін тексеру;

  • үйге тапсырма.


Білімді тексеру сабағының құрылымы:

  • Сабақты ұйымдастыру. Бұл жерде тыныш, іскер жағдай туғызу керек. Мұғалім тексеру және бақылау жұмысымен баланың келесі тапсырманы түсіну дайындығын тексереді;

  • сабақ мақсатын қою. Мұғалім оқушыларға қандай мәліметтерді тексереді немесе бақылайтынын хабарлайды. Балалардан сәйкес ережелерді еске түсірулерін және жұмыста пайдануларын сұрайды. Оқушылар міндетті түрде өз жұмыстарын тексе,ріп отыруын ескертеді;

  • бақылау немесе тексеру жұмыстарының (мысал есеп, амалдарды орындау, диктант, шығарма немесе сұрақтарға жауап т.б.) мағынасын айту. Тапсырманың мөлшері немесе қиындық дәрежесі әр оқушының шамасына қарай және бағдарламаға сәйкес болуы керек;

  • сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың жақсы жұмыстарын таңдап алып, басқа жұмыстарында жіберген қателерді талдайды және қатемен жұмыс ұйымдастырады (оған келесі сабақ арналады);

  • білім және біліктерінде жиі кездесетін қателерін және кемшіліктерін анықтау, сонымен қатар білім, дағдыларын дамыту жолдарын іздестіру.

    Білім, білік және дағдыны қолдану сабағының құрылымы:

  • сабақты ұйымдастыру (жақсы психологиялық ахуал туғызу);

  • сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

  • біліктерін қалыптастыру үшін керекті жаңа білімді зерттеу;

  • алғашқы білімдерін қалыптастыру, бекіту және оларды стандартты (күнделікті) жағдайда қолдана білу;

  • өзгертілген жағдайда білім және біліктерін қолдануға жаттығу;

  • білім және біліктерін шығармашылықпен қолдану;

  • дағдыларын шыңдау жаттығулары;

  • үйге тапсырма;

  • оқушылар істеген жұмысты бағалаумен сабақты қорыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет