Жаңа білім беру сабағының құрылымы
бет 3/5 Дата 26.07.2023 өлшемі 27,94 Kb. #104835 түрі Сабақ
Байланысты:
Сабақтың түрлері мен типтері Жаңа білім беру сабағының құ рылымы :
оқушылардың ойлау белсе,нділігі жоғары жағдайда таным заңдылықтарын ескере отырып алғашқы мәліметтер енгізу;
оқушыларға нені есте сақтау керектігіне нұсқау беру ;
есте сақтауға және жадыда ұзақ сақтауға жағдай туғызу;
хабарлау немесе есте сақтау техникасының өзектілігін айқындау (жадыға керек мәліметтермен жұмыс, мағыналық топтастыру т.б.);
мұғалім жетекшілігімен тікелей қайталау , жартылай қорыту арқылы алғашқы бекіту;
алғашқы есте сақтау нәтижелерін бақылау;
қысқа, содан кейін ұзақ мерзім аралығында әртүрлі талаптарға негіздей отырып , соның ішінде саралау тапсырмаларын орындау арқылы, үнемі жүйелі қайталау;
жаңа білім алу үшін ішкі қайталау және бұрын қалыптасқан білім , білік, дағдыларын үнемі қолдану;
есте сақтау үшін тірек мәліметтерді білім бақылауына жиі қосу, білімді есте сақтау және қолданудың нәтижесін үнемі бағалау.
Білім, білік, дағдыны дамыту және бекіту сабағының құрылымы:
оқушыларға істейтін жұмыстың мақсатын хабарлау;
ұсынылған тапсырманы орындау үшін оқушыларға білім , білік, дағдыларын ескетүсіру;
оқушылардың әртүрлі тапсырмалар, есептер, жаттығулар орындауы;
орындалған жұмыстарды тексеру ;
жіберген қателерді талқылау және оны түзету;
үйге тапсырма (егер қажет болса).
Білік және дағдыны қалыптастыру сабағының құрылымы:
сабақ мақсатын қою;
тірек болатын қалыптасқан білік және дағдыларды қайталау;
тексеру жаттығуларын өткізу ;
жаңа біліктермен танысу, оларды қалыптастыру үлгілерін көрсету;
меңгеруге берілген жаттығулар ;
бекітуге берілген жаттығулар;
үлгі, алгоритм, нұсқау бойынша жаттықтыру жаттығулары;
ұқсас жағдайларға ауыстыру жаттығулары ;
шығармашылық өзгешелігі бар жаттығулар;
сабақты қорыту;
үйге тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: