Минералды қоректену - өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді топырақтан сіңіруі. Қоректік заттар өсімдіктің жер үсті мүшелеріне минералды тұздардың ерітіндісі ретінде жеткізіледі. Қоректік заттар тамырға өткен соң ұлпаларға таралады, онымен барлық тірі ағзалар қоректенеді. Өсімдіктердің жақсы өсіп, дамуы үшін топырақта азот, фосфор, калий болуы өте қажет. Топырақтан қоректенуде азоттың алатын орны ерекше.
Егер өсімдікте азот жетіспесе, өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтары дамымай қалады. Бидайдың түптенуі баяулап, төменгі жапырақтары сарғайып, қызарады да, ақырында қурап түседі.
Фосфор жасуша қабықшасын түзеді. Өсімдікке фосфор жетіспесе, жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді.Калий жеткіліксіз болса өсімдік өте аласа болып өседі. Жапырақтары мен сабақтары нашар дамып, тірек ұлпасы жетілмейді. Өсімдіктің сабақтары әлсіз болып, жатып қалады.
Калий тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттардың қорға жиналуы үшін керек. Өсімдіктер қоректену үшін өте қарапайым заттарды пайдаланады. Қорек заттары біртіндеп жылжып, басқа мүшелеріне өтеді. Топырақтан қоректену кезінде қатысатын ұлпаларға жабын, өткізгіш, қоректік, ал мүшелерге тамыр жатады.
Топырақта өсімдікке қажетті минералды тұздар ылғи бірқалыпты жеткілікті мөлшерде сақталмайды. Оның бірнеше себептері бар. Олар:
Топырақта өсімдікке қажетті минералды тұздар ылғи бірқалыпты жеткілікті мөлшерде сақталмайды. Оның бірнеше себептері бар. Олар:
Орманда өсетін ағаштарды жыл сайын кесіп, азайту өте зиян. Өйткені жылда ағаштардан сынып түсетін бұтақтар, жапырақтар, жемістердің қалдықтары, топырақты минералды тұздармен байытады;
Орып жинау кезінде өсімдіктердің сабақтары, дәндерімен топырақтан сіңіріп алған қоректік заттары бірге кетеді. Топыраққа керекті элементтердің мөлшері азайғандықтан өсімдіктерге тыңайтқыштар беріп, үстеп қоректендіреді.
Сабақтың қызметі мен түрлері
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек. Қызметі: