4. Өзек - сабақтың орталық бөлімі. Жас өркенде жасушалары тірі болғандықтан, органикалық заттар қорға жиналады. Өзек жасушалары өзек сәулелерін құрайды. Өзек сәулелерінің жасушалары сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. Қоректік заттар өзек сәулелері арқылы сабақтың басқа қабаттарына жеткізіледі. Өзек сәулелері де камбийден түзіледі.
Сабақтың бойлап және жуандап өсуі
Сабақтың бойлап өсуі ең ұшынан басталады. Сабақ пен бұтақтары ұшынан ұзарып өседі. Өсімдіктің ұзарып өсуі - төбе бүршігіне, жан- жағына жайылып, өсуі жанама бүршіктеріне байланысты. Өсу - тіршіліктің белгісі. Егер сабақтың ұшын кесіп тастаса (өсу нүктесі алынса), үзарып өсуі тоқталады. Қолтық бүршіктерден бүтақтар (жанама өркендер) дамиды. Үлкен қалаларда, демалыс орындарындағы ағаштар мен бүта- лардың үштарын шырпып белгілі пішінге келтіреді. Жеміс ағаштарын гүлдейтін өркендері көбірек дамып, мол өнім беру үшін көктемде шырпиды. Бөлме өсімдіктерін шырпу арқылы гүлдейтін өркендерінкөбейтуге болады.
Сабақтың жуандап өсуі.
Камбий түзуші үлпаға жатады. Камбийдің бір маусым ішінде бөлінген жас жасушалары қабық пен сүрекке қарай ығысады. Сүрек бөліміне ығысқан жасушалар тобы көбірек болғандықтан сүрек қабаты қалыңдау болады. Бұл құбылыс жыл сайын қай- таланатындықтан сабақ жуандай береді.Ағаштағы бүршіктер мен жапырақтар зақымданбаса, камбий жасушалары да тез бөлінеді. Камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе жыл сайын сүрек қабаты пайда болады. Оны жылдық шеңбер немесе жылдық қабат деп атайды.
Ағаш діңінің көлденең кесіндісіндегі жылдық шеңберден тіршілік жағдайының қолайлы немесе қолайсыз болғандығын аңғаруға болады:
Ағаш діңінің көлденең кесіндісіндегі жылдық шеңберден тіршілік жағдайының қолайлы немесе қолайсыз болғандығын аңғаруға болады:
жылына бір шеңбер түзілетіндіктен, жылдық шеңберге қарап, өсімдіктің жасын анықтайды;
2) жылдық шеңбердің өсу қарқыны мен еніне жауын-шашын мөлшері, температура, жарық қатты әсер етеді. Егер жылдық шеңбердің ені жуан болса ауа райы қолайлы, жіңішке болса қолайсыз болғандығын көрсетеді;
3) кейде бір жылда түзілген жылдық шеңбердің жартысы жуан, жартысы жіңішке болады. Жылдық шеңберінің ені жарық мол түскен жағында жуан, аз түскен жағында жіңішке;
4) жылдық шеңберге қарап, оңтүстік пен солтүстікті анықтайды. Оңтүстікке қараған жағының шеңбері - жуан, солтүстік жағы жіңішке болып келеді.Ағаштарда сабақ қалыптаса бастағанда-ақ тұтасқан камбийлі шеңбер түзіледі. Ағаш діңінің жуандауы камбий жасушаларының бөлінуіне байланысты.
Пайдаланған әдебиеттер
Биология. Жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған. ISBN 978-601-282-245-8
Биология талапкерге арналған оқулық тест (ШЫҢ кітап) 2009-2010 жыл
Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.
Өсімдіктер систематикасы. Авторы: О.Абдрахманұлы. Астана-2012. foliant баспасы
М.К. Естұрсынова. Ш.С. Набидоллина. Жаратылыстану негіздері және дүниетануды оқыту әдістемесі