Сабақтың түрлері. Сабақтың құрылысы, өсуі, қызметі Өсімдіктердің өсімді мүшелері



бет1/8
Дата06.03.2023
өлшемі0,79 Mb.
#72206
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
вегетативті мүшелер

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Тарих және педагогика факультеті Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау Пәні: Жаратылыстану негіздері 1301-20 тобы

Орындаған: Әнуарбек Ақмарал Қабылдаған: магистр оқытушы Исалиева Н.С.

2022 жыл

Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелері

Жоспар:

  • Тамыр және тамыр жүйесі
  • Тамыр бөлімдері
  • Тамырдың өсуі мен қоректенуі
  • Сабақтың түрлері.
  • Сабақтың құрылысы, өсуі, қызметі

Өсімдіктердің өсімді мүшелері

  • Мүше - өзіндік кұрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі. Жоғары сатыдағы өсімдіктер тіршілікке қажетті, әр түрлі қызмет атқаратын мүшелерден тұрады. Өсімдіктің мүшелері өсімді (вегетативті) және көбею (генеративті) болып 2-ге бөлінеді. Өсімді мүшелеріне - тамыр, сабақ, жапырақ жатады.
  • Қоршаған орта жағдайларының әсеріне байланысты ұзақ жылдар бойы өсімдіктер біртіндеп жеке-жеке мүшелерге жіктелді. Өсімді мүшелер тек гүлді өсімдіктерде жақсы дамыған. Өсімді мүшелер екі түрлі жүйе құрайды: өркендер жүйесі (сабақ, жапырақ), тамырлар жүйесі (тамыр). Олар өсімдікке өсу, қоректену, көлемін ұлғайту және тіршілігін сақтап қалу үшін қажет.

Тамыр және тамыр жүйесі

Тамыр - өсімдіктің жер асты мүшесі. Қызметі:

  • тамыр - топырақтан сіңірілген суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді;
  • өсімдікті топыраққа берік орнықтырады;
  • қоректік заттарды қорға жинайды (сәбіз, қызылша, шалқан, шомыр және т. б.);
  • көбеюге қатысады.

Тамырлар шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы деп бөлінеді. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды. Ол төмен қарай бағытталып, топыраққа тереңдей береді. Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар таралады. Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады. Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады. Өсімдіктің топыраққа берік орнығып, қоректенуін күшейтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет