Сабақтың ұзақтығы: 40 минут Ортақ тақырып «Дәстүр және ауыз әдебиеті»


(ТҚ) Белсенді оқыту әдісінің «Зерделеу және зерттеу» тәсілі



бет6/8
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16163
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Абдикаримова А.М. магнит

(ТҚ) Белсенді оқыту әдісінің «Зерделеу және зерттеу» тәсілі.

Мақсаты: Тәжірибе арқылы магниттің қандай заттарды тартатынын, қандай заттарды тартпайтынын анықтау. Магниттілік қасиетті бар заттардың ғана магнитке тартылатыны туралы қорытынды жасау. Оны өмірде пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.

Бір топ магниттің көмегімен құмда жоғалған затты табу тапсырмасын орындайды.

Келесі топ су құйылған құмырадағы заттарды қолын суға малмай, құмыраны төңкермей магниттің көмегімен алуға бола ма, соны зерттейді.

Үшінші топ магнит өз қасиеттерін қатты қағаз бен ағаштың арғы жағынан сақтай ала ма, соны тексереді.

Төртінші топ магниттің қасиетін шынының сыртынан тексереді.

Тапсырма орындалмас бұрын қауіпсіздік ережелері ескертіледі.

1-топ. Зерттеу жүргізу үшін табақшаға құмды сеуіп, оның арасына бірнеше темір шегелер мен бұрандаларды, пластмасса мен резеңкенің бөлшегін жасырып қою. Оқушылар табақшаның бетімен магнитті жүргізіп, магниттік қасиеттерге ие заттарды тауып, шығарып алуы керек.
2-топ. Банкаға су құйып, оған кішкене бұрандалар
мен сомындарды (гайка), резеңке бөлшегін салу. "Банкадағы суды төкпей, ішіндегі заттарды қалай алуға болады?" Оқушылар түрлі әдіс-тәсілдерді іздеп, ең дұрысын табуы керек: магнитті банканың қабырғасына жақындатып, жүргізу керек.
3-топ. Қатты қағаз бетіне ұсақ темір заттарды шашу
керек, мысалы, қыстырғыштарды. Қағаздың астынан магнитті қозғалту арқылы қағаз үстімен ұсақ заттардың жылжитынын көре алады. Оқушылар осы тәжірибені қатты қағаз орнына ағаш тақтайшаны, мысалы, парта бетін қолдану арқылы жасап көре алады. Тәжірибе барысында олар: “Магниттің тартылысы ағаш тақтай­ шаның арғы жағына өте ала ма?” деген сұраққа жауап береді.

4-топ.Тәжірибе жасау үшін бұл топқа шеті өңделген ескі көзәйнек пен қағаз қыстырғыштар қажет. Көзәйнектің бір жағына қағаз қыстырғыштарды шашып қойып, шынының астымен магнитті жылжыту арқылы оқушылар қағаз қыстырғыштар қозғала ма, жоқ па тексереді. Тәжірибе барысында оқушылар: “Магниттің тартылысы шыныдан өте ала ма?” деген сұраққа жауап береді.
Содан кейін әр топтағы оқушылар зерттеу үдерісінің орындалуы туралы айтып береді.

Оқушылар “магниттің күші қағаздан, пластиктен, шыныдан, ағаштан, судан және басқа да көптеген

материалдардан өтеді” деген қорытынды жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет