Дәптермен жұмыс
(ӨҚ) Саралау әдісінің "Тапсырма" тәсілі
Мақсаты: оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін анықтау,зерттеу барысында алған білімін бағалау.
«Сиқырлы магнит»
Магнитке тартылған заттардың біреуінің суретін сал
Интерактивті тақта
Тәтті конфеттер, қорап
Суреттер
https://www. youtube.com/watch?v=P1Tbebrf39Q
оқулық
Табақша, құм, ұсақ шегелер, бұрандалар, пластмасса мен резеңке бөлшектері, магниттер, банка, су, сомындар, қатты қағаз, темір қыстырғыш(скрепка),ескі көзәйнек.
Әуен
Жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы
3 минут
|
Кері байланыс.
|
Үлестірме
|
Саралау
|
Бағалау
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
«Жіктеу» тәсілін пайдаланып «Қораптағы тәттілер» арқылы сынып оқушыларын аралас гендерлік топтарға бөліп аламын.
«Тапсырма тәсілін: өткен сабақты пысықтау мақсатында "Есіңе түсір" тапсырмасын; оқулықпен жұмыс кезінде мағынаны кеңірек тану мақсатында "Ойлан, жұптас, бөліс" тапсырмасын; дәптермен жұмыс жасағанда сабақтан алған білімдерінің деңгейін анықтау мақсатында "Сиқырлы магнит" тапсырмасын аламын.
«Дереккөздер» тәсілін жаңа тақырыпты меңгерту аясында жекелеген оқушыларға алдын ала тапсырмалар берілу арқылы энциклопедия, ғаламтор беттерінен қосымша ақпараттар іздеу және оны сабақ кезінде ортаға салу, талдау арқылы жүзеге асырамын. Қабілетті оқушылар сыныптастарымен тың мағлұматтармен және қызықты ақпараттармен бөліседі.
|
Смайликтерді көтеру арқылы жеке жауап берген оқушыларды бағалау
"Бас бармақ" тәсілі арқылы дереккөздерден мәлімет алып келген оқушыларды бағалайды.
Бағдаршам түстері арқылы топтар бірін бірі бағалайды.
"Ойды аяқта!" кері байланыс тапсырмасы арқылы оқушылардың нені меңгеріп, нені меңгеруде қиындық туындағанын бағалаймын.
|
Сергіту сәті қол саусақтарына, омыртқаларға арналып жасалады.
Ұсақ шегелер, бұрандалар, гайкалар, құм қиыршықтары, пластмасса мен резеңке бөлшектері, темір қыстырғыштарды (скрепкаларды) , әйнек банканы қолдану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері ескертілді:
1. Жоғарыда аталған ұсақ заттарды ауызға салмау, көзге жақын апармау;
2. Әйнек банканы ептеп ұстау, сындырып алмауға тырысу. сынған жағдайда әйнек бөліктерін жалаң қолмен ұстамау;
3. Тәжірибе аяқталысымен реттеп арнайы қорапқа салып, мұғалімге тапсыру.
|