Өркениетті ел болудағы діннің кейбір маңыздылықтары
Қазіргі уақытта елімізде баянды бейбітшілік пен тұрақтылық өзара
құрмет пен өзара түсінушілік орныққан. Қазақ елі әлемге дін аралық, ұлт
аралық келісім және діни төзімділігі мен теңдігімен белгілі болып отыр.
Бүгінде дін үлкен күш болып отыр.
Дін - әрбір халықтың рухани – мәдени дамуының қайнар көздерінің
бірі. Елімізде 40 – аса конфессияға қатысты 3000 – аса діни бірлестіктер мен
ұйымдар жұмыс істейді. Қазақстанда негізгі діндер ретінде сунниттік
бағыттағы ислам мен христиандықтың православиялық бағыты болып
табылады. Сонымен бірге, ислам мен православие ел халқының басым
көпшілігінің рухани – тарихи дәстүріне ықпал - әсерін тигізетін діни
қатынастарға да өзгерістер алып келді. Діннің қоғам өмірінде алатын орны
мен рөлі ерекше.
Діни ұйымдар мен діни бірлестіктер, белгілі діни қайраткерлер қоғам
өміріне қатысып жас ұрпақты имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеуге
үлес қосуда.
Діни бірлестіктер мен діни қайраткерлері дін аралық және ұлт аралық
татулық пен азаматтық келісінің нығаюына, діни төзімділік пен елдің бірлігі
үшін қызмет атқаруы тиіс.
Экстремизм мен ланкестіктің барлық көріністеріне тосқауыл қойылуы
қажет. Дін және саясаттың ара қатысына аса байыпты да байсалды ыңғай
болғаны жөн. Елдің рухани бірлігі мен рухани қауіпсіздігі мемлекетімізің
тұрақты дамуының тұғырының бірі. Дінді зайырлы, ғылыми тұрғыдан
дамытуға көңіл бөліп, елеміздің болашағы жастардың сана – сезімі мен
дүниетанымдық ұстанымдарына білім - ғылымға негізделген ислами және
имандылық, құндылықтарын және ұлттық және жалпы адамзаттық
мұраттарды сіңіру қажет.
Елімізде өткізілген әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші съезі
жаһандану заманындағы өркениеттер арасындағы үн қатысу мен өзара –
сенімді қалыптастыру мен дамытуға қосылған елеулі улес болды.
Еліміздің индустриалды және инновациялық қарқынды дамуы үшін
және қоғам өміріндегі азаматтық келісім мен саяси, рухани тұрақтылықты
сақтап және дамыту үшін діндер аралық түсіністік пен құрмет аса маңызды.
Ислам өркениеті аясында шығармашылығымен танымал болған ұлы даланың
дана ойшылдарының мұралары ислам ой-сана мен руханияты дамытуға
қосылған зор үлес.
Ислам елдерімен діни- рухани байланыстарды ел мүддесіне орай
дамыту қажет.
Ислам діні- ынтымақ, достық, мейрімділік, бейбітшілік, ізгілік,
бауырмалдық, бірлік, рухани тазалық, әділеттілік, адам бостандығы секілді
құндылықтарды ту етіп көтереді.
Еліміздегі діндер мен қайраткерлері елдің бірлігі мен болашағы және
өркендеуі үшін бірлесе қызмет жасауы қазақ қоғамының мақсат – мүддесіне
сай келеді.
Дін – халықтың рухани өрлеуі мен ынтымағы жолына қызмет етуі
керек.
Дін – бірінші Басшының барша үшін алдын – ала белгілеген шарттарына
бағынатын көзқарастар мен іс-қарекеетер. Діннің көмегімен барша маңдайға
жазулы мақсаттарына жетеді. Барша дегеніміз- тайпа, қала ,өлке, бәлкім, бір
тұтас халық не бірнеше ұлт шығар.
Егер бірінші әмірші рақымды болып, ізгілікпен басқарса, ойлаған
мұратына жетеді, оның қарамағындағылардың қай - қайсысы да шынайы
шаттық сыйлайтын несібелі бақытқа кенеледі. Тек сонда ғана дін “ ізгілікті
дін” аталады.
Дүние жүзіндегі белгілі дінтанушылар, философтар, социологтар,
психологтар, антропологтар, тарихшылар, сонымен қатар, заңгерлер,
саясаткерлер мен экономика мамандары дінді қоғамды, мемлекетті
қалыптастыратын аса маңзды институт ретінде қабылдайды.
Қазақстан халқының басын біріктіретін саяси тұғырнамалар жүзеге
асырылу керек. Ал оның маңызды бөлігінің бірі дін екені ақиқат. Қазір
Қазақтанда дінге бетбұрыштылық екпінді түрде күшейіп келе жатыр.
Халқымыз өзінің рухани бастауларына қайтадан бет бұра бастады. Сонымен
қатар, сырт мемлекеттердің дін таратушы миссионер ұйымдарының өкілдері
де Қазақстанға ағылып келе бастады, сөйтіп еліміз қазіргі кезде діни
экспансия алаңына айналды. Бірсыпыра азаматтар дәстүрлі дініміз – Ислам
дінін тастап, басқа сенімдерді қабылдады. Осының бәрі айналып келгенде,
ұзақ мерзімде Қазақстанның мемлекет ретінде дамуына қауіп тигізуі мүмкін.
Ал енді зайырлық ұғымына клер болсақ, оны мен былайша түсінемін.
Зайырлықтың отаны саналатын Францияны алайық. Француз төңкерісінен
кейін қалыптасқан секуларизм ұғымының мағынасына қарасақ, зайырлылық
бермеу деген сөз. Христиандарда, әсірісе Франция тәрізді катоик
нанымындағы мемелекетте, католицизмде ерекше бір діни тап өкілдері бар.
Олар үйленбейді, қоғаммен араласпайды, қоғамнан тыс аскеттік өмір сүреді.
Олар үшін өмір сүру мәнісі жапа шегу, рухани дүниеге дін қою. Жай
азаматтардан олардың мәртебесі бөлек болып есептелінеді. Өздерін тікелей
тәңірдің өкілдері ретінде санайтындықтан, олардың нанымдары бойынша
адамның күнәсін кешіруге құқықтары бар.
Жиһандану – бұл ХХІ ғасырдың феномені. Оған қарсы тұра алатын
күш бұл күнде болмай тұр. Ұғым ретінде, жиһандану негізі ұрыс нәрсе.Қалай
болғанда да, тауарлардың, қызметтердің еркін алмасуы кімге болса да керек
дүние. Жиһандану сондай-ақ ізгіліктің, ізгі құндылықтардың, әділеттіліктің,
кедей және дамып келе жатқан мемлекеттердің құққтарын әділетті негізде
сақталуын қамтамасыз етілуін көздесе құба-құп болар еді. Өкінішке орай,
қазір ұятсыздық, арсыздық, бульвар мәдениеті, жалаңаштық сипаттағы
құнсыздықтар дүниежүзіне таралып жатыр. Оның таралуына жиһандану
қатты септігін тигізіп жатыр. Біз қазірше дүниежүзіндегі саясатта,
экономикалық қатынастарда мол ықпалы бар мемлекет емеспіз. Әзірге солай,
мүмкін ертең басқаша болар. Геосаяси, геоэкономикалық орналасуымыз
салдарынан үлкен мемлекеттердің ортасында тұрған мемлекетпіз.
Сондықтан, жалғыз Қазақстан жиһандануға қарсы тұра алмайды.
Жиһандануға қарсы тұра алатын бір ғана күш бар, ол – жеке адамдардың
сана сезімін ояту. Әрбір саналы адам жиһандану арқылы келген
құндылықтардың ішінен нені алу кеек, нені алмау керек, өзі шешуі қажет.
Егер әркім осы қабілетке ие болса, онда жиһандану адамата үлкен зиян тигізе
алмайды.
Ислам діні біздің ұлт болып ұйысуымыздағы ең маңызды фактор және
діни бірліктің сақталуы тікелей мемлекетіміз бен ұлтымыздың боашағын
белгілейтін көкейтесті жайт.
Адамдардың діни сенімдеріне қатысты Қазақстан Республикасы
Конститутциясының 22-бабында былай делінген; Әркімнің ар-ождан
бостандығына құқығы бар. Адамның қандай діни сезімге енуі, оның жеке
басының ісі. Бұл жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазқстан-2030
деген Қазақстан халқына жолдауында: “Әртүрлі этникалық және діни
топтардың біреуіне мүмкіндік беріп, екіншісіне екіндік бермеген елдің
болашағы жоқ”,- деген болатын.
Дін
адам
жан-дүниесінің
талап-талпыныстары
мен
арман-
мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын
танытатын категория ретінде де қарастырылады.
Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысында
қол
жеткізетін
бірлестігінің
тұрақтылығын
қамтамасыз
ететін
методологиялық механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім түр.Рәсім деп
жеке тұлғаның әлеуметтік іс-әрекетін қатал қадағалаушы ережелер
жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам арасындағы қарым -
қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.
Қазақстан қоғам алдындағы жауапкершілігімізді сезіне, Қазақстандағы
ұлттар мен ұлыстар, діндер аралық келісімнің баға жетпес құндылықтарын
басшылыққа ала, Республика Президентінің елімізде ынтымақ пен бірлікті
нығайтуда, бейбітшілік пен татулықты сақтауға шақырған барлық
мұраттарына қолдау көрсете отырып, халқымыздың рухани қажеттілігін
қанағаттандыруға, Ислам дінінің асыл құндылықтарын өркениетті
жолдармен насихаттауға қызмет етіп, дініміздің бірлігін сақтауға күш-
жігерімізді жұмылдыратынымызды елімізде діни құндылықтардың
азаматтық ұстанымдары мен үйлесе өркендеуіне үлес қосу мен бірге
Отанымыздың одан әрі өркендеп, гүлденуі жолында білімімізді,
тәжірбиемізді, күш-қуатмызды жұмсау қажет. Ислам діні ғасырлар бойы
еліміздің өркендеуіне бірлігі мен ынтымағына қызмет етіп келеді. Оның
бұлжымас берік қағидалары, асыл құндылықтары халқымыздың әдеп- ғұрып,
салт-сана, озық дәстүрлерімен біте қайнасып кеткен.Еліміздің тарихы
Исламның тек бірлікке, достық пен ынтымастыққа қызмет ететін бейбіт те,
мейрімді дін екендігіне көз жеткізді. Қазақстан тәуелсіздігі Республика
мұсылмандарының рухани қажеттілігін қанағаттандыруға толық жағдай
жасап отыр. Мемлекет басшылары да бұған барынша қолдау көрсетуде.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың имандылық мемлекеттің тірегі екендігін
үлкен пайым парасатпен қарап, көрсетіп отырған қамқорлығы арқасында
елімізде Ислам діні күннен-күнге өркен жайып келеді. Мешіттер саны мен
жоғары білімді имандардың көбеюі діни басылымдармен діни әдебиеттерге
жол ашуы осының айғағы. Елімізде мұсылмандардың қажылық парыздарын
өтеуіне де толық мүмкіндік жасалуда. Үстіміздегі жылдың сәуір айында
мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Діни басқармамен оның облыстардағы
өкіл-имамдарын қабылдап, пікірін тыңдап, дін қайраткерлерін ел
тыныштығы, Отан амандығы халықтарымыздың өзара татулығын сақтап
дамыту сияқты ұлы мұраттарға жұмылдыруы Қазақстан мұсылмандарына
деген үлкен сенім және жауапкершілік деп білеміз.
Өркениетті ел болудағы діннің атқарар қызметі орасан зор екендігін
естен шығармаумыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |