Садырова М. С


Қазіргі Батыс социологиясындағы әлеуметтік стратификация



Pdf көрінісі
бет42/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

 Қазіргі Батыс социологиясындағы әлеуметтік стратификация 
теориясы 
Қазіргі кезеңдегі Батыс социологтарының көпшілігі М. Вебердің, не 
болмаса П. Сорокиннің социологиялық мектептерінің өкілдері.
“Әлеуметтік стратификация” ұғымының теориялық-әдістемелік негізін жасауға 
елеулі үлес қосқан М.Вебердің, К.Маркстің, П.Сорокиннің, У.Л.Уорнердің, 
Д.Дж.Трейманның, Б.Барбердің еңбектері, Т.Парсонстың функционалдық 
мектебіне жататын әлеуметтанушы ғалымдардың жұмыстары болып табылады 


Әлеуметтік теңсіздік проблемасын қақтығыстар теориясының өкілдері де 
назардан тыс қалдырмаған. Әлеуметтік теңсіздік жөніндегі көптеген идеялар 
маркстік стратификация мен таптар теориясынан алынған, онда таптық 
құрылымның, таптар арасындағы қатынастың, тарихтың қозғаушы күші 
ретіндегі таптық күрестің жан-жақты тұжырымдамасы баяндалған. 
Сондықтан да, бұлардың теориялық, методологиялық принциптері осы
ірі социологтардың шеңберінен асып кете алмайды. Дегенмен де, қазіргі
Батыс социологиясында, оның ішінде американдық социологияда, біраз
жаңалықтардың бар екендігі рас. Ол жаңалықтардың көпшілігі әлеуметтік
стратификация деп аталатын теорияның және оның негізгі
критерилеріне, көрсеткіштеріне т. б. мәселелеріне байланысты.
Стратардың белгілері, критерилері мәселесінде социологтардың арасында
біраз дискуссиялар, пікір-таластар туып отыр. Кейбір социологтар
стратаны бір-ақ қана белгі арқылы айыруға болады деп есептейді.
Мысалы қазіргі неміс социологы Р. Дарендорфтың пікірі бойынша
страталардың негізгі көрсеткіші бедел, билік. Ал көпшілік социологтардың
пікірінше страталар көптеген белгілер арқылы ерекшелене алады.
Мысалы, билік, кіріс, табыс, мамандық, білім, мәдениет, мекен, жайы,
корпоративтік мақсаты, т. б. Осы көрсеткіштер, критерилер қосыла
отырып стратаның әлеуметтік, саяси, ішкі, сыртқы пішінін бейнелейді. 
Әлеуметтік стратификация теориясында қазіргі кезеңде өзекті
мәселелердің бірі әлеуметтік мобильділік мәселесі. Осы мәселеге
байланысты социологтар, әсіресе Батыстың дамыған елдерінде, үлкен 
көлемді социологиялық зерттеулер жөргізуде. Осы зерттеулердің 
қорытындылары бойынша сол елдің қаншалықты ашық не жабық ел екендігі 
белгіленеді. Жоғарыда айтылғандай Батыс социологиясындағы ең маңызды 
мәселенің бірі тап мәселесі. Бірақ та бұл мәселе марксистік тұрғыда емес 
басқа мағынада беріледі. Әсіресе, орта тап қоғамын құру, кедей таптың 
санын азайту, кедейшілікті бірте-бірте жеңу, т. б. мәселелері өте өзекті болып 
отырғаны сөзсіз. Қазіргі әлеуметтік стратификация деп аталатын
әлеуметтік құрылымды зерттейтін теорияның өзекті мәселелері аз емес.
Батыс елдеріндегі әлеуметтік стратификация теориясымен айналысатын 
социологтардың тізімі өте үлкен. Біз тек олардың кейбіреулерін атап кете 
аламыз. Олар: Т. Парсонс, Б. Барбер, Э. Райт, У. Уорнер, М. Липсет, К. 
Дэвис, У. Мур, Д. Трейман, Э. Гидденс, А. Бурдье, Р. Дарендорф, Р. Ротмэн, 
А. Инкельс, т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет