негізгі тезистерді басшылыққа алған. Алайда,
бірінші кезеңдегі зерттеу
нәтижелері оның болжамдарын теріске шығарды. Ол шамамен бірдей табыс
табатын бір кәсіптің өкілдері “әлеуметтік беделінің” сипаттамасы бойынша
әр түрлі деңгейде болатынын аңғарған. Беделдің адамның қоғамдағы
экономикалық өлшемдерге негізделген жағдайымен қандай да бір байланысы
болғанымен, әлеуметтік бедел сонда да болса бәрінен де күшті адамның
өндіріс пен игілік бөлінісіндегі орнымен емес, оның осы игілікті тұтыну
құрылымымен, яғни өмір салтымен, мінез-құлқымен және, түптеп келгенде,
оның ұстанымдарымен байланысты. “Өмір салтының негізінде жатқан
мұндай тұрақты, қайталанатын мінез-құлықтың негізінде осы әлеуметтік
жиынтықтың мәдениетінде немесе кіші мәдениетінде бекітілген үлгілер
болатыны айқын”. Осылайша эмпирикалық
материалдың көмегімен
У.Л.Уорнер іс жүзінде Макс Вебердің “мәртебелік топ” деп сипаттаған
стратасын ашты. Сол кезден бастап ғылыми терминологияда адамның
қоғамдағы көзқарасымен өлшенетін орнын анықтайтын “әлеуметтік
мәртебе” ұғымы берік қалыптасты, оның өлшемін өз кезегінде “әлеуметтік
рөл” деп санау қалыптасты.
У.Л.Уорнер “тап” ұғымының анықтамасын береді: “Тап дегенді
әлеуметтік жағынан неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен жағдайда
болады деп ұйғарылатын және сол қоғамның мүшелері оларды тура осылай
дәрежелейтін адамдардың екі немесе одан да көп жіктері деп түсінген жөн.
Осы таптың мүшелері жұбайларын өз табының ішінен таңдауға тырысады,
бірақ та қоғамның құндылықтары жоғары не төмен орналасқан топтан жұбай
таңдауға жол береді. Сонымен таптық жүйе балалардың ата-аналары жеткен
мәртебеге ие болатынына кепілдік береді. Таптық қоғам құқықтар мен
артықшылықтарды, сондай-ақ борыштар мен
міндеттерді неғұрлым жоғары
және неғұрлым төмен жағдайларға қатысты бірқалыпты бөлмейді. Таптық
жүйенің касталықтан айырмашылығы - ол әлеуметтік саты бойынша жоғары
және төмен қозғалыстарды құндылық деп қарастырады.
У.Л. Уорнер өзінің әлеуметтік стратификация теориясының жалпы
тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, адамдардың қандай да бір
таптық тектерін олардың мәртебелеріне қоғамның басқа мүшелері беретін
бағаларын, яғни олардың беделін басшылыққа ала отырып анықтаған.
Американдық социолог У. Уорнер осы елде 7 таптық жүйе бар
екендігін айтады. Бірақ та білгілі бір тапқа жату адамның статусына
байланысты деп төсіндіреді. Әрине әрбір таптың өзіндік кіріс-табысы,
мамандығы, білімі, мәдениеті, т. б. белгілері бар.
Осы көрсетілген таптарға
кімдер, қандай мамандық топтары кіреді? Осы сұрақтарға У. Уорнер
жауап береді. Бірінші тап – ол ең жоғарғы тап. Олар, мысалы, ірі
корпорациялардың иелері, ірі байлар, ірі мемлекет қызметкерлері, жоғары
әскери шені бар адамдар, архиепископ, ірі ғалымдар, т. б. Екінші тап –
жоғарғы тап. Оған жататындар:
орта деңгейдегі фирма иелері, газет
шығарушылар, мемлекет қызметкерлері, жеке практикасы бар дәрігерлер,
заңгерлер, колледждің оқытушылары, т. б. үшінші тап - жоғарғы орта тап.
Мысалы, банк қызметкерлері /қатардағы/, колледждің оқытушысы, орта
буын дәрежедегі менеджерлер, орта мектептің оқытушысы. Төртінші тап
– орта таптың орта буыны. Олар: қатардағы
банк қызметкері, тіс ауруының
дәрігері, бастауыш мектептің оқытушысы, өндірістегі цехтың бастығы.
Компанияның қатардағы қызметкері, т. б. Бесінші тап – орта таптың төменгі
буыны. Олар: автомеханик, парикмахер, бармен, мамандығы бар жұмысшы,
полиция қызметкері /қатардағы/, ірі жөк тасушы машинаның жөргізушісі,
сауда қызметкері, т. б. Алтыншы тап – төменгі таптың жоғарғысы. Бұларға
жататындар көбінесе орта мамандығы бар жұмысшылар, машина
жөргізушілер, официант, швейцар, т б. қызмет атқаратын адамдар.
Жетінші тап – төменгі таптың төмені.
Бұған кірітіндер жұмысы бар,
бірақта жалақылары, американдық өлшеммен алғанда, төмен адамдар.
Олар, мысалы, ыдыс-аяқ жуушылар, өй қызметіндегі жалшылар, көше
сыпыратындар, қоқыс жинайтындар, т. б. осындай қара жұмыс істейтін
адамдар. У. Уорнер бұл жерде Американың әлеуметтік құрылымын
толық беріп отырған жоқ. Бірақ та, осы елде осындай таптар бар
екендігі, олардың шамамен алғанда осы айтылған топтардан,
мамандықтардан тұратындығының дәлелі бар сияқты. Кейбір социологтер
осы Америкада 5 таптық жөйе бар деп көрсетеді. Осы көзқарастың авторы А.
Россидес. Ал Д. Ротмэн өзінің «Неравенства и стратификация в
Соединенных Штатах» деген еңбегінде бұл елде 8 таптың бар екендігін
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: