деңгейі осы елдердің өмір сүру жағдайларына қатысты өлшенеді. Бұл
кедейліктің салыстырмалы түрі.
Салыстырмалы кедейлік
– нақты қоғамдағы не
елдегі қабылданған өмір
сүру стандартын не қалыпты өмір сүру деңгейін сақтап тұрудың мүмкін
болмауы. Американдық кедейлер солардың өмір сүру нормаларына қатысты
алғанда шынымен де кедей тапқа жатады. Ал, дамушы не дамуы төмен
елдерде американдық қоғамның кедейлер деп аталатын бұл топтары кедей
болмай шығады. Бірақ, американдық болсын, африкандық болсын
әрқайсысы өзінше кедей. Қай елде де тұрғындардың
көпшіліші қолдайтын
кедейлік туралы құндылықтардың, көзқарастардың, баға берулердің
жиынтығы бар. Мысалы, кедейліктің табалдырығы АҚШ-та жылына 100000
долларды құраса, Бангладеште жылдық орташа табыс 120
доллардан,
Бутанда 100 доллардан, Гаитиде 330 доллардан, Малиде 130 доллардан
аспайды. Қырғызстандағы, Тәжікстандағы,
Өзбекстандағы жылдық орташа
табыс деңгейі осы көрсеткіштерге жақын.
Қамтамасыз етілмеу
ретінде элементарлық физиологиялық және
әлеуметтік қажеттердің қанағаттандырылуы, бірақ, жоғары деңгейдегі
қажеттіліктердің орындалмауы жағдайындағы өмір сүру деңгейін есептейді.
Адамдар тамаққа деген қажеттіліктерін салыстырмалы түрде
толық
қанағаттандырады. Дегенмен, олардың тамақ рационын толық дәрігерлік
нормаларға сай келеді деп айта алмаймыз. Олар өз деңгейінде болмаса да,
демалуға да, киінуге де, емделуге де көңіл бөле алады. Бірақ, бұл
қажеттіліктің бәрі өте төмен деңгейде өтеледі.
Кедейліктің төменгі түрі
Достарыңызбен бөлісу: