кіргізе береді. Э. Гидденс тап деген категорияға анықтама береді және
оның түсінігі бойынша, белгілі бір тапқа кіру ол адамның өзінің ісіне,
жігеріне т. б. субъективтік қасиеттеріне байланысты екендігін айтады.
Ал кастаға, сословиеге жату ол адамға байланысты болмаған, адам сол
кастада не сол сословиеде туғандықтан сол топқа жатады. Оның
басқада зерттеулері аз емес. Мысалы, әлеуметтік мобильділік мәселесі
жөнінде. Әлеуметтік мобильділік жоғары қарай және төмен қарай өтіп
отырады. Тік сызық бойынша төменнен жоғары қарай көтерілу барда
және жоғарыдан төмен қарай құлау бар.
Осы формалардың ішінде
әсіресе жоғарыдан төмен қарай жылжуды Э. Гидденс терең зерттеген
болатын. Қандай себептерге байланысты, адамдар, топтар жоғарыдан
төмен қарай құлайды, құлдырайды. Британия қоғамындағы осы
кезеңдерде өтіп жатқан процестер Э. Гидденстің зерттеулерінде
социология ғылымына ірі үлестер, жаңалықтар енгізді. Э. Гидденс бұл
мәселелер бойынша көзқарастарымен оның «Социология» деген оқулығы
арқылы танысуға болады.
К. Дэвис және У. Мурдың стратификация туралы көзқарастары
Американдық социологтар К. Дэвис және У. Мур өздерінің «Некоторые
принципы социальной стратификации» деген кітабында әлеуметтік
стратификация теориясының негізгі мазмұнын жариялайды.
Функционалдық көзқарастың негізгі тезисі - “стратификацияның
кез келген
қоғамдағы функциясы (ал стратификация кез келген қоғамда болады)
қоғамдағы қоғам үшін неғұрлым өмірлік маңызы бар жағдайды неғұрлым
қабілетті және білікті адамдармен қамтамасыз ету болып табылады”.
Стратификациялық процесс олардың төсінігінде іріктеу процесі
арқылы қоғамдағы талантты, іскер, алғыр адамдар тобының басқаруына
мөмкіндік тудыру. К. Дэвис және У. Мурдың түсіндіруінде стратификация
дегеніміз материалдық байлықты, билікті, әлеуметтік позицияны тең төрде
пайдалануға мөмкіндіктің жоқ екендігі. Осы құндылықтырады пайдалану
адамның, не болмаса топтардың әлеуметтік бағытына, ісіне байланысты.
Әлеуметтік бағыт өзіндік қасиетіне
және қоғамның мазмұнына
байланысты. Бірақта, адамдардың, топтардың әлеуметтік бағытының
қоғам өшін қаншама тиімді, тиімсіз екндігін айыру өте қиын іс болып
табылады. Әр қоғам белгілі әлеуметтік істі не құнды, не құнды емес деп
табады. Ол қоғамның өзіне байланысты. Бірақ та, істері, қызметі,
функциясы қоғамның типіне аса байланысты емес кәсіби топтар қай
қоғамда да орын алған. Ондай топтар қазіргі
елдердің бәрінде тиісті
өзінің орынын алады. Мысалы, қазіргі менеджерлер тобын алсақ,
олардың орны, беделі жөк таситын, қара жұмыс істейтін адамдар
тобынан әлдеқайда жоғары екендігін байқаймыз. К. Дэвис және У. Мур
стратификациялаудың функционалдық теория деген бағытының негізін
салушылар болып саналады. Бұл теорияның негізгі принциптері: 1)
адамдарға бірдей мүмкіндік беру принципі; 2) қоғамдағы көресте осы
мөммкіндіктерді пайдалануда адамдардың ең мықтылары, жігері, не
басқа позитивтік қасиеттері жоғарылары жеңіп шығады; 3)
психологиялық детерминизм деп аталатын
принцип жеке адамдардың
психологиялық ерекшеліктеріне байланысты; 4) бұл принципті олар
еңбек этикасына байланысты деп санаған. Жалпы бұл социологтардың
теориясы теңсіздіктен туатын позитивтік және негативтік салдарларды
төсіндіруге бағытталған.
Сөйтіп, У.Уорнердің эмпирикалық тәжірибелерінен, ал теорияда - Т.
Парсонстың, Д. Мурдың және К.Дэвистің алғашқы мақалаларынан бастап
“әлеуметтік рөлді” әлеуметтанушылар жеке адамның немесе топтың
экономикалық жағдайының туындысы ретінде емес, дербес өмір сүретін
өзгермелі сипаттама ретінде қарастырады.
Қақтығыстар теориясын жақтаушылар теңсіздікті
қоғамның өзін-өзі
сақтауын қамтамасыз етудің бірден-бір тәсілі деген ұғыммен келіспейді.
Олар функционалистік көзқарастардың кемшіліктерін көрсетіп қана қоймай,
функционализм статус-квоны ақтауға тырысудан басқа ештеңе де емес деп
сендіреді. Олардың пікірінше, “теңсіздіктің мәні осында жатыр: ол қоғамдық
құндылықтарды (бастылары байлық пен билік) бақылайтын адамдардың
пайда көруіне мүмкіндік беретін осындай жағдайдың нәтижесі болып
табылады”.
Р. Парк пен Э.Берджестің
әлеуметтік арақашықтық тұжырымдамасы –
жоғарыда сипатталған теориялардың бәрінен мүлде өзгеше теория. Олардың
түсініктері әлеуметтанудан гөрі психологияға жақын: бір-бірін жақсы
көретін адамдар - әлеуметтік жағынан жақын адамдар; бір-бірін жек көретін
адамдар - әлеуметтік жағынан алшақтаған адамдар. Бұл ғалымдардың
теориясы әлеуметтанудан алшақ болғаны үшін сынға әділетті түрде
ұшыраған - сынаушылар оны өте-мөте психологиялық және субъективті деп
есептейді, өйткені авторлар әлеуметтік арақашықтықты “жақсы көру” мен
“жек көру” сияқты субъективті сезімдер арқылы өлшейді.
Батыс елдерінің социологтарының көпшілігі кәсіби стратификацияға
көңілді көбірек бөледі. Осы мәселе бойынша, мысалы, Дональд Дж.
Трейман 85 елде ғылыми жұмыс жүргізіп мамандық мәселесінің қоғамда
өте
өлкен орын алатынын, қандай мамандықтар құнды, бағалы, ал
қайсыларының беделінің төмендегенін көрсеткен. Көпшілік социологтардың
айтуына қарағанда адамдардың, топтардың стратификациялық қатарда
орналасуы олардың әлеуметтік бағытына байланысты. Осы позицияларды
анықтау ретінде әртөрлі критерилер пайдаланылады. Социологияда осы
таптардың позициялары үш өлшем арқылы анықталады. Олар:
мамандықтың құндылығы, табыстың деңгейі және білім деңгейі. Осы
айтылған өлшемдерді социологияда әлеуметтік позицияның әлеуметтік-
экономикалық индексі деп атайды. Жоғарыда айтылғандай, топ деген
төсінік көбінесе
жинақтау ролін атқарады, бірақ та Батыс
социологиясында жиі қолданылатын категория.
Достарыңызбен бөлісу: