Садырова М. С


Әлеуметтік инновациялар: ерекшеліктері, құрылымы, типтері



Pdf көрінісі
бет70/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Әлеуметтік инновациялар: ерекшеліктері, құрылымы, типтері
«Әлеуметтік 
иновация» 
түсінігін 
әлеуметтік 
салаға 
саналы 
ұйымдастырылған жаңалық енгізі ретінде сипаттауға болады. Әлеуметтік 
инновациялардың материалдық-техникалық саладағы инновациялардан 
ерекшеліктері бар. 1. Әлеуметтік инновация шығармашылықтың нәтижесі 
болса, техникалық инновацияда авторлық индивидуалдық басым. 2. 
Әлеуметтік 
инновациялар 
уақыттық 
ерекшеліктер 
арқылы 
сипатталады. Олар бірден көрінбейді және нақты сипатта емес, сыртқы 
ортаның жағдайымен ерекшеленеді, қолданылуы адамдардың топтық және 


жеке қасиеттеріне байланысты. Әлеуметтік инновациялар алуан түрлі және 
олар әлеуметтік өмір құбылыстарының көптүрлілігімен негізделген.
Инновациялардың деңгейіне және көлеміне байланысты жаһандық, 
аймақтық және жеке инновациялар болып бөлінеді. 
Қоғамдық өмірдің салаларына байланысты инновациялар әлеуметтік, саяси, 
экономикалық, мәдени, әлеуметтік құрылым мен институттардағы 
инновациялар деп бөлінеді.
Ауқымына қарай жеке объектіде жүзегге асырылатын жеке инновациялар 
және көптеген объектіде жүзеге асырылатын диффуздық инновациялар деп 
бөлінеді. Әлеуметтік сала құрылымына байланысты білім, жұмыспен 
қамту, басқару, зейнетақы, мәдениет, спорт, адамдардың денсаулығы 
бағытындағы инновациялар болып бөлінеді. Инновацияның 
көздері 
сыртқы ортаның өзгеруі, дәстүрлі әдістермен өзгертуге болмайтын 
әлеуметтік мәселелердің туындауы, адамдардың, қоғамның қажеттерінің 
өзгеруі. 
Инновациялық процесс іс-әрекет ретінде инновациялық қызметті өзіне 
қосады. Иновациялық қызмет жаңа не жетілдірілген өнім алу мақсатында 
ғылыми білімдерді жіне практикалық тәжірибені қолдану бағытындағы іс-
әрекет. Оның құрылымы: жаңа идеяны іздеу және жасау процесі; Оны 
эксперименталдық апробациядан өткізі; жаңалықты тарату және қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет