Сағынбек Ақмарал Мизамиденқызы



бет2/12
Дата11.12.2022
өлшемі14,66 Mb.
#56470
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Н. И.Лобачевский

Қазіргі талапқа сай оқу мен оқытуда оқушылар білімін тексерудің рөлі зор. Ол оқушылар білімінің деңгейін көрсетеді, қай жерден кемшілік кеткенін анықтауға болады және одан әрі оқу- тәрбие үдерісін жетілдіру жұмыстарын жоспарлауға негіз болып табылады.


Оқушылар білімін тексерудің негізгі міндеті- оқушылар білімін бақылау, сараптау және бағалау. 
«Ашық және жабық тапсырмалар арқылы оқушыларды сыни
тұрғыдан ойлауға дағдыландыру» тақырыбындағы әдістемелік жинақ (қазақ тілінде білім беретін) 5-8-сыныптардың "Қазақстан және дүние жүзі тарихы" пәндері бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған. Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет - сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Көп таңдауы бар сұрақтарда бірнеше жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдап алады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 10 тапсырмадан тұрады.
Әдістемелік жинақ мұғалімдерге 5-8 -сынып оқушыларына Қазақстан және дүние жүзі пәндері бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмекші құралы ретінде құрастырылған.


ПІКІР

ХХІ ғасыр адамның шығармашылығы дәуірлеген ғасыр екені баршамызға аян. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «ХХІғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми өндірістері үшін кадрлар қорын жинақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз». Заман талабына сай қазіргі мектептерде білім беру мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жаңарту білім реформасының жүзеге асуының басты шарты.


Бүгінгі күннің басты ерекшеліктерінің бірі оқытудың қысқа мерзімінде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғары деңгейде игеретін және практиада бекті алатын әдістерді қолдануды талап етеді. «Шәкірт-нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынай өмірде дара тұлға етіп көрсету.
«Ашық және жабық тапсырмалар арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру» тақырыбындағы әдістемелік жинақ (қазақ тілінде білім беретін) 5-8-сыныптардың "Қазақстан және дүние жүзі тарихы" пәндері бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған. Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет