Қабанқұлақ – жапырақты және қарағайлы орманда және орман шетінде өседі. Саңырауқұлақтың қоңыр барқытты қалпағы бар, ішке бүгілген киіз шетімен, сабағы оның тапал. Саңырауқұлақтың ұлпасы жұмсақ, шырын
Қабанқұлақ – жапырақты және қарағайлы орманда және орман шетінде өседі. Саңырауқұлақтың қоңыр барқытты қалпағы бар, ішке бүгілген киіз шетімен, сабағы оның тапал. Саңырауқұлақтың ұлпасы жұмсақ, шырыны аз.
Қан аққан тіc (лат. Hydnellum peckii) немесе Сайтанның тісі деп аталатын ерекше саңырауқұлақ Солтүстік Американың, Орталық Еуропаның қылқан жапырақты ормандары мен Тынық мұхитының солтүстік-батысында, Ресейде кездеседі. Таяуда ғалымдар бұларды Иран мен Корея жерінен ұшырастырды.Қанға ұқсас сұйықты өзі бөліп шығаратынын аңғаруға болады. Әлгі қан гуттация үдерісі барысында пайда болады. Бұл сұйық көбіне қан қызыл, кейде ашық алқызыл, сары, сарғыш, қою сары болады. Бұл саңырауқұлақтың түрі өте улы.Ел аузында Hydnellum peckii әлемдегі ең улы саңырауқұлақ деген миф кең тараған.
Дәмі тым ащы болғандықтан жеудің өзі мүмкін емес. Саңырауқұлақтың құрамында атроментин – антикоагулянт деген заттар бар. Оның адам қанын ұйытып жіберетін қасиеті бар.
Саңыруқұлақ ең алғаш рет 1812 жылы ғылымға енгізілді.