Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу


Ы  дыбысын А. Байтұрсынұлы сөздің аяғында анық айтылатын  болғандықтан, жазуды қажет деп табады. Сөздің аяғында  ы



Pdf көрінісі
бет59/61
Дата23.10.2023
өлшемі3,17 Mb.
#120673
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

Ы 
дыбысын А. Байтұрсынұлы сөздің аяғында анық айтылатын 
болғандықтан, жазуды қажет деп табады. Сөздің аяғында 
ы 
дыбысын 
жазуымыз керек дейді. Дегенмен, сөздің басында және ортасында жазуды 
қажет деп таппайды. Оның себебін 
ы 
дыбысының барлығы мен жоқтығы аз 
сезілетіндігімен байланыстырады. 
Ы 
дыбысы сөздің басында, ортасында жазылмаса да, оқылу барысында 
бірге оқылады. Қадим жазуында басты өзгешелік болып табылатын 
харакаттардың А. Байтұрсынұлы әліпбиінде қолданыс табуы қазақ халқының 
түпсанасында қалыптасқан дыбыстар жүйесін жаңғыртты деп айтуға болады. 
А. Байтұрсынұлы 
ы 
харфі бас буында, һәм барша бітеу буында жазылмайды 
дейді. Ашық буында қалмай жазылды,- дейді [1,151]. 
А.Байтұрсынұлының жазуы жөнінде проф. Р.Сыздықова «Ахмет 
Байтұрсын және қазақ әліпбиі» атты мақаласында: «Үстіміздегі ғасырдың 10- 
жылдарына дейін қазақта ұлттық әліпби жоқ болатын. Бұл кезге дейін өзге 
көршілес түркі халықтары сияқты, қазақтар да араб таңбаларын қолданып 
келді, бірақ ол қазақ жазуы емес, араб жазуы-тын. Сондықтан, халқының 
болашағын тереңірек ойлаған Ахаң 1910-жылдардан бастап қазақтың өз 
жазуын жасауды, сол жазумен оқытатын оқулық, құралдарды тұңғыш рет 
дүниеге келтіруді қолға алады. Қазақтың ұлттық өз жазуын түзу үшін сол 
әліпбидің қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сай келетіндігін көздеу керектігін де 
ғалым жақсы біледі, ал қолданып отырған араб әліпбиі дәл осы қалпында 


147 
қазақ тіліне қолайлы емес екендігін жақсы танып, оны ана тілімізге икемдеп, 
қайта түзуге кіріседі. А.Байтұрсын жасаған әліпбидің қазақ сияқты үлкен бір 
халықтың ұлттық мәдени-рухани сұранысын өтей алғандығын, оның куәсі 
осы күнге дейін халқымыздың бір бөлігінің қолданып отырғандығы 
екендігі»-дейді [121,4]. 
М.Жүсіпұлы еңбегінде А. Байтұрсынұлының әліпби, орфография 
жасаудағы негізгі конфепциялық ойы – жеке фонемаға – жеке таңба екендігін 
айтады. М.Жүсіпұлы қазақ әліпбиіне байланысты өз пікірін білдіреді: 
«А.Байтұрсынов мүлдем жаңа графика жасау мәселесін көтерген жоқ. Ол 
араб графикасын қазақ тілі дыбыс жүйесінің статикалық және динамикалық 
ерекшеліктеріне сәйкес реформаландырылу мәселесін көтерді. Яғни, қазақ 
жазуының графикалық базасы баяғы – арабша, бірақ бұған жаңа көзқарас 
ендірілу 
арқылы 
әріп 
пен 
дыбыстың 
қарым-қатынасы 
сингармофонемография ұғымына негізделіп, графемалардың сыртқы суреті 
де, ішкі мағынасы да өзгеріліп, қазақ әліпбиі мен орфографиясы қазақ 
сөйлесім процесінің барлық қасиеттеріне бейімделеді. Алфавитке 
(қолданылып жүрген әріптер негізінде) қосымша таңбалар ендіріледі. 
Олардың қазақ көзімен қабылдануы дәстүрлі (арабша) болу керек. Қазақ 
алфавиті мен қазақ орфографиясын жасағанда осындай шарттарды медеу 
тұту міндеттілігінің себебі – араб жазуының қазақ даласына дінмен 
(исламмен) бірге келгендігінде. Жазу және дін халықтың сана-сезімінде 
бөлшектенбейтін бір бүтін ұғым, сондықтан қазақ еліне бүгінде басқа 
графиканы немесе басқа графиканың элементтерін ендіру мүмкін емес. Сол 
себептен ең объективті, ең ұтымды шешім –араб графикасын қазақ дыбыс 
қорының қасиеттеріне бейімдеп, қазақ алфавиті мен қазақ орфографиясын 
жасау» [62,21]. 
М.Жүсіпұлы мұндай жаңашыл, үлкен жобаға негіз болған келесі 12
түрлі ғылыми жағдайлар екендігін айтады [62, 21-22]. Олар: 
1.
Қазақ тілінде керекті нақты әріптер санын анықтау үшін қазақ 
индивидінің ойындағы (басындағы, сана-сезіміндегі, ойлау қабілетіндегі) 
сингармофонемалардың (И.А.Бодуэн де Куртенэнің пікірі бойынша 
психофонемалардың) психологиялық бейнелерін (психобейнелерін) және 
сол сингармофонемалардың сингармопозициялық түрлерін нақты анықтау. 
2.
Сингармофонема –сингармодыбыстар қоры, сөйлесім (дыбысталым) 
процесінде 
сингармопозициялық 
түрлерінде 
дыбысталынады 
(реализацияланады). 
3.
Сөз құрамында дауыссыз дыбыстар дауысты дыбыстарға тәуелді: егер 
дауысты дыбыстар сингарможуан болса, онда дауыссыз дыбыстар да 
сингарможуан болады; егер дауысты дыбыстар сингарможіңішке болса, 
дауыссыз дыбыстар да сингарможіңішке болады. 
4.
Сингарможіңішке дыбыстың жіңішкелігін арнайы таңба – дәйекшімен 
белгілеу. Дәйекші сөздің алдында, бірінші әріптің биіктігінің деңгейінде 
жайғасады. Дәйекші сөз құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың 
және сөздің толық жіңішке дыбысталуын білдіреді. 


148 
5.
Жаңа алфавит құрамына араб графикасынан басқа графикалардың 
таңбаларын, таңбалау элементтерін ендірмеу. 
6.
Сингармофонемалық алфавитке араб графикасының негізінде 
жасалған жаңа әріптерді ендіру және араб жазуына тән қосымша таңбаларды 
қолдану: нүкте, нүктелер, үтір; тұра, имек, дөңгелек, т.б. сызықтар. Қосымша 
таңбалар әріптің негізгі таңбасының үстінен, астынан, сол жағынан немесе оң 
жағынан орын алады. 
7.
Араб тілінде артикуляциялық және акустикалық эквиваленттері жоқ 
қазақ сингармофонемаларын жазуда таңбалау үшін араб графикасының 
негізінде жасалған жаңа әріптерді (6-шы тармақты қараңыз) қолдану. 
8.
Қазақ тілінде артикуляциялық және акустикалық эквиваленттері жоқ 
араб дыбыстарының (фонемаларының) таңбаларын сингармофонемалық 
алфавитте пайдаланбау. 
9.
Араб графикасының әрібі –таңбалар қоры. Сөз құрамындағы 
позициясына байланысты бір әріптің негізгі көрінісі (сурет бейнесі) өзінің 
бірнеше варианттарында (графикопозициялық түрлерінде, нұсқаларында) 
жазылады. 
10.
Түсініктілік. 
11.
Жеңілден –қиынға. 
12.
Белгіліден –белгісізге [62,21-22]. 
Алфавит пен орфографияны сингармофонологиялық көзқарастың 
негізінде жасау қазақ тілі әрпі санының үнемделуіне (көп болмауына) себеп 
болды. Яғни А. Байтұрсынұлы жасаған қазақ тілі алфавитінің құрамындағы 
әріптер саны алдымен 24 таңбадан жәнебір дәйекшіден құрастырылады. 
Қазақтың сингармоникалық сөйлесімінің барлық қасиеттерін жазылым 
процесінде толық қамту үшін осы 24 әріптен және 1 дәйекшіден тұратын 
алфавиттегі таңбалар саны жеткілікті болады [62,22]. 
М.Жүсіпұлы А.Байтұрсынұлы ойлап тапқан төте жазудағы фонема- 
графема принципіне байланысты келесідей тұжырым жасайды: «1912 және 
одан кейінгі жылдары А. Байтұрсынұлы қазақ жазуының оған дейінгі арабша 
негізін сынап, онда қазақ тілі дыбыстарының толық белгіленетін графикалық 
таңба системасының жоқтығын дәлелдеген. Араб дыбыс қорының негізгі 
қасиеттерін жазуды айқын көрсететін әріптер қазақ тілі дыбыстарының 
қасиеттеріне сай емес. 
А.Байтұрсынұлының пікірі бойынша дүниеге келетін қазақтың жаңа 
графикасы, әліпбиі және орфографиясы қазақ тілі дыбыс қорының сөйлесім 
процесіндегі сингармониялық қасиеттерін дәл көрсететін болу керек. Бұл 
ойды іске асыру үшін, біріншіден, қазақ индивидінің басындағы 
сингармофонемалар психобейнелерінің санын, екіншіден, оларды 
жазылымда белгілейтін нақты таңбалардың санын анықтау керек еді. 
А.Байтұрсынұлының бұл көзқарасының негізін іздейтін болсақ, онда әліпби 
авторының алфавит пен орфографияны жасаудың жоспарын түзгенінде-ақ, 
фонологияның маңызды принципі – әр фонемаға – әріп принципін медеу 
тұтқандығы айқын байқалады. Яғни А.Байтұрсынұлының бұл мәселені 


149 
шешудегі негізгі ғылыми бағыты – жеке сингармофонемаға –жеке әріп (жеке 
таңба) түсінігі еді [62,16-17]. 
Осындай биік ғылыми көзқарас А.Байтұрсынұлының сингармоалфавит 
пен сингармоорфографияны жасау үшін тілді ұзақ әрі тыңғылықты зерттеп 
дайындау барысында оның ұтымды жолдарын қарастырумен қатар, қазақ 
(жалпы түркі) тілі әлемінің өмір сүру дағдысына бейімдей түскендігін 
дәлелдейді. Сингармофонологиялық көзқарасты негізге алғандықтан тілдегі 
сингармофонемалар санын, олардың позициялық сингармотүрлерін 
анықтауға, сингармофонеманы – сингармодыбыстар қоры деп түсінуге, сол 
дыбыстар қорын (фонеманы) бір әріппен таңбалауға мүмкіндік туды. Бұл 
жағдай жазылымда бірнеше сингармофонемаларды бір әріппен белгілеуден 
және бір сингармофонеманы бірнеше әріппен таңбалаудан құтылу 
мүмкіндігін дүниеге әкелді. Оған дейінгі қолданылған тәсілді А. 
Байтұрсынұлының төмендегі сөздері дәлелдейді: «Осы күнгі жазуымызда 
дыбыс басына арналған белгі жоқ; бір белгімен әлде неше түрлі дыбыстарды 
жазамыз» [62,17]. 
А.Байтұрсынұлы қазақ тілі жазуына 17 дауыссыз әріп, 2 жартылай 
дауысты әріп, 5 дауысты әріп және бір дәйекші арнайды. Дәйекші –сөздің 
және оның құрамындағы дыбыстардың сингармотүрін анықтайтын арнайы 
белгі. Таңбаланатын жері –сөздің бас әрпінің алды. Дәйекші сөздің бас 
әрпінің биіктігімен тең жайғасады [62,17]. 
А.Байтұрсынұлы әліпбиіндегі дәйекші туралы проф.Р.Сыздықова 
«Ахмет Байтұрсын және қазақ әліпбиі» атты мақаласында: «А.Байтұрсын 
ғалым, зерттеуші ретінде қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын 
әріптер жайындағы пікірлерін 1912 жылдардан бастап «Айқап» сияқты 
журнал мен «Қазақ» сияқты газеттің беттерінде білдіре бастайды. 
Өзгелермен айтысады, өз жобасын ұсынады, оны түсіндіреді. Әліпбидің өзі 
ұсынған жобасында араб тіліне тән дыбыс таңбалары алынбайды, оның 
есесіне қазақ тілінде бар дыбыстарының таңбаларын қосады. Ең үлкен 
жаңалық: Ахаң әліпбиге дәйекші дегенді енгізеді. Сөздің оң жақ шекесіне 
қойылатын дәйекші белгі сол сөздің тұтас жіңішке оқылатынын көрсетеді, ал 
бұл –алфавитті қазақ тілінің ерекшелігі болып саналатын үндестік заңдары – 
сингармонизм дегенге икемдеу амалы екендігін көреміз. Мұндай икемдестіру 
өте қажет, өйткені қазақтың төл сөздері тұтасымен не жуан, не жіңішке 
дауысты дыбыстармен келетіндігін осы дәйекші арқылы көрсетуге болады. 
Дәйекші тұрса, сөз ішіндегі дауыстылар жіңішке болғаны»,-дейді [121,4]. 
Сонымен, А.Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тіліндегі сингарможуан және 
сингарможіңішке дыбыстардың негізін қалады. Дәйекші белгісі қосымша 
таңба ретінде ендірген. А. Байтұрсынұлының алфавитіндегі дыбыстардың 
сингарможіңішкелігін дәйекші, қосымша таңба арқылы белгілеген. 
Дауыстылар таңбасы жөнінде ф.ғ.к. Г.Мамырбекова: «А.Байтұрсынұлы 
дауыстылар таңбасын беруде қадим, жадид жазуынан бері қарай қолданылып 
келе жатқан 4 әріпті орнында қалдырған да ұ дыбысы үшін ғана уау (ﻭ) 
таңбасына аз өзгеріс енгізген. Дауыстылар таңбасы аз деп есептелетін араб 


150 
әліпбиін еш қиындықсыз төл тілімізге икемдегені орасан зор жетістік. 
Сонымен қатар, араб әліпби жүйесіндегі басы артық таңбаларды әліпби 
құрамынан шығарып тастауы ешбір түркі халықтарында болған емес деп 
айтуға болады. Бұл ғалымның қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жете 
меңгергендігімен байланысты»-дейді [21,115]. 
Дауыстылардың берілуі жөнінде Г.Мамырбекова: «А.Байтұрсынұлының 
әліпби жүйесіндегі дауыстылардың берілуін қадим, жадид жазуларындағы 
дауыстылар таңбасымен салыстырып қарасақ, ғалымның дәстүрлі жазу 
нормасынан ауытқымай, халық санасындағы психобейнесі қалыптасып 
қалған әріптерді өз орнында қалдырғанын көреміз және қадим жазуының 
басты ерекшелігі болып табылатын харакаттардың қолданылуы А. 
Байтұрсынұлы жүйесінде тек 
ы, і 
дауыстыларында берілген, оның өзінде 
сөздің мағынасына нұқсан келмейтін болса ғана»-дейді [21,115]. 
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, А.Байтұрсынұлы қазіргі 
заман тіл білімі тарихында фонетика және фонология, графика және 
орфография, лингводидактикалық салаларында тұңғыш болып ірі ғылыми 
зерттеулер жүргізді. Олар: 
1)
түркі 
тілдерінің 
сингармонизм 
заңына 
бейімдеп, 
араб 
графикасының реформасын жасау. 
2)
қазақ тілі материалының негізінде түркі тілдерінің ішкі және 
сыртқы қасиеттеріне сай сингармофонологиялық орфография жасау. 
3)
қазақ тілі материалының негізінде түркі тілдерінің ішкі және 
сыртқы қасиеттеріне сай сингармофонологиялық орфография жасау. 
4)
қазақ тілінің дыбысталу дағдысын негіз тұтып, жеке адамның 
(индивидтің) 
ойлау-қабілетіндегі 
ана 
тілі 
фонемаларының 
(сингармофонемаларының) психобейнелерін, олардың санын және сөйлесім 
процесіндегі қызмет ерекшеліктерін дәл анықтап, ғылыми зерттеу мен 
ғылыми баяндау жасау. 
5)
сингармониялық тілде доминантты сингармотембрін және 
сингармопозициялық түрлерін нақты анықтап, ғылыми зерттеу мен ғылыми 
баяндау жасау. 
6)
фонемаларды 
(сингармофонемаларды) 
дыбыстар 
(сингармодыбыстар) қоры деп анықтап, ғылыми зерттеу мен ғылыми баяндау 
жасау. 
7)
тілдің дыбыс қорын ғылыми зерттеу, баяндау процесінде 
позициялық көзқарасты ендіру (сингармофонологиялық позиция) ұғымының 
ғылыми негізін жасау; түркі тілдері дыбыстарының синтагматикасының 
ерекшеліктерін анықтау; позициялық принциптің фонология саласындағы 
даму жолдарын анықтау. 
8)
бірнеше түркі және басқа тілдердің негізінде (бірінші қатарға қазақ 
тілінің материалын шығарып) салыстырмалы типологиялық зерттеулер 
жүргізу. 
9)
түркі 
тілдерінің 
сингармониялық 
дыбыстау 
дағдысының 
қасиеттерін медеу тұтып (бірінші қатарға қазақ тілінің материалын 


151 
шығарып), фонетикаға және орфоэпияға оқыту әдістемесінің ғылыми негізін 
жасау [62,88-89]. 
А.Байтұрсынов, біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен 
оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған 
мектеп оқулықтары 1914-1915 жылдардан 1927-1928 жылдарға дейін 
пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын 
А.Байтұрсыновтың «Әліпбиімен» ашып, ана тілін А.Байтұрсыновтың «Тіл- 
құралы» арқылы оқып үйренді. 
Екіншіден, А.Байтұрсынов – араб графикасына негізделген қазақ 
жазуыны реформаторы. Бұл жазу да үстіміздегі ғасырдың 10-жылдарынан 
бастап 20-жылдардың соңына дейін (латынға көшкенше) қазақ мәдениетіне, 
оқу-ағартуына жақсы қызмет етті. Байтұрсынов жасаған жаңа жазу күні 
бүгінге дейін қолданыс тауып келеді: Қытай Халық Республикасы, 
Ауғанстан, Иран сияқты елдердегі қазақ бауырластарымыз сауаттарын осы 
жазумен ашып, баспа дүниелерін осы графикамен шығарады. 
Үшіншіден, А.Байтұрсынов – қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші 
тұңғыш 
филолог-ғалым 
және 
Қазақстан 
ғылымын 
алғашқы 
ұйымдастырушылардың бірі. 
Төртіншіден, А.Байтұрсынов –қазақ халқына, жас совет үкіметіне адал 
қызмет еткен ірі қоғам қайраткері [60,49]. 
А.Байтұрсынұлы әліпбиі нағыз грамматологиялық еңбек болып 
табылады. М.Жүсіпұлының теориялық тұрғыдан дәлелдеп, дәйектеген 
сингарможуан, сингарможіңішке деп, сингармонизммен байланыстырған 
монографиялық еңбегі де А.Байтұрсынұлы әліпбиінің өзектілігінің дәлелі. 


152 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет