Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу


б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч



Pdf көрінісі
бет43/61
Дата23.10.2023
өлшемі3,17 Mb.
#120673
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, 
ш, щ.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың да сөз ішінде қолданылуында 
өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, қазақтың төл сөздері 
б, в, г, ғ, д, щ 
дыбыстарына аяқталмайды, 
ң, й 
дыбыстарынан сөз басталмайды. 
В, ф, ц, ч, 
щ 
әріптері орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Ал, 
у 
дыбысы дауысты 
дыбыстан кейін айтылғанда, 
у 
дыбысы дауыссыз болып келеді: бауыр, ауыр, 
жауын, әуре, т.б. Дауысты дыбыстар буын құрайды да, дауыссыз дыбыстар 
буын құрай алмайды, сондықтан сөзде қанша дауысты болса, сонша буын 
болады. Берілген сөздер буынға былай бөлінеді: 
ба-уыр, а-уыр, жа-уын, әу- 
ре. 
Бұл сөздердегі 
у 
буын құрай алмай тұр [110,13]. 
Дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі. 
1.
Дауыс (үн) 
қатысына қарай дауыссыздар 
қатаң, ұяң және үнді (сонор) 
болып үшке бөлінеді. Кейде қатаң және ұяң дауыссыздар үнсіз дыбыстар деп 
те аталады. Үнді дауыссыздар 
ауыз жолды (р, л, й, у) 
және 
мұрын жолды (м, 
н, ң) 
болып та бөлінеді. Қатаң дауыссыздар: 
п, ф, с, ш, к, қ, т, ч, щ, ц, х. 
Қатаң 
дауыссыздарда ешбір үн болмайды, тек салдырдан тұрады. Ұяң дауыссыздар: 
б, в, г, ғ, д, ж, з. 
Ұяң дауыссыздарда үн аз болады да, салдыр басым болады. 


105 
Үнді (сонор) дауыссыздар: 
р, л, й, у (ауыз жолды) және м, н, ң (мұрын 
жолды)
. Үнді дауыссыздарда үн басым болады да, салдыр аз болып келеді. 
2.
 
Айтылуына (жасалу тәсіліне) 
қарай дауыссыздар 
шұғыл және ызың 
болып екіге бөлінеді. Шұғыл дауыссыздар: 
б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч. 
Ызың 
дауыссыздар: 
в, ф, з, с, ж, ш, щ, г, х, һ. 
3.
 
Жасалу орнына (дыбыстау мүшелерінің қатысына) 
қарай 
дауыссыздар келесідей жіктеледі. Ерін дауыссыздары: 
б, п, м, у. 
Тіс пен ерін 
дауыссыздары: 
в, ф. 
Тіс дауыссыздары: 
з, с, т, ц. 
Тіл алды дауыссыздары: 
ж, 
ш, щ, ч, н, р, л, й. 
Тіл ортасы дауыссыздары: 
к, г. 
Тіл арты дауыссыздары: 
қ, ғ, 
ң, х. 
Көмей дауыссызы: 
һ. 
 
 
Кесте 20.
С.М.Исаевтың жіктеліміндегі жасалу орнына (дыбыстау 
мүшелерінің қатысына) қарай қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет