Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет23/26
Дата15.03.2017
өлшемі1,66 Mb.
#9877
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
254 
 
 
 
 
 
Айрақты тауының соңғы Қҧлжасы
 
 
 
 
 
 
 
әңгіме
 
 
 
Біздің  балалық  шағымыз  қаладан  шалғай  ауылда  ӛтті.  Сатып 
алатын  нан  болмайтын,  әр  үй  ӛз  нандарын  ӛздері  дайындайтын. 
Аналарымыз  әуелі  ашытқы
 
қосып
 
қамыр
 
илейді.  Ашытқының  күшімен 
қамыр
 
кӛтеріледі. Ошақтағы отқа таба қыздырылады. Бір шама қызған 
кезде  нан  салатын  табаға  қойдың  құйрық  майы  жағылады.  Дайын 
қамырдың
 
шетінен  «ашытқы»  деп  бір  үзіп  алады,  илеген  қамыры 
жеткілікті болса «собалақ» деп баласына  бір үзіп береді. Шикі қамыр 
таба  жобасындай  етіп  дӛңгелетіледі  де  қызған  табаға  салынып 
ошақтағы  шоқтың  астына  кӛміледі.  Әуелі  нанның  үсті  піседі.  Нанның 
үстіңгі
 
жағы  піскен  шамада  нанды  аударып  салады.  Ал  собалағы  бар 
бала оны ошақ қозына кӛміп пісіріп алады.
 
 
Сол  кездегі  ана  қолымен  пісіріліп  шыққан  нандардың  ерекше 
ӛзіне
 
тартып  тұратын  қасиеті  болатын.    Мен  оны  жаңа  шығып  келе 
жатқан күнге ұқсататынмын.
 
...Міне бүгінгі күн де шығып келеді...
 
...Оттан  шығарып  жатқан  анам  нанындай  боп,  тұла  бойымды 
ерекше сезімге бӛлей, сағыныш атты құдіретті шақыра сол күнгі күн де 
кӛрініп  келе  жатты.  Табиғат  ӛз  міндетін  қай  уақытта  да  мүлтіксіз 
орындайды емес пе.  Әуелі  жарты  таба  нандай  боп  кӛрініп  алып,  енді 
күрең  наннан  алтын  табаққа  айнала  бастаған  күн  менің  сезімтал 
жүрегімді ӛз нұрымен мол шарпып жібергендей еді.  Бүгінгі ерекше күн 
ӛзіне
 
ғашық
 
бір  пендесінің  ӛміріне,  тіршілікке  деген  сеніміне  ерекше 
ӛзгеріс
 
әкелмек
 
болыпты...
 
...Алдымен  әлгідей  етіп  сезіміне  бір  малып  алған  күн,  артынан 
мені  жолға  шығуға  итермелепті.  Уақыт  атты  мейірімсіз  озбырдың 
бұғауындағы  бір  пендесін  босатып,    тіршілік  атты    билеуші  қатігездің 
құрсауынан
 
бір күнге құтқарып алыпты. Әрқашан сағынышты Шерқала 
мен Айрақты тауларына жол шектіріпті. Мен бағына беріппін. Тек қана 
бұл  жолы  әдеттегі  әдетіме  басып  сапарлас  жолдас  іздеп 
әлектенбеппін
.  
Есейген  шақта  айрылмас  жолдас  болып  алған  ой  атты  егізімді 
жол серік етіп алып тартып кетіппін. 
 
Әлгі
 
егізім, жол серігім сұрақты жаудырып келеді...
 
...Неғып тез шешім қабылдадың?..
 
...Талай табан етін тілдіре жалаңаяқ жүгірген сары топырағыңның 
жылуын сағындың ба?..
 

 
255 
 
...Қызылқала үйінділерінің үйінді тас емес адам тағдыры екеніне, 
ел  қасіреті  екеніне  кӛз  жеткізген  жасыңда  қайта  үйінді  басына  шығып 
ой толғап кӛрмекпісің?.. 
 
...Шерқала  үңгірінің  аузында  ар  жағындағы  айдаһарлар  мен 
бӛлтеберлерден  сескене  отырып,  солармен  шайқасқан  аңыз 
батырларын еске түсіргің келді ме?..
 
...Ақмыш 
бұлағының 
Шерқала 
жығындағы 
 
қарабауыр 
жұмыртқасы  секілді  шұбар  ала  жұмыр  тасты    белдеу  тӛбе 
бауырындағы анаң екеуің қазған жертӛленің орнына барып тағы да бір 
рет мұңға батпақсың
-
ау, сірә?..
 
Ара
-
арасында ӛзіме
-
ӛзім
 
де сауал жолдаймын...
 
...Қызыл қыш үйіндісін ол кезде неге Қызылқала атағанын ойлап 
па едім, осы, мен?.. 
 
...Мына шексіз әлемде біздің Маңғыстаудай ғажап жерлер бар
 
ма 
екен?..
 
...Ӛз  туып
-
ӛскен
 
топырағымның  бір  кезде  үлкен  мәдени  орда, 
саяси  орталық  болғанын,  дүние  жүзінің  саяқатшылары  мен 
сәудегерлерінің  мыңдаған  шақырым  жол  жүріп  кездесер  орнына 
айналғанын  әлгі  сұрампаздарға  жауап  ретінде  мақтана  еске  ала 
отырып, жолдың біраз  бӛлігін ұтып та тастаппын... 
 
...Адам қызық қой. Қызылқаланың әлемді бір
-
біріне жалғастырып 
жатқан жібек жолы атты күре тамырының бір түйіні болғанын сезінген 
шақта, бағзы орта ғасырдағы бабалар тындырған шаруаларда ӛзіңнің 
де үлесің бардай айбаттана, масаттана түседі екенсің! Айбаттанғаным 
сонша  осы  жолы  ӛзімнің  Қызылқаламды  мақтаныш  тұту  үшін  келе 
жатқандаймын.  Тіпті  оның  даңқын  ӛзгелерден  қызғанатын  да 
секілдімін.  Біздің  елдің  адамдары  қандай  болған!  Қазір  де  ешкімнен 
кем емес! Ауыл адамдары шетінен ізгілік пен қайырымның құймасы!
 
Ешкімді  ерітпеппін.  Ӛзіммен
-
ӛзім
 
болмақпын.  Ақмыш  маңын  құмарым 
қанғанша
 
аралап, бұлағынан су ішіп, Шерқаланың, не Айрақтының бір 
қуысына
 
қона
 
салуға да қарсы емеспін. Далада жаңғыз қонуды жаным 
сүйеді. Дайындалып шықтым
.  
Кӛкірегімде  қуанышты  сағынышпен  қоса  мұңды  сезім  де  оянып 
келе  жатқандай.  Ол  –
 
енді  қолға  түспес,  қайтып  оралмас  нәрсені 
іздейтін секілді. Сосын да мені мұңға батыратындай. Ол –
 
уақыт атты 
қатыгез
 
құдіреттің
 
күшімен  мәңгілікке  артта  қалған  балалық  шақтың 
елесі еді. 
 
...Сескеніп те келемін. Олар мені жатырқап кетпеді ме екен? Ӛзім 
де тосырқап қалған болармын. Алғашқы рет ел кӛзінен тасаланып сол 
бір қыз бетіне ернімді тигізген домалық тасты таба алар ма екенмін?..
 
...Ақмыштың тыныштығын қорғап тұрған тәртіпті сарбаздарындай 
домалақ  тастар  едірейе  қарсы  алып,  тосырқаған  кейіп  танытар  ма 
екен?  Кӛктемі  жаңбырсыз  ӛткен  сар  топырақты  дала  ӛгей  шешедей 

 
256 
 
бедірейіп,  шырай  бермей  жатса  не  деймін?    Мұнарлы    Қаратау, 
ажарлы Ақтау бӛктерлері не дейді?.. 
 
Сезімтал  жүрекке
 
ӛз
 
туған  жерің  мен  еліңнің  адамдары 
бейтараптық танытып жатса азамат арқалар ауыр жазалардың бірі... 
 
...Бұл  сезімдер  маған  тағы  бір  тосын  ой  оралтқандай  еді.  Туған 
жерді ана атандыра жүріп біз сол анаға деген сағынышқа мауқымызды 
баса  алмай,  ӛзімізді  ӛгейсітіп,  іздеп  бармай  оны  жетімсіретіп  жүрген 
жоқпыз ба екен?.. 
 
«Әуелі анаңа, әуелі анаңа, әуелі анаңа...» демейтін бе еді... 
 
Біз осы ұран тұтар нақылды аяқ асты еткендерден емеспіз бе?
 
Біз  –
 
«әуелі  ӛзіме,  әуелі  ӛзіме,  әуелі  ӛзіме»  атты  ұрандыларға 
айналып кетпедік пе?..
 
...Осы  әңімені  жазғалы  отырып,  сол  сапарым  туралы  ойланып 
қарасам,  жолда  келе  жатып
-
ақ  әлгідей  ойға  батқан  мен,  сол  күні  бір 
тосын  уақиғаға  кездесу  үшін  шыққандай  екенмін.  Солай  болатыны  әу 
бастан анық болған екен... Солай болды да..

...Әрине, жасы жетіп қалған кісілердің артын ойлағанда сағынары 
да,  ӛкінері  де  жеткілікті  болады.  Алтын  бесігімді,  сүйікті  ауылымды 
сағынғанда кӛз алдыма елес боп орала кететін суреттердің бірі Тиген
-
Қабақтың
 
әр
 
шағыр  бұтасының  түбінде  бұғып  жататын  қоян
 
кӛжектері 
болса, тағы бірі Шерқала мен Айрақтының маңында ауыл малдарымен 
аралас  жайылып  жүретін  қарақұйрықтың  сүйкімді  лақтары  болатын. 
Олар  адам  мен  табиғаттың  жарасымы  секілді  еді.  Бір  кӛктемде 
қарақұйрық
 
лағын  біраз  уақыт  бағып  та  кӛргенмін.  «Қазанның
 
күйесі 
жұқса  ӛліп  қалады»  дегенге  үйдегі  қазанды  жауып  қоюға 
тырысатынмын.  Бір  кӛршінің  «семіргесін  сойып  жейміз  ғой»  деген  бір 
ауыз  сӛзі  лағымды  қарақұйрық үйірлеріне  қосып  жіберуге  итермеледі. 
Неге  екенін  қайдам,  қалалық  болып  кеткен  шағымда  үй  малдарын
 
соншалықты  сағынған  кезім  есте  жоқ.  Ал  қарақұйрық  атты 
жаратылысты  сағынатынмын.  Оның  сәніне  бұ  тіршілікте  жылқы 
малынан басқа ешкім таласа алмайтын болар...
 
Шерқала  маңында  қарақұйрық  кӛп  болатын.  Кенет  үріккен  кезде 
қарақұйрық
 
текесінің  жүгіріп  бара  жатқаны
 
емес  секіріп  кеткен 
ойыншықтай  боп,  ауада  ілініп  тұрып  қалатын  суреті  ешқашан  
жадымнан  ӛше  қоймас.      Үлкендер  қарақұйрықтан  кӛрі  арқарларды 
кӛбірек  әңгіме  ететін.  «Айрақты  тауының  басы  арқардан  жыртылып
-
айрылады» деп отыратын. Олардың қай түні, қай мезгілде Айрақтының 
жалғыз құз соқпағынан түсіп суға келетінін де дәлеп айтып отыратын. 
Бір  жолы  Айрақтының  бір  шыңының  ұшында тұрған  арқарды кӛргенім 
де  бар.  Жарықтық  қарап  тұра  беруге  адамды  жалықтырады  екен. 
Қозғалмай
 
қатып
 
қалыпты
.  
Міне  сол  жер  осы  маң
 
болатын.  Тежеткішін  басып  машинамды 
тоқтаттым.  Баяғы  арқар  кӛрген  шыңымды  танып  та  тұрмын.  Сол 
шошақ тас туралы есіме Іздібай аңшыдан естіген бір аңыз түсе кетті... 
 

 
257 
 
...Маңғыстауды  билеген  бір  хан  басына  аласапыран  заман  туып 
елінен, жерінен қашатын болады. Бар қазынасын күн жаңа шығып келе 
жатқанда  Айрақты  тауының  бір  шошақ  тӛбесі  түсіретін  кӛлеңкесінің 
ұшына
 
кӛмген екен дейді. Бірақ сол күннің Жаратқанның 365 тәулігінің 
қай
 
күні  екенін  білетін  кім  қалды  дейсің?  Мүмкін  ерінбейтін  біреу  бір 
жыл  бойы  таң  алдында  бір  шұқыр  қазып,  еңбегі  ақталып,  тауып  та 
алар...
 
Атақты аңшы Іздібай қарт Маңғыстау аңдары туралы, аңшылары 
туралы естелік айтудан жалықпайтын. Ізекеңнің бір естелігі...
 
Ол: Сенің  әкең Назарбектің Найзабек деген ағасы болды. Әулие 
кісі еді. Маған аңшылықты
 
сол үйретті. Ол бір жолы алты қадақ дуадақ 
атып алған болатын. 
 
Мен: Алты қадақ дуадақ кімге кездессе сол атып алмай ма?
 
Ол:  Жоқ  шырағым,  ондай  аң  тек  қасиетті  кісілерге  ғана 
кездеседі...   Нанарсың ба, нанбассың ба...
 
...Тиген  жақтан  келе  жатқан  біраз  машина  кӛзге  түсті.  Мен 
соларды  күтіп  тұрып  қалып  едім,  бірақ  олар  маған  жетпей  Айрақты 
тауының  шығысы  жағына  қарай  бұрылып  бара  жатты.  Аз  ойланып 
барып  мен  де  сол  кӛштің  соңына  түстім.  Олар  таудың  шығыс 
жағындағы  бір  қуысқа
 
жақын  аялдап,  жабасалма  киіз  үйлер  мен 
шатырларын  тіге  бастады.  Мен  аралап  сәлемдесіп,  амандық
-
саулық 
сұрасып жүрмін.  
 
Мал  да  сойылды.  Ас  та  желінді.  Бата  да  берілді.  Әңгіме  де 
аяқталды. Ас рәсімін ӛткізіп болып, адамдар жинақтала бастады. 
 
Жан
-
жағыма  кӛз  тастай  тұрып,  Іздібай  қарттың  тау  жақта 
оқшаулау  отырғанын  байқадым.  Әңгімесі  қызық  ойлы  ағаға  жақындап 
келемін. Сексеннен асқан қарт аңшы мені анадайдан кӛңілдене қарсы 
алып: «Сайынбысың?» деп, танығанын білдіріп жатыр...
 
Тағы  да  сәлемдестік.  Амандық
-
саулық  сұрастық.  Соңынан 
әңгімеміз
 
бүгінгі  асқа  ойысты.  Аузы  сӛйлеп  отырғанмен  Ізекең  кӛзі 
Айрақты  тауының  бір  бедеріне  тұрақтап  қалған  секілді,  сол  нүктеден 
кӛзін  ажырата  алар  емес.  Менің  кӛзімнің  де  сол  нүктені  іздеп 
отырғанын  байқаған  ол  бүгінгі  ас  туралы  әңгімені  қайта  жалғастырып 
кетті...
 
...Мотоцикл  дейтін  пәле  шыққалы  дала  малының  басына  күн 
туды  ғой.  Соны  мінген  санасыз  балалар  қарақұйрықты  да,  Айрақты 
арқарларының  да  тұқымын  құртты.  Әлгі  жігіттің  әңгімесін  естідің  ғой. 
Ӛздерінің
 
Айрақтының  соңғы  Құлжасын  қалай  олжаламақ  болғанын, 
жолдасының  қалай  опат  болғанын  әңгімелеп  бермеді  ме...  Бейне,  бір 
шаруа тындырған ерлерлей лепіріп...
 
...Естіген  едім.  Соншалықты  ашкӛздік  пен  қанағатсыздықты, 
соншалықты ессіздік пен санасыздықты сезіне отырып тыңдаған едім. 
 

 
258 
 
Жұрт  талай  естіген  уақиғасы  болса  да,  баяғы  батырлар  жырын 
тыңдайтын ауыл адамдарынша сілтідей тынып қалыпты. Бейне халық 
қаһарманымен
 
кездесу ӛткізіп отырған жиын дерсің. 
 
Бұ  жұрт  құлағына  тек  қана  қызық  уақиға  керек  секілді.  
Шындықтан кӛрі бұлар жылтыраған жалғанға неге құмар болды екен?
 
Ас  иесінің  кӛзінен  жас  кӛріне  берді.  Артында  тұяқ  қалмаған  жалғыз 
ұлын
 
аяай  ма,  әлде  ұрпақсыз  ӛтіп  бара  жатқан  ӛзіне  жаны  ашый  ма, 
әйтеуір
 
кӛзін сүрте береді. 
 
Қырықтарға
 
келіп қалған әлгі әңгімеші кісі әлі сӛйлеп отыр...
 
...Сонымен, бір сәтсіз күні екі мотормен екі жас жігіт Айрақтының 
басына шығады. Бар армандары талай рет алдырмай кеткен арқардың 
ерекше зор денелі құлжасын олжалау болыпты. Ол Айрақты тауының 
басына  шығып  жайылатын  үйірден  қалған  ең  соңғы  мал  екен.  Талай 
рет  тығырыққа  тықтық  деген  шақта  да  не  бір  қиын  құз
-
жартастан 
секіріп  құтылып  кете  береді  екен.  Бұлар  осы  жолы  құлжаны 
Айрақтыңың  шығыс  жағына,  биік  ұшпа  жағына  қарай  айдамақ  болып 
келіседі. Тау үсті қалың қара жусан, жусан аралары тас. Абайламасаң 
болмайды.  Әрлі
-
берлі  Айрақты  үстін  екі
-
үш
 
аралап  ӛткенде  жалғыз 
құлжаны
 
да кездестіреді. Ол да әдеттегісіндей шыңнан секіріп құтыла 
алатын  жағына  тырысады.  Бірақ  екі  мотор  күші  мен  машина 
жылдамдығы  амалсыздан  арқарды  бұлардың  қалаған  бағытына 
ойыстырады.  Әңгімешіл
 
жігіт  арқардың  кеңістік  жағын  ала,  екіншісі 
артынан еріп отырады. Ақыры қуғыншылар ара қашықтықты аңшының 
оқ шығарар жобасына дейін қысқартады.
 
Ол әлі сӛйлеп отыр. Жұрт тып
-
тыныш. 
 
...Мен  жылдамдығымды  сәл  тежеп,  мылтығымды  кӛтере  бердім. 
Құлжаның
 
тұтас  қамшылар  жағы  кӛз  алдымда.  Жамбас  жобасын 
кӛздеп шүріппені басатын сәтті күтіп келемін. Осы жолы құтқармасыма 
кӛзім жетіп те қалып еді...
 
...Бір  сәтте  құлжаның  кенет  тоқтай  қалып,  жалт  бұрылғаны. 
Бұрыла  сала  жақын  келіп  қалған  қуғыншыға  қарай  атыла  секіргені. 
Секіріп барып мотоциклді үстіндегі аңшысымен бірге мүйізіне іліп алып 
Айрақтыдан қарғыды да кетті...
 
...Ізекең әлі бірдеңелер айтып отыр екен. Құлақ түрдім...
 
...Жұрт  бұдан  жиырма  жыл  бұрын  мерт  болған  балаға  ас  беріп 
жатыр. Ал мен ол бала асына
 
келген жоқпын. Мен бұдан жиырма жыл 
бұрын  тұқымы  құрыған  Айрақтының  соңғы  Құлжасын  еске  алуға  келіп 
отырмын...
 
...Соңғы Құлжа еті ешкімге бұйырмапты...
 
...Аңшы  жігіттің  де  сүйегін  ала  алмаған.  Екеуінің  де  мүрдесі  биік 
құз
 
басында қалыпты. Тек қана талқаны
 
шыққан мотор қаңқасы етекке 
дейін домалап жетсе керек...
 
...Әкесі  баласының  рухына  деп  сол  тұсқа  тас  үйеді.  Соның 
басына келіп жыл сайын ас береді...
 

 
259 
 
...Мен  де  мерт  болған  баланың  емес,  Айрақтының  соңғы 
Құлжасына
  
берілген асқа қатысқандай әсерге ендім...
 
...Менің  кӛзім  де  Ізекең  қарап  отырған  алаңды  тауып,  сол  жерге 
ілініп қалғандай... 
 
Менің кӛзіме баланың емес Айрақты тауының соңғы Құлжасының 
күн жеп аппақ болған сүйегі елестеп отыр...
 
...Бар ойым соңғы Құлжаның ерен ерлігінде еді...
 
...Үйірінен  түгел  айрылған  еркек  безді,  ер  мінезді  асыл  жануар  
жаналғыштардың оның да жанын алуға келетінін білген болар... 
 
...Әлгі ерлігін ойланып істеуі де мүмкін
-
ау!..
 
...Әлде  кенеттен,  амалсыздықтан,  шарасы  қалмаған  кезде 
туындаған тӛтен ерлік пе?..
 
...Бұл құбылыс мүмкін жоғарғы жақтан беріліп жатқан ишара ма?
 
...Не де болса ол ерекше жаратылған жануар!.. 
 
...Ой арты ойға жалғасады. Обал болған екен. Адамдар олардың 
тұқұмын  құртып  жіберіпті.  Олардың  жазығы  –
 
етінің  адалдығы.  Кӛк 
домбайдай күші бар жануар ӛздерін ӛздері қорғай
 
да алмайды...
 
...Ұлы  Жаратушы  еті  адал  мен  еңбегі  адалдың  бәрін  неге  жуас 
етіп жаратты екен?..
 
...Мал да солай, халық та сол секілді... 
 
...Оңай олжаға құмарлар аң біткенді қырып таусуға айналды...
 
...Еңбегі  адалдар  да  ӛмірі  жарып  бір  тойып  тамақ  іше  алмай, 
иығы бүтінделіп бір киіне алмай ӛмірден ӛтеді...
 
...Озбырлар оларды тонап та жатады, қиындық пен ӛлімге айдап 
та жатады...
 
...Ей, Ұлы Жаратушы! Күшті менен әлсізді теңестірер, арам менен 
адалды ажыратар бір жағдай жасамайсың ба?..
 
 
...Ей,  Ұлы  Жаратушы!  Бұларға  бір
-
бірін  жақын  тұтарлық,  бір
-
біріне жаны ашырлық сана берсейші!..
 
 
...Мен  енді  ас  тарқағанда  оңаша  отырып  осылайша  дұға  жасап, 
бетімді сыйпадым...
 
 
...Аллатағала дұғамды қабыл еткей дағы...
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақтау
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
260 
 
 
 
Жалған тірлік (әңгіме)
 
 
 
Әлі
 
ұясынан
 
шыға  қоймаған  күннің  әлсіздеу  шапағы  күңгірт  
бӛлмені  сәулелендіре  бастаған  шақта  ұзақ  түнді  кірпік  ілмей  ӛткізіп

ауыр  ойдан  әбден  діңкелеген  Айша  аурухана  дәрісінің  иісімен  ӛзінің 
кӛз  жасы  сіңген  жастығынан  басын  кӛтеріп,  қысылып  бара  жатқан 
кеудесінен  "уһ"  деп  дем  шығаруы  мұң  екен,  кӛкіректегі  кӛбесі  сӛгіліп 
кеткен  кӛп  ойлар  лық  етіп  ақтарыла,  ӛкінішке  толы  сӛздер  тізбегіне 
айналып  жүре  берді.  Ол  тағдырына  риза  емес
-
ті.  Оған  ӛзін  кінәлап 
жатыр еді...
 
 
...Ӛзін
-
ӛзі
 
қамқорлай
 
алмаған  жан  кімге  пана  боламын  деп 
тіршіліктің етегіне жабысып, болашақтан дәме етіп жұр екен?..
 
 
...Ӛзін
-
ӛзі
 
жек  кӛре  жүріп,  басқаны  қалай  жақсы  кӛрмек,  ӛзгеге 
қандай
 
жылу таратпақ?..
 
 
...Ӛйткенше ӛшіп неге тынбайды бұл жалған тірлік?..
 
 
...Жалған тірлік?..
 
Бұ не сӛз
?.. 
 
"Жалған  тірлік",  "Жалған  тірлік"    деп,  бір
-
екі  рет  күбірлеп  алып, 
содан соң сӛз мағынасына мән бере сан рет қайталай бергенін ӛзі де 
байқамай қалған еді...
 
 
...Бұрын аузынан шықпаған сӛз...
 
 
...Бұрын кӛкірегіне келмеген ой...
 
 
...Ӛзінің  Табылға  тұрмысқа
 
шыққаннан  бергі  сүрген  бес
-
алты 
жылдық  ӛмірін  бағалап  берерлік  қандай  дәл,  қандай  уытты  сӛз  еді, 
ӛзі
?.. 
 
...Жалған тірлік...
 
 
...Табылмен  бірге  сүрген  ғұмырына  бұ  сӛздің  қаншалықты 
қатынасы
 
бар  екенін  одан  әрі  талқылауға  Айша  үлгере  алмай  қалды. 
Айшаның
 
тірі  жанға  сездірмей,  бар  қызығына  оңаша  бататын  құпия 
тірлігі,  бұ  дүниелік  түйсіктерінің  арғы  жағынан  елес  беретін  бір  күш, 
оны басқа тұңғиыққа тартып бара жатты... 
 
...Бұл жақ, Айша жүрегіне сағыныш шері боп ұйып қалған, түсінікті 
әлем
 
еді.  Еске  түссе  болды,  кӛзден  ұшса  да  кӛкіректен  ӛшпеген  сол 
бақытты  шағы  кәзіргісін  ұмыттыра,  мұң  шалған  кӛңілін  сәулелендіре, 
кір басқан кӛкірегін тазарта, бар болмысына сәулесі мол нұр жарықты 
бірден дарыта бастар еді... 
 
Ақ  арғымаққа  мінген  керуен  басындай,  алыс  жолдан
 
аман 
жеткеніне  қуанышын  жасыра  алмаған  қуанышты  жандай  ақсия  күліп, 
ең алдында бұның Абылы келе жатар еді. 
 
...Соңғы  кезде  Айша  әлденеден  қаймыққандай,  құшағын  жая 
ұмтыла
 
алмай,  тек  қана  жүректегі  сағыныш  сезіміне  батып
-
шығып, 
керуен
-
кӛшті сырттай қызықтап тұра беретін...
 
...Бірақ  бұл  жолы  Абыл  бұрынғыдай  жайдары  кескінде  емес, 
жабырқау секілді... Ӛңінде сұрақ белгісі тұр... 
 

 
261 
 
Неге жалған тірлік? –
  
дейтін секілді. Біз екеуміз –
 
бұ дүниедегі ең 
бақытты  жандармыз  демейтін  бе  едік?..  Біздер  махаббаты  мол, 
шынайы сезімге суарылған ғажап ӛмір сүрмеп пе едік?  –
 
деп, сұқтана 
сұрап, қадала жауап күтетіндей...
 
...Айша  аз  ғана  уақытқа,  оқыс  қылығынан  ұялған  жас  баладай 
ыңғайсызданып  қалғанымен,  шексіз
-
шетсіз  ой  мұхитынан  шығып  кете 
алмай,  қайтадан  батып  бара  жатты.  О
 
жақта  оны  күтіп  тұрғандар  –
 
бұрын сүріліп кеткен қуанышты да, мағыналы ӛмірінің кейіпкерлері мен 
сол  кезде  басына  қонған  бақыт  құсы  еді...  Бұл  бір  жалғаны  жоқ,  тап
-
таза  боп  сүрілген  ӛмір  болатын.  Ол,  тағы  да  бір  рет,    сол  қимас  шақ 
ғұмырының
 
пердесін еркін ашып еніп бара жатты...
 
 
...Айша  нағыз  қазақ  аулында  ӛскен,  бұйығылау,  бірақ  аса 
сезімтал, қияли қыз болатын. Соған қарамастан берген уәдесіне мерт, 
ӛзіне
 
бұлжытпас  талап  қоя  білетін  қатаңдығы  да  бар  бойжеткен  боп 
ержетті.
 
 
Сегізінші  сыныпта  оқып  жүрген  кезінде  оныншының  Абыл  деген 
баласына ғашық болғаны соншалық, Абыл Алматыдағы университетке 
түскен  жылы:  "Ендігі  жерде  бестен  басқа  баға  алмауға  ант  етемін!" 

деп,  ӛзін
-
ӛзі
 
қайрап
 
алып,  мектепті  үздік    бағаман  бітіріп  шыққан. 
Арманына жетіп, бұ да сол университет шәкірті атанды. Бұл жерде де 
үздік
 
біліммен  кӛзге  түсті.  Жалпы  шебер  жаратушы  Айшаны  ерекше 
жомарт кезінде сомдаған секілді. Зеректігі мен алғырлығына қоса, оған 
тек  қана  қазақ  қыздарында  кездесер  ғажайып  сұлулық  пен  биязы 
мінезді  де  бере  салыпты.
 
Оның  ерекше  шуақты,  нұрлы  жанары 
кездескен жанның назарын басқа жаққа бұрғызбастай, сәулесі қандай 
сӛнген кӛңілді де оятып кетердей ғажайып болатын. Жас бозбала түгіл 
егде  кісінің  ӛзін  ӛкініш  ойға  батырар,  не  "тілім  тасқа"  дегізіп,  әкелік 
сүйіспеншілік оятар ғажайып табиғат құдіреті еді. 
 
Айшаның  Абылға  деген  сезімі  қаншалық  күшті  болғанымен,  сол 
сезімді тежеу, басқаға байқатпау әрекеті одан да күшті болып шықты. 
Соның  салдарынан  оқушы  кезінде  ол  Абыл  назарына  іліне  алмаған, 
ілінуге тырыспаған да еді...
 
 
.
..Алматыда  оқитын  ауылдастар  кешінде  кездескен  Абыл  
Айшаны бір кӛргеннен ―қарындасым‖ деп қамқорлыққа алып, айналып
-
толғанып,  қаламен  таныстырып,  театрларды  тамашалатып,  Айшаның 
жаңа  қаладағы,  жаңа  ӛмірдегі  жалғыз  арқа  сүйер  тірегіне  айналып 
жүре  берген.  Ақыры,  қарым
-
қатынастары
 
махаббатқа  айналып,  ол 
диплом қорғаған күні үйлену тойлары да тойланған...
 
...Айшаға  ақ  кӛйлек  соншама  жарасатын.  Қалыңдықтың  ортадан 
жоғары  сұңғақ  бойы,  қас  шебер  жонып  мүсіндегендей  сәнді  денесі 
ақын жанды жас жігіттің бақытқа толы шабытты шағында ерекше әсер 
берген  болса  керек,  неке  сарайының  есігін  аттай  бере  Айшаның 
құлағына:  ―Мен  бақыттымын,  жаным!‖  –
 
деп,  қайталай  беріп    еді
-
ау!.. 

 
262 
 
Жауап қатуға Айшаның жүрегі кеудесіне сыймай бұлқынып, сӛз айтуға 
шама бермеген
-
ді... Ол тек қана Абыл қолтығына тығыла түскен... 
 
...Олардың басына бақыт құсы осылай қонған еді... 
 
 
...Нағыз бақыт болатын, сағынуға тұрарлық болатын... 
 
 
...Шынайы еді, мәңгіліктей боп кӛрінген,... 
   
...Махаббаттары,  ақтығынан  бетіне  сызық  түсіруге  қолың  бірден 
бара  қоймайтын  әдемі  қағаздай,  тап
-
таза  сезім  талшықтарынан 
ӛрілген, сүйіспеншілік әлемі еді. Шалқыған сезім бұларды Кӛк Тәңірдің 
―жұмақ‖ атты тұрағынан бір
-
ақ шығарған... 
 
...Бірінің артынан бірі екі бірдей ұл ӛмірге келе қалды. ...Қазақтың: 
―Тӛрт жағы тӛрт құбыла‖ –
  
дейтін, арманы еді.
 
...Ел астанасы  Алматыда тұрады, жастарына сәйкес қызмет
 
атқарады... 
 
...Табиғатта кездесер бар асылдың аздығы секілді, бұлар 
 
махаббатының  ғұмыры  да  келте  болды.  Абыл  кӛлік  апатынан  қаза 
болды  да,  Айша  жүрегі  еттен  емес  сыздауық  жарадан  жаралғандай, 
күннен
-
күнге мүжіліп бара жатты...  
 
Оның  ендігі  жердеті  бар  қуанышы  анда
-
санда  еске  түсер  сол 
шағы  болыып  қалған.  Ондай  кезде  Айша  махаббат  желкенін  кӛтеріп 
алып,
 
бақыт  мұхитында  жүзіп  кете  баратын.  Алыста  қалған  бақытты 
шақтағы  сезімдеріне  бӛлене  бұл  әлемді  ұмыт  қалдырып,  ӛзімен
-
ӛзі
 
сырласып, бал сезімнің тереңіне бататын да  кететін... 
 
 
...Екеуі  шаңырақ  кӛтерген  сәттен  бастап  ―Мен  –
 
Абылдың 
жарымын!‖  деген  мақтаныш  сезімі  Айша  болмысына  бірден
-
ақ  иелік 
етіп  алғанды...  Оның  ―тәуір  ақын‖  деген  атағы  тез  тарай  бастады. 
Баспасӛз  беттерінде  Абыл  атының  үлесі  молая  түсті.  Абыл  кӛбіне 
сезім  құшағында  жүретін.  Соны  байқамағандар  оны  бірде  ―ӛркӛкірек‖ 
деп  сынап
-
мінеп  бақса,  бірде  ―әуейі‖  деп  ат  тағып,  аяушылық  білдіріп 
жататын.    Тек  Айша  ғана  сол  ―ӛркӛкіректік‖  пен  ―әуейіліктің‖    арғы 
жағында  жатқан  ошақ  басы  мен  отанына,  адамдар  мен  табиғатқа 
деген  Абылдың  ғажайып  сезімдері  мен  ойларының  шуағына  шомыла 
білді.  Соның  арқасында  Айша  кӛбіне  Абыл  сезімдерінің  пернесін  дәл 
басып, сӛйлесе алатын. Кӛшеде сырласып келе жатып, ақын күйеуінің 
айтпаған ойын дәл суреттегені үшін: ―Менің пәк сезімім мен Тәңірдің ақ 
нұрынан  жаралған  жарығым  менің!  Мына  жұмбақ  дүниені  мен  үшін 
сенің  жанарың  ғана  нұрландырып  тұрған  секілді!‖  –
 
деп,  кӛшенің  қақ 
ортасында, шұбырған елден ұялмай, Айшаны сүйіп
-
сүйіп алған да кезі 
болған... 
 
 
...Сондай ойды жүректен жардырып шығару үшін адам  бойында  
қаншама
 
кісілік  қасиет,  дәл  солай  етіп  айту  үшін  ақын  жанында
 
қаншама
 
нәзік сезім болуы керек екен?..
 
 
...Ел кӛзінше ерсі саналар қылықты аттап ӛту, шабытты шақта ӛз 
қылығыңды
 
ӛз
 
сезіміңнің  қызметшісі  ете  алу  да  кез
-
келген    пенде 
қолынан
 
келе бермейтін шаруа емес пе?.. 
 

 
263 
 
  
...Абыл бойында соның бәрі де болғаны ғой, шамасы... 
 
 
...Адамдар кісі басындағы сондай бағалы нәрселерді кезінде неге 
бағалай алмайды екен?.. 
 
 
...Кісілердің  қадір
-
қасиеті
 
де,  ойы  мен  ақылы  да  ӛзі  ортадан 
кеткесін барып айқындала түсетіні неліктен?.. 
 
 
...Бір  күні:  ‖Осы  махаббатты,  осы  бақытты  сен  маған  сыйладың 
ба, жоқ әлде мен саған сыйладым ба?‖ –
 
деп, сұрай салғаны... 
 
 
Бұл  жауап  таппаған.  Сұрағына  жауап  ала  алмаған  Абыл: 
‖Таптым!‖
 

 
деп, балаша  қуанған... Кім  кімге  бірінші  ғашық  болса,  бұл 
сол кісінің сыйлағаны болсын!..
 
...Әркім әуелі  ғашық  болған ӛзіндей  сезінген  де,  мен сыйладым  деуге 
ыңғайсызданып, бұл әңгіменің арты аяқсыз қалған...
 
 
...Балаларына  ӛзін  ―ақ  кӛке‖  деп  ататып  (ӛзі  де  әкесін  солай 
атайтын),  тілі  жаңа  шығып  келе  жатқан  ұлдарына  қайта
-
қайта
 
―ақ 
кӛкелетіп‖, рахаттанып отырушы еді
-
ау...
 
 
...Екі ұлын екі тізесіне отырғызып алып:
 
Ӛлеңім
 
менің, ӛнерім менің! –
 
деп, беттерінен кезек

кезек ӛбе беретін...
 

Біз  сіздің  кіміңіз  едік?  –
 
деп  еді,  бір  күні,  бұл.  Балаларын  тастай 
салып, орнынан ұшып тұрған Абыл

Қаламым
 
менің, қабағым менің –
 
деп, екі кӛзінен кезек
 
сүйіп, жұмыс бӛлмесіне беттеген
-
ді... 
 
 
...Кей
-
кезде  қабағын  қарс  жауып  алып,  ешнәрсені  елемей, 
оңашалана  бастайтын...  Оның  арты  не  ӛлең  жазуға,  не  сәл  нәрсеге 
телміре  қарап,  қимылсыз  отырып  қалуға  соқтыратын...  Ой,  шіркін
-
ой! 
Ол сол
  
сәттерінде не туралы ойлады екен?.. Әрине, біздер туралы да
балаларының болашағы туралы да, мына алмағайым заман туралы да 
ойланған  болар...  Ол  кез  дүние  тыныш  болғанымен  үкімет  тарап  жай 
адамдар  түсінбейтін  бір  берекесіздік  байқала  бастаған  шақ  болатын

Қазақ
 
халқы бостандық алып арманына жеткенімен, сана астан
-
кестен 
болып  жатқан  кез  еді...  Кеңес  ӛкіметі  аяқ  астынан  тарап  кетті.  Дауыл 
соқпай,  ӛрт  шалмай,  топан  су  шаймай  ӛз  ӛзінен  жалп  ете  қалды... 
Ғажап
-
ай,  тамырынан  шіріген  ағаштай,  қисая  кетті...  Жаңа 
мемлекетіміз,  Қазақ  елі,  бодандық  бұғауын  сыпырып  тастап,  ӛз 
тәуелсіздігін  жариялады.  Ел  бостандық  қуанышын  бойына  сіңіре 
алмай  шеті  жоқ  тойлар  ұйымдастырып  жатты...  ―Ақылды  ойланамын 
дегенше  тентек  ісін  бітіреді‖  –
   
дегендей,  ақылдымын,  ақынмын 
дегендер
 
тәуелсіздік буына елітіп, ―енді не істеу керек?‖ деп жүргенде,  
пысықтар ісін шыныменен де тындырып тастаған... 
   
 
...Кеңістікке  қожалық  етіп,  бар  рухани  тірлікті  қолдарына  алған... 
Бірақ Абылдар мен ақындар ойлағандай рух емес
-
ті...
 
 
...Жазықтыққа да иелік етіп, кеңес ӛкіметінің сан жылғы ел ерніне 
тигізбей  келген  бар  байлығын  жекешелендіру  құбылысын  бастаған  ... 

 
264 
 
Бірақ  жәй  шаруаның  да,  халықтың  да  ойына  қона  қоймаған  әрекет 
болып шыққан...
 
 
...Билік  басындағылар  билігіндегіні  меншіктеумен  болды...
 
...Заңнан  қорықпайтындар  қолына  түскенді  бауырына  басып 
қалды
...    
 
...µры
-
қарылар
 
әлсіздер
 
мен қорқақтардан тартып алып жатты... 
 
 
...Әйтеуір  заманның  ӛтпелі,  қарбалас  шағы    адамгершілік  деп 
аталып келген түсініктің мән
-
мағынасын қатты ӛзгеріп жіберген еді... 
 
 
...Абыл  да  қатты  ӛзгерген,  ақжарқын  мінезінен  айрылып,  тым 
тұйықталып алған болатын... 
 
...Жинаған жинақ, ―ертеңгі күнге‖ деген қор жоқ болып шықты... 
 
...Бұлардың  азғантай  айлықтары,  жаңа  жағдайда,  қонағы  кӛп, 
шығыны мол бір үйлі жанға аздық етті... 
 
...Жоқты  сұрай  ма  дегендей  Абыл:  ―Ең  бастысы  –
 
Егемен  ел 
болдық!..  Қазақстан  –
 
Тәуелсіз!..  Бес  күндік  қиындық  үш  жүз  жылдық 
құлдықтың
 
ӛтеуіне
 
тұрмайды ма, несіне тарыламыз, әлі
-
ақ қазақ халқы 
әлемдік
 
тарихтан  ӛзіне  тиесілі  орнын  алады,  бірақ  мына 
алыпсатарларымен  емес,    нағыз  ӛнерлі  ұлдарымен,  біздермен,  мына 
менімен  алатын  болады!‖  –
 
деп,  шалқып  кететін.  Бұлардың  да, 
ӛзгелердің
 
де кӛңілдерін кӛтеріп отыратын...
 
...Айшаға  соңғы  кезде  сол  ғажайып  шақтың  шамын  ӛшірген 
Табыл секілді кӛрінетін... 
 
 
...Айша  жүйкесі  бұ  күндері  тозығы  жеткен  элетр  сымындай,  кез
-
келген  жерінен  от  шашып,  ток  соғып  тұрады.  Табыл  аты  аталса 
болғаны  ýлектр  тоғы  соғып    ӛткендей  денесі  дір
-
дір  етіп,  қабағы 
тырысып сала береді...
 
 
...Бұлардың  шаңырағына  тап  болған  қасірет  те  осы  Табыл 
ұйымдастыратын
 
кӛп сайранның бірінде кездескен
-
ді... 
 
 
...Құдай  қарғаған  бір  сәтсіз  күні,  қасына  бір  топ  жігіттерді  жинап 
алған  Табыл: ―Ілеге баралық, балық аулалық!‖ –
 
деп, қоярда қоймай, 
Абылды да алып кеткен...
 
 
...Абылдар отырған машинаның жүргізушісі қайтар жолда қалғып 
кетіп, машина аударып, адамдары түгел қаза тапты.
 
 
...Бұрын  басқа  түспеген,  ыңғайы  белгісіз,  адамы  қаза  болған 
үйдің  атқарар  кӛп  шаруасын  тындыру  кезінде  Табыл  Айшаға  дұрыс 
кісідей  әсер  қалдырған  еді.  Бар  шаруаның  басы
-
қасынан
 
табылып, 
қолда
 
бар  қаржысын  аямай  жұмсап,  қаза  болған  азаматтарды 
елдеріне  жеткізісіп, Абыл  басына ескерткіш  қоюға  да  қол ұшын  беріп, 
риясыз  достық  кӛмек  кӛрсеткен,  ізгі  жүректі  азамат  боп  танылғандай 
болған... 
 
...Айша күйеуге шықпақ ойы жоқ екенін айтып қаншама қарсылық 
кӛрсеткенмен Табыл ақыры дегеніне жетіп тынып еді.
 

 
265 
 
Айшаны:  ―Теріс  мінезі  жоқ  сияқты  ғой...    Табысы  мол,  қолы  да 
ашық  екен...
 
Балаларымды  ӛгейсінбейтін  секілді  ғой‖  –
 
деген  ойларға 
жеткізіп, ал ол ойлары Табылға жақтасқан Айша, ақыры кӛніп тынған...
 
 
...Әйел  атану  мен  ана  атануды,  Отан  сүю  мен  азаматтық 
парыздар  туралы  түсініктерді  Абыл  кӛзқарасымен  қалыптастырған 
Айша,  жаңа  күйеуінен  ӛз  басына  деген  рухани  жақындық  іздей 
бастағаннан  сәттен  бастап
-
ақ  сескене  бастаған.  Бұрын  Табылды 
бағалатып  келген  ―сияқты  ғой,  секілді  екен‖  сӛздері  ӛз  мағыналарын 
ақтамай  қалды.  Екеуінің  арасы  күннен
-
күнге  алыстай  берді.  Абылдың 
орнын  бастырмақ  болған  адамының  бойынан  бұрын  ӛзі  тәрбие  алған 
ортасының кісілік, адамгершілік, ізгілік деп ат беріп, айдар тағып келген 
қымбаттарының
 
бір де бірін кездестіре алмаған Айша, қатты шошынып, 
ӛкіне
 
бастаған. Ол ӛзіне  қатты ренжитін... 
  
...Балаларымды жеткізуге кӛмегі тиеді деп ойладым ба?.. 
 
...Мына  басқа  түскен  кезеңнің  тегеурініне  шыдай  алмаған 
болармын ба?.. 
 
...Ӛзімді жақсы кӛреді деп сендім бе, екен?.. 
 
 
...Айшаға  сӛз  салған  Табыл  шыдамдылық  танытып,  ұзақ  күтті.  
Айшаға  қолы  жеткесін  де  бұны  ―үлде  мен  бүлдеге‖  орап,  қасынан 
тастамайтын  болды.  Суй  бастаған  кӛңілге  жылу  енгендей  боп, 
Айшаның  басына  тағы  да    ―тӛрт  жағы  тӛрт  құбыла‖  жұмақ  заман 
орнағандай...  Машиналар  мен  жиһаздар!..  Қаладағы  пәтерлер  мен 
даладағы сарайлар!.. Асыл бұйымдар мен ақшалар, тірі кісіге не керек, 
бәрі  де  бар  еді...  Бірақ  Айша  кӛп  ұзамай  кӛп  ішінде  жалғызсырап, 
жабырқап,  жанына  ылғи  бір  нәрсе  ылғи  жетпей  тұратынын  сезе 
бастады.  Ұзақ  жыл  ұстаздық  еткен,  тіл  маманына,  қазақтың  осындай 
жерде  айтылатын,  ―жаныңа не  керек!‖  деген  сӛзінің  жай  сӛз  еместігін, 
оның  астарында  үлкен  даналық  сұрақтың  жатқанын,  ӛзінің  бұрын 
түсініп  келген  түсінігі  бұл  сӛз  мағынасына  сәйкес  еместігі  байқала 
бастап еді... 
 
...Басқа  түскен  ауыр  қайғыны  ығыстыра  бастаған  алғашқы 
шүкіршілік сезімінің ғұмыры ұзақ болмады.
 
Оңаша қалғанда ӛзімен
-
ӛзі
 
сӛйлесетінді  шығарды...  Айша  осыншалық  байлық  пен  барлықтың 
ӛзінің
 
қай
 
жеріне керек екенін ӛзі де білмейтін боп шықты... 
 
...Жанына  керек  нәрсе  Табыл  маңынан  табылмасын  сезе 
бастаған  Айша,  ендігі  қалған  жерде  ―сол  пәлені‖  іздемей
-
ақ,  тіршілік 
ете  беруге  бекіне  бастаған  еді...  Әттең,  сол  бір  басы  ашық  айтылған 
әңгіме, арға тиер ауыр сӛз...  
 
...Мен  оған ―рабочий  лошадканың‖  бір  түрі  ғана  екенмін...  ...Мені 
сол үшін пайдаланып, сол үшін ғана ―жақсы‖ кӛреді
 
екен... 
 
...Менің  сұлулығыммен  ӛзі  секілділер  ортасында  мақтану  үшін... 
Қандай
 
масқара... 
 

 
266 
 
...Менің  кӛркіме  кӛз  салғандарға  айбындана  қарап  отыру  үшін... 
Қандай
 
арсыздық...
 
...Менен  ол  ләззәт  алмайды...  Мен  оған  жұрт  алдында  ―мынау 
Табылдың  әйелі  екен‖  деген  сӛзді  есту  үшін,  ―неге  менікі  емес‖  деген 
қызғаныш
 
туғызу  үшін  ғана  керек  екенмін...  Ол  осыны  мойындаған. 
Талас сӛз  барысында,  қыза  келе:  ―Мен сені,  екі  балалы жесір  әйелді, 
не  үшін  алды  деп  ойлайсың?..  Маған  ештеңенің  қажеті  жоқ,  мен  де 
бәрі  де  бар.  Жұрт  ортасында  менің  қасымда
 
отырған  әйелдің 
сұлулығы бәрін де таң қалдырып, олардан менің  айбарымды асырып 
отыруы  қажет.  Мен  сені  алған  жоқпын,  сенің  сұлулығыңды  алғанмын. 
Маған сен емес, сенің сұлулығың қажет болған‖... 
 
 
Күйеуінен бұншалық ауыр сӛзді есту Айшаға ауыр әсер етті...
  
 
Айша  ӛз  ісіне  есеп  бере  бастаған.  Ол  менің  бұл  ісім  Абылға, 
Абыл  армандаған  кісілікке  істеген  опасыздық  болып  шығыпты  ғой 
деген  тұжырымға  келген...  Осы  адамның  қасында  жүріп,  тәрбие  алса 
ертең Абыл ұлдары қандай азамат болып шығады?.. Қандай масқара!...
 
Бұлар  ӛз  отырыстарында    білікті  мамандар  мен  тиянақты 
қызметкерлерді
   
―рабочая  лошадка‖  деп  келеке  етеді  екен... 
Жаратылыс  дарын  сыйлап,  бірақ  ӛздерін  билік  пен  байлыққа  емес   
ӛнер
 
мен  сүйікті  жұмысына  арнағандар  бұл  азғындар  үшін  адам  аты 
бар ―құл‖ да емес, аюан, ―рабочая лошадка‖ екен...
 
 
...Бұлардың  ӛмірге  кӛз  қарастары  бір
-
бірінен  тым  алшақтау  боп 
шықты.    Тіршілік  ету  қамы,  жаратылыс  пен  адамдық  танымдары 
қарама
-
қарсы
 
пікірдегі кісілер... Қайта тәрбиеге келмейтін, ӛмір туралы 
пікірлері  қалыптасып  қалғандар...  Бірінің  шындығын  бірі  шындық  деп 
мойындай  алмады...  Екеуі  де  мойындамады,  бір
-
бірін  екеуі  де 
мойындата алмады...
 

 
Айша халың қалай?
 
 
Оқыс шыққан дыбысқа шошып қалған Айша Ажарды кӛріп қуанып 
қалды
.  

 
Сен  екенсің  ғой!  Бір  ауыр  ойға  малтығып  жатыр  ем,  шығарып 
жібергенің қандай жақсы болды. 
 

 
Қалай
 
сезініп жатырсың?
 

 
Кеше мен туралы дәрігерлер кеңесі болыпты ғой…
 

 
Болды ғой.
 

 
Сен  екеуміздің  тек  қана  шығарда  жанымыз  бӛлек 
достығымыздың  ең  бір  сыналар  жері  мен  үшін  дәл  кәзір  шешілмек. 
Ажар, жан досым, шынын айтшы, менің неше күндік тынысым қалды?.. 
 

 
Берісі үш
-
тӛрт күн, әрісі бір жеті...
 

 
Рахмет Ажаржан, жан досым екендігіңді тағы да бір дәлелдедің.
 
Назарын  тӛмен  ұстай  сӛйлеп  отырған  Айша  шамадан  тыс  бүгіліп 
кеткен  белін  жазып  Ажарға  қарады.  Ажардың  екі  кӛзінен  жарыса 
саулап  тұрған  мӛлдір  тамшылар  иегіне  сәл  ілініп  барып,  ӛңіріне 
тамшылап  жатыр  екен.  Дәргерлердің  осындай    қасіретке  кӛп  куә 

 
267 
 
болатындығынан  пайда  болар  қаттылығы  ма,  даусында  діріл 
байқалмаған  еді.  Жаны  жылап  тұрғанын  ӛзі  де  байқамаған  болуы 
керек...
 
Рахметі несі?..   Ажар Айшаға сұқтана қарап қапты.
 
Жақсылық  хабарың  үшін  рахмет!  Менің  мынау  жалған  тірлігім 
кімге  қажет?..  Ертеңгі  күні,  о  жақта,  аз  күн  тірлікте  не  бітірдің  деп 
сұрағанда,  мен  сол  сұраққа  берер  жауабымның  сӛйлемдері  дұрыс 
болмаса да соңғы нүктесін дұрыс қойып кетпек болып отыр едім. 
 

 
Шабыттанып отырсың ғой.
 

 
Қайдағы
 
шабыт?  Бірақ  жоғалтқан  баяғы  байырғы  қалпыма, 
жаратылыс жаратқан ӛз болмысыма түсіп отырғаным рас болар. Менің 
інімді шақыр, ақ халатыңды кигізіп есігімнің алдына қой. 
 

 
Ол не бітірмек?
 

 
Қоштасқым
 
келген 
адамдарымның, 
достарымның, 
ағайындарымның  тізімін  жазып  беремін.  Соларды  шақырады.  Басқа 
ешкімді  кіргізбейді.  Әсіресе  Табыл  менің  кӛзіме  түспесін.  Бүгіннен 
бастап  балаларды  інім  үйіне  алып  кетсін.  Ендігі  қалған  бес
-
алты  күн 
ғұмырымды
 
ӛзімнің
 
қалауымша
 
сүріп  ӛтейін.  Табыл  арқылы  тауып 
алған  жалған  тірлігімді  аттап  ӛтіп,  кәдімгі  дені  дұрыс  адамдарша 
тіршілік  етіп  аяқтайын,  бұл  жалғанды.  Ағайынмен  араздасайын, 
достарыммен  сырласайын,  кӛңілдестеріммен  қоштасайын,  әйтеуір 
мына  соңғы  бес  жыл  жалған  тірлігімнің  жаныма  түсірген  жарасы 
жазылмаса да, беті қабықтанар ма екен? Ана жаққа ең болмаса ауыр 
жүкпен  емес,  жаныма  жақын
 
адамдардың  жылы  сезімінің  аясында 
кетер ме екем?.. 
 
Ұзақ
 
сӛзден шаршаңқырап қалғандай болған Айша сәл
 
тыныстап 
алып:  ―Осылай  Ажаржан...  Қоштасқым  келмейді...  дегендей,  сенімен 
қалай
 
қоштасамын, жалған ӛмірді емес ана екі балам менен мына сені 
қалай
 
қиып кетемін? ‖ –
 
деді.
 
Ӛзін
-
ӛзі
 
қайрап,  қатайып  алған  дертті  жан,  шаршағанын  байқап 
шалқалай бергенін байқап қалған Ажар тез қозғалып, Айшаның басын 
демеп үлгерді. Ол кӛзін жұмып сұлқ түсіп, үнсіз жатып қалып еді... 
 
..Айша  жүзіне  ауру  ӛз  таңбаларын  қаншама  ерінбей 
басқаныменен  табиғат  берген  сұлулық  нақыштары  әлі  де  ӛз  ӛрнегін 
жоғалта  қоймапты.  Ажар  бала  кезден  бастап  оның  сұлулығына 
қызығып,  қанша  ма  рет  сұқтана  қарады  екен?..  Қараған  сайын  оны 
жақсы кӛре түсетін... Оған қоса оның ақылына да тәнті еді... Кенеттен, 
тау жоталарының беткейінен тесіп шығып жататын тұма бұлақтардай, 
Айшаның  жабық  қабақтарының  арасынан  бұршақ  тамшылар  кӛріне, 
ағып  кетер  жер  таппай,  ұзақ  ауру  шүңірейтіңкіреп  тастаған  кӛз  аясын 
талтыра бастады. Ажардың Айшаға деген аяушылық сезімі жаңа ғана 
шегіне  жеткендей...    Дауыс  шығара  жылап  жібергенін  ӛзі  де  сезбей, 
жан  досының  жасын  жұта,  кӛзінен  сүйіп,  үстінде  еңкеген  қалпы,  ұзақ 
тұрып  қалды.  Теріні  тесіп  шығып  жатқан  Айша  жасына  енді  кӛктен 

 
268 
 
Ажар  тамшысы  тама  бастады.  Бар  ӛмірін  бірге  ӛткізген  екі  достың, 
"шығарда  жаным  бӛлек"  дейтіндердің  араласып  кеткен  қайғы
-
қасіреті
 
секілді кӛз жастары да бір ыдысты толтырып жатты... 
 
...Айша басын кӛтеріп Ажарға қарап еді, екеуі де бірден бір
-
біріне 
құшақтарын
 
жая ұмтылысып, дауыс шығара алмай, ӛксік атысып, ұзақ 
отырысып қалып еді...
 
...Айша бұ дүниемен, қимас жандарымен қоштаспақ болған ойын 
жүзеге  асыруды  ойламаған  жерден  жан  жолдасы,  ақыреттік  досы 
Ажармен осылай бастағанды...    
 
         
...Кӛңіл 
сұраушылардан
 
басқа, 
Айша 
сұрағы 
бойынша 
шақырылғандар  да  келіп  жатты..  Айша  кӛңілдене  бастағандай.  Сол 
ӛзгерісті
 
байқаған іні кӛңіліне "иә сәт, беті бері қарағандай болды ғой" 
деген дәме де жылт ете қалған...
 
 
...Айша қателескен екен. Оңаша қалған барлық сәттерін, ұйқысыз 
түндерін  ойламайын  деген  ойлары  мен  еске  алмауға  тырысқан 
естеліктері толтырып, басқаларына жол бермейтінді шығарды...
 
 
...Тау  бӛктерінде,  қыз  табиғағаттың  құшағында  аяланып,  ерекше 
сәнмен салынған жеке үйлерді кӛргенде қызығатыны еске түсіп жатыр. 
Қандай  бақытты  жандар  тұрады  екен  дейтін.  Сыртқы  сәніндей,  мына 
үйлердің
 
іші  де  ғажайып  қуанышқа,  сүйіспеншілікке  толы  болар  деп 
ойлайтын. Солардың тамаша ӛміріне ойша ортақтаса, шаттыққа толы 
тіршіліктеріне  қызығушы  еді.  Сол  сарайлардың  бірі  Табылдікі  болып
 
шықты. Айша енді сондай үй кӛрсе болды кенеттен шошынып, сансыз 
сұраққа кӛміліп жүре беретін болды...
 
...Қандай  ақшаға  салынды  екен?  Ана  қып
-
қызыл
 
кірпіштер  бір 
пақырлардың  тӛгілген  тері  мен  алақаны  күлдіреп,  сыпырылған  терісі 
емес пе екен? 
 
...
Табылдар  баулыған  қанша  қазақ  балаларының  ӛмірі  осы  үй 
үшін
 
түрмеде  ӛтер  екен?...  Табыс  таба  бастаған  жеке  кәсіпкерлерді 
қорқытып
 
үлес
 
алып  тұрыпты...  Олардың  болашағы  қандай  болмақ?.. 
Ата
-
ана үміті күйреп, қарғысын кімге бағыттарын да білмейтін болар...
 
...Үш  қабатты
 
сарайда  отырып    баяғы  ӛздерінің  құрқылтайдың 
ұясындай
 
үш
 
бӛлмесін  сағынатынды  шығарды.  Жалтыраған  қара 
машинаға  отыра  салысымен  кӛшедегі  шұбырған  кӛпшіліктің  қайсысы 
Табылдың машинасын танып,  қарғысын жаудырып жатыр екен деген 
ой  құшағынан  босана  алмайтын  болды.  Қаншама  рет  осы  ойлармен 
азап шекті десеңші...
 
 
Айшаның Табылды кӛрмейін дегені де орындалмады.
 
Табыл  екі  рет  келіп  кіре  алмай  кеткен.  Ол  қаншалықты  ӛзіне  сенімді 
болғанымен алып тұлғалы нар жігітті баса
-
кӛктеп Айша бӛлмесіне кіріп 
кетуге жүрегі
 
дауаламады.
 
Бірақ аңдушы жеңбей қоя ма, ақыры сәтін түсіріп, міне енді Айша 
мен Табыл бір
-
біріне ақырғы сӛздерін айтысып отыр...
 

 
269 
 
...
Айшаның  Табалға  айтары  қалған  ғұмырына  түгел  жетерліктей 
мол  екен.  Бұлар  қоштасып
-
араздасып  отырмағандай,  кіналасып
-
араздасып отырғандай. Бірін
-
бірі аямас қас дұшпандай, жан беріп, жан 
алысар нағыз қанды майданға түскен секілді...
 
...Араларында  жүріп  жатырған  айқас  бір  үйде  ӛмір  сүрген,  бір
-
біріне  жақын  болған  кісілердің  сӛзі  емес,  бір
-
бірін  кӛптен  іздеп 
кездестіре  алмай  жүрген  бітіспес  қас  дұшпандар  кегі  секілді  еді. 
Ауыздарынан  шыққан  әр
-
бір  сӛз,  әрқайсысы  бӛлек  ширатылғанмен 
бірге  есілетін  белдеу  арқан  тіндеріндей  оратылып,  бірін
-
бірі  бірде 
астына басып жатса, енді бірде үстіне шығып, ӛмірдің арсыздығы мен 
ізгілігі,  суайттығы  мен  парасаты  секілді,  бір  жеңіліп,  бір  жығылып, 
араласты да кетті...
 
...Айша  алғашқы  ойынан  айныған.  ―Ауыр  сезімнің  кӛкірегіңде 
кетпегені жақсы, құтылып қал ауыр жүктен‖ –
  
деп, құлағының құрышын 
баяғыдан бері жеп келген ақылшы сыбырына бұ күндерде толық кӛніп 
болған секілді.   Үстеріне кірген дәргерге де, інісіне де Табыл екеуінің 
кездесуіне бӛгет жасамауын сұрады.
 
...Бар  тіршілік  сұрақтарын  жұдырық  күшімен  шешіп  үйренген 
Табыл кірген бетте кӛңіл сұрамастан: ―Мені масқаралап кетпек екенсің 
ғой!..  Ерлі
-
зайыптыларды  бір
-
бірінің  жан
-
жары,  ӛмірлік  серігі  дейтінің 
қайда?..  Адам  баласының  есіне  түспес,  ешкім  естімеген  жаза  ғой 
мынауың!..  Кіргізбе  депсің...  Ӛмірімде  мені  ешқашан  ешкім  осылайша 
қорлап
 
кӛрген  жоқ  еді!  Қорладың  мені!‖  –
   
деді,  даусын  қатты 
шығармауға  тырысып,  тұншыға  сӛйлеген,  алпамса  жігіт,  таңқылау 
мұрынын  уқалап
-
уқалап  жіберіп.  Бокс  ойыны  кезінде  тұмсыққа  тиген 
соққыдан кейін уқалап әдеттенген болса керек. Қара сұр жүзі күреңітіп 
алыпты.  Әлжуаз,  әлсіз  әйел  бұған  шыныменен  нокдауын  аларлықтай
 
соққы берген тәрізді. 
 
Айша  ӛзіне  таң.  Сабыр  тапқан.  Бұрын  негізгі  құралы  ретінде 
пайдаланылатын  дәлел  айту,  ашу  шақыру,  ақталмаққа  тырысу 
әдеттерін
 
бұл  жолы  ұмытқан.  Ол  тіпті  Табылды  емес  басқа  біреуді 
ойлап отырғандай, солармен тартысқа түскендей...
 
―Әттеген
-
ай,  деп  жауап  қатты  Айша  –
 
сенің  кім  екеніңе  кӛзім 
жеткеннен кейінгі азапты күндерімді есіме алмай, соған себепкер сені 
кӛзім  кӛрмей  кетсем  бе  деп  едім...  Ендігі  мына  минуттарым  маған 
сенімен сүрген ғұмырымнан да ұзақ болып кӛрінетін болды
-
ау!.. Маған 
тарттырар азабы да аз болмас‖

Табыл  да  аптығын  басқан  екен.  Сұхбаттасып  отырғандай 
кейіппен енді сӛзін жай бастады.
 

 
Соңғы  кезде  байқай  бастадым,  сен  ӛзіңді  менен  кӛш  ілгері 
санайтын  секілдісің.  Ойланып  қарап  менен  қай  жерің  озық,  қай 
дәрежең артық екенін таба алмай
-
ақ қойдым. Білімі артық дейін десем 
екеуміздің  де  бітіргеніміз  бір  университет.  Еңбегі  артық  дейін  десем, 
мен университетті оқып жүріп бокстан спорт шебері атағын қоса алған 

 
270 
 
болатынмын. Жарайды оқу, аяққа тұру кезеңін қалдыралық. Ер жеттік. 
Ӛзіміз
 
ӛмірге
 
араластық.  Ал  тағы  да  салыстыралық.  Мен  не 
тындырдым, сен не тындырдың?..
 

 
Тындыру деп адал еңбекпен тындырылған істерді айтар болар. 
Сен  ӛзің  қарақшы  болып  кеткеніңмен  тұрмай,    қаншама  қазақтың 
жастарын  бұздың?  Олар  ӛз  ата
-
аналарының  ұлым  кісі  болады  деген 
қаншама
 
үміт
-
армандарын  тәркі  етті?  Бірақ  сен  оны  түсіне  алмайсың 
ғой


 
Ондай  түсінік  не  берді  саған.  Екі  балаңа  кеше  бір  үзім  нан 
тауып бере алмай жүрген сен едің. Енді мойыныңда алмаз, құлағыңда 
брилиант, аузыңда бал. Саусағыңа қарашы, алтын мен күміс.
 

 
Бұл  ӛмірдегі  пенденің  басты  мақсаты  артына  жақсы  ұрпақ 
қалдыру
 
мен  ӛз  ішкі  дүниесін  кісілік  қасиетке  келтіру  десем  сен  оған 
баяғыша ―сандырақ‖ дейсің ғой.
 

 
Ақылды  адам  секілдісің!  Шыныңды  айтшы  саған  не  керек  еді, 
бұл ӛмірде?..
 

 
Маған  Абылдың  орнын  басатын  кісі  керек  еді  ғой!  Сол  кісінің 
кісілігі керек еді ғой.  
 

 
Мен  ӛзімді,  Абыл  секілді,  табиғат  дарын  берген  адамдардың 
бірімін деп есептеймін. Қолға алған кез
-
келген шаруа ӛзім қалағандай 
боп  тынып  жатады.  Ойлаған  істерін  шетінен  ойдағысындай  орындап 
шығып жүрген кімді кӛрдің? Менен ілгері деген кісілеріңді санап берші. 
Айтшы сол кереметтеріңнің бұ тірлікте не тындырғандарын? Менің осы 
сайлауда 
депутаттыққа 
ӛте 
алмай 
қалғандығым 
болмаса, 
тындырғаным  аз  емес.  Салыстыршы  басқалармен.  Соларыңның 
қанша
 
байлығы бар, қанша айлығы бар?...
 

 
Байлық,  айлық  –
   
деп  сыбырлап,  Айша  басын  шайқады. 
Шаршағаны  байқалып
-
ақ  тұр.  Бірақ  әлі  де  айтқысы  келетін  сӛзі  бар 
секілді.  Табыл  бетіне  ұзағырақ  қарап  қалды.  Табылға  аяушылық 
сезіммен қарайтындай...
 

 
Табыл,  мен  шаршап  отырмын.  Саған  айтар  соңғы  сӛзім  бар. 
Қолыңнан
 
келсе тыңда, тыңдағың келмесе қоштасалық.
 
...Айт,  тыңдайын!  –
 
деді,  иесінің  алып  денесіне  түймедей 
мұрынның  жараспай  тұрғанынан  ұялып,  ұясына  әрегірек  барып 
тығылғандай, шүңірек кӛзін сығырайта түсіп.
 
 
...Айша  біреуге  бағыштап  сӛйлеген  кісінің  кейпінде  емес,  ойға 
батып  кетіп,  ӛзі  байқамай  сӛйлеп  отырған  жандай.  Кереуетінің 
тұсындағы  терезеден  қарап  тұрған  біреумен  әңгімелесіп,  сыр  ашып 
отырғандай, сабырлы, әуезді қоңыр даусымен сӛйлеп отыр... 
 

 
Тышқақ  баланың  дамбалының  ауындай,  бір  адал  жерің  жоқ. 
Қолың
   
қан,  жегенің  арам.  Тәнің  сасық,  жаның  пасық.  Ау,  бұ  тірліктің 
сәні  мен  мәні  азаматтық  қасиетте,  кісілік  парасатта  дейтін  қағиданы 
естіп  ӛскен  жоқсың  ба?  Қайда  сол  қасиеттер?..  Ӛз  бойыңды  тінтіп 
кӛрші,  кӛрелік  не  табар  екенсің?  Сен  бекерге  үйленбей  жүрмеген 

 
271 
 
екенсің.  Пасық  жаныңды  түсініп,  сасық  ойыңды  сезіп  қояды  деп 
қорыққан
 
боларсың.  Ӛткен  ӛміріңді,  кешкен  ғұмырыңды  түгелдей 
арамдап  тастағаның  тек  қана  маған  аян.  Мынау  мағынасыз  заман 
кедергілерін  айналып  ӛту,  мынау  талғамсыз  адамдарды  алдап  ӛту 
сенің қолыңнан келді. Ол ол ма, жазығы жоқ жастарды қылмыс жолына 
баулыдың.  Соны  толық  түсініп,  енді  сенен  іргені  бӛлек  салмақ 
болғанда,  кӛрдің  бе,  тағдыр  тағы  да  сен  жағына  шығып  кетті.  Менің 
ғұмырым
 
иненің  ұшында  қылтылдап  тұр.  Екеуміз  сүрген  жалған 
ӛмірден
 
аттап кетуге жетпей қалды. 
 
 
...Қабыл да Ажарды мүсіркей қарап, ӛзінің анық білетін ақиқатын 
түсіндіре  алмағанына  ӛкінетіндей  екен.  Заман  ӛзгергенін,  адамның 
соған  бейімделуі  қажет  екенін,  амалсыз  сол  жолға  түскенін  айтып,  ӛз 
шындығын қорғай бастады...
 
Айша, сен тек қана мені емес, бүкіл ӛмірдің тартыс пен күрес
 
екенін түсінгің келмеді емес пе? 
 

 
Онда  кӛзіңе  елестетіп  кӛрші,  осы  жер  бетіндегі  барлық  пенде 
кенеттен  барлығы  бірдей  сен  мінезді,  сен  қылықты,  сен  пиғылды 
болып  кетті  делік.  Сонда  бұл  әлем  неменеге  айналып  кетер  еді?.. 
Айша,  бұл  енді  не  дер  екен  дегендей,  Табыл  бетіне  барлай  қарап 
қалыпты


 
Жаратылыс мына жұмыр жерге күштілер мен әлсіздерді берген. 
Заман  қай  уақытта  да  күштінікі.  Күштілер билер еді,  әлсіздер соларға 
еңбек  етер  еді.  Сен  бұдан  қандай  жаңалық  іздеп  отырсың?
 
Күштілер 
ӛзіне
 
керегін  алып  болғанша  ғана  зорлық  жасайды.  Ал  содан  кейін 
олар әлсіздердің қамқоршысына айналады. Тәртіп орнататын солар... 
Табыл  Айша  сӛзін  ӛкпесіз
 
қабылдап,  ӛз  тірлігін  табиғат  заңына 
сәйкестендіре бастады.  
 

 
Айталық,  Табылдан  да  күшті  біреу  шықты,  ол  сені  ӛзінің 
диірмен  тастарының  арасынан  ӛткізіп  ұн  етіп  жібермек,  не  болмаса 
тері илейтін иге салып былқылдатып илеп алмақ, халық алдында қара 
есекке теріс мінгізіп масқараламақ делік. Сонда сен не амал істейсің?.. 
 

 
Онда  менің  күшті  болмағаным,  оның  күшті  болғаны.  Онда 
заман сонікі, мен соның дегеніне кӛнемін.
 
 
Айша Табылдан торыққанын білдіріп басын шайқады да, ӛзімен
-
ӛзі
 
сӛйлесетін әдетіне түсіп кетті...
 

 
Сенің атыңды Табыл емес Қабыл қойғаны дұрысырақ болатын 
еді. Мен сені кісі деп қабылдап, кісі деп ӛкпелеп келіппін. Енді сездім. 
Сен  кісі  емессің.  Сен  Қабылсың.  Сен  мен  ойлағандай  сырласарлық, 
жан сырын ашарлық жан емес екенсің. Сен әуел баста Аллатағаланың 
адамшылық, еңбекқорлық, ізгілік атты жаратқандарының қадір
-
қасиетін
 
білдіру  үшін  Абылдың  бағасын  адамдарға  таныту  үшін  қарама
-
қарсы
 
жаратқан Қабылысың. Мынау басымызға жаңа заман орнап жатқанда, 
қазақ
 
халқының  елдік  қасиеттерін  қалпына  келтіру,
 
сақтап  қалу 
жолында еңбек етіп жатқандардың еңбегін таныту үшін, жамандық пен 

 
272 
 
зорлықтың үлгісін түсіндіру ретінде тудырылған кӛрнекті құралсың. Сен 
түк  те  емессің!..  Сен  адам  да  емессің...  Ел  сен  секілділердің  кім 
екендеріңді  танып,  қорықпай  жар  салып  жария  еткен  күннен  бастап 
жұрттың қолы теңдікке, басы бостандыққа, аузы адалға жетпек...
 
 
...Мен  тағдырыма  тағы  да  ризамын.  Адамдық  пен  адалдықты 
үйрететін
 
Абылға  кездестірді...  Енді  сен  арқылы  сендейлердің 
болмысын  да таныдым. Сендерді алғаш таныған да мен шығармын... 
Енді  бүкіл  елге  жар  сала  айқайлармын,  аузым  жетер  жерге 
хабарлармын... 
 
...Айша шаршаңқырап қалғандай... 
 
 
...Қабыл  ойланып  отыр.  Жақсы  дәлелдер  тауып,  орынды 
сӛздермен  жауап  бермек.  Ӛмір  күштілердікі  екенін  ұқтырмақ...  Ӛзінің 
сол  күштілер  ордасының  ӛкілі  екенін  мақтан  тұтпақ...  Сол  пікірлерін 
тағы да бір түсіндіріп кӛрмек...
 
 
Сӛзін жай дауыспен бастады.
 
 
...Айша!..
 
Қырындау
 
отырған  Табыл  Айша  бетіне  тура  қарамақ  болғандай  
еңсесін  туралап  бұрыла  беріп  еді,  қатты  шошынып  қалды.  Айшаның 
кӛзі тұманданып, мағынасызданып бара жатыр екен... Оның соңғы күші 
бұны  аяуға  ғана,  басын  шайқауға  ғана  жеткендей,  сәл  діріл  қақты  да 
үзіліп
 
жүре берді...
 
...Тұла  бойын  шабақтап,  шаншып
-
шаншып  ӛткендей  болған  бір 
сезім Табыл денесін бір сәтте бірнеше рет аралап ӛтті...
 
 
...Ол Айшаны сүйетінін, тіпті сонау студент кезінен сүйетінін енді 
түсінгендей еді... Кӛзіне бір тамшы жас ілінді...
 
 
 
 
 
 
 
12 шілде 2003 жыл.  Ақтау қаласы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
273 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет