Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет26/26
Дата15.03.2017
өлшемі1,66 Mb.
#9877
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

 
 

 
293 
 
 
 
 
Мҧғалима апай
 
 
Бұл  естелік  ретінде  жазылғалы  отырған  қысқаша  ой  толғау 
әңгімемізді
 
жай ғана «Мұғалима апай» деу орнына «Мұғалима Мұхтар 
қызы
 
Әузова» деп,  ұлы тұлғалар атымен ұлықтай түссе де болар еді. 
Бұл әрекет о кісінің аты
-
жӛнінің ажарлы оқылуына, айбынды естілуіне,
 
сӛзсіз,  ӛз  үлесін  қоса  түсер  де  еді.  Дегенмен  Мұғалима  апайды  ұзақ 
уақыт ӛмір сүрген ортасы «Мұғалима» атымен танығандықтан біз де о 
кісі  туралы  естелігімізді  жай  ғана  «Мұғалима  апай»  деп  атауды  жӛн 
кӛрдік. 
 
Осындай  шешімге  келуімізге  апайдың  ұзақ  ӛмірінде  осы  ұлы 
тұлғалар атымен мақтана ӛмір сүруге мүмкіндігінің аз болғаны да, тіпті 
анасының  жасырын ұстауға тырысқаны да себеп болған секілді. 
 
Қазақ
 
халқының ӛмірі мен ӛнері атты ұлттық келбетіне: бұлақ  та емес, 
ӛзен
 
де емес дария болып құйып келген бұл әулеттің  бергені қаншама 
мол  болса,  болашақ  берері  де  аз  болмас  деп  ойлаймыз.  Ондай 
қортындыға
 
жылдан  жылға  байтағымыздың  әр  түкпірінде  Мұхтар 
Әуезов
 
атындағы  мектептердің  ӛмірге  келуі  де,  бір  туар  азаматымыз 
Мұрат  Мұхтарұлы  Әуезов  еңбектерімен  таныс  болуымыз  да 
итермелеп  отыр.  Соларға  қоса  біз  Мұхтар  Омарханұлының  кейбір 
немере,  шӛберелерін  жақсы  білетін  едік.  Солар  ішінде  болмысы 
ерекше үрпақ  барлығын байқағандықтан да дәмете айтып отырмыз. 
 
Мұхтар  Әузов  аты  бізге  оқушы  ретінде  «Абай»  романын 
оқығаннан  бастап  таныс  еді,  ал  кейінірек  маған  жалпы  Әуезовтер 
әулетімен
 
таныс болу, жақын болу бақыты бұйырды. Біз бұл туралы аз 
ғана
 
сыр аша кетпек болып отырмыз. 
 
Қазақ
 
политехникалық институтында курстас, группалас болған, содан 
бастап  достасып  кеткен  Тәуке  Әнесұлы  Алтынбеков  мырзаның 
Мұғалима апай қызы Гүлжаһанмен шаңырақ кӛтергені  біз секілді жай 
оқушыны  ұлы  тұлғамен  рухани  жақындата  түсті,    ұлы  тұлғаның 
әулетімен
 
жақынырақ  таныс болу мәртебесіне ие етті.
 
Тәуке  мырза  екеуміздің  арамызда  тӛрт
-
бес  жылдық  жас 
айырмасы  айырмасы  болса  да,  мен  оны  ешқашан  іні  тұтып  кӛрмеген 
секілдімін.  Олай  етуге  оның  жас  басымен  жан
-
жақты  білімділігі, 
талқыланып, не сӛз қозғалып жатырған мәселеге ешкімнен тайсалмай 
ӛз
 
кӛз  қарасын  білдіре  алатындығы  әсер  еткен  болса  керек.  Тәукенің 
энциклопедиялық білімі, жалпы ӛмір мен жаратылыс туралы  танымы 
оны  кез
-
келген  жасы  үлкен  кісімен,  кез
-
келген  атақты  адаммен 
теңестіріп  жіберетін.  Содан  да  болар  мен  онымен  барлық  мәселе 
бойынша ақылдасуға, пікір салыстыруға тырысатын болдым.  Ӛйткені 
барлық
 
жағдай туралы ол ӛзгенің емес ӛз пікірін ғана айта білетін және 
қорғай
 
алатын жан.
 

 
294 
 
Сәті түскен бір күні Тәукенің арқасында Мұхтар Омарханұлының 
алғашқы  жары  Райхан  Какенқызын  кӛрдім.  Бір  дастархан  басында  ас 
іштім.  Әттең,  кейін,  қырық  жылдан  соң  осындай  естелік  жазарымды 
сезсем сол күні сондай тарихи тұлғамен жақынырақ танысуға, кӛбірек 
сӛйлесуге тырысар ма едім?.. Қазір бізге о кісінің сәнді ғажап кимешегі 
және сынын жоғалтпаған сырлы аяқтай келбеті ғана елес береді...
 
Әрине,  содан  бері  қырық  жыл  ӛткенде,  біз  «Абай
-
Шәкәрім» 
кесенесін салып Абай туралы кӛбірек ой толғап жүрген кезде, Мұхтар 
Әуезовтің
 
ата
-
анасы  «Омархан
-
Нұржамал»  кесенесін  тұрғызып, 
Мұхаңның  ұлы  Мұратпен  таныс  болған  кезде  біз  Райхан  ана  туралы 
ойланамыз. Ойланамыз да кейбір сұрақтарға жауап іздей бастаймыз... 
 
...Мұхтар  сынды  табиғат  берген  мол  дарынын  ӛзі  жастай 
мойындап  ӛскен,  соған  лайық  болуға  тырысқан  «болар  бала»  атты 
тұлғаның талғамының қандай болғандығы...  
 
...Әулиедей  Абай  балаларының    қамқорлығына  лайық    жігіттің 
алғаш жүрегін елжіреткен нұр шапағатын сезіну әуестігі...
 
...Ерекше  ержетіп  келе  жатқан,  болашақ  әлемдік  тұлғаның  
тұңғыш  ғашық болған қызының  тек қана жүзінің емес кӛкірек кӛркінің 
де  қандай болғандығы...
 
...Ұлы 
Абайдың 
Әйгерім 
анамыздан 
тұңғышы, 
алаш 
ардагерлерінің  досы,  қазақтың  бір  туар  ұлдарының  бірі    Тұрағұл 
атамыздың  Мұхтарға  лайық  деп  таңдауы  түскен  қыз  бала,  ӛз 
ортасында  таңдаулы  бола  тұрып,  жетім,  жесір  атануы...  Жауабы  жоқ 
бұл  сұрақтар  –
 
кӛзіміз  кӛрген,  ортамызда  жоқ  екі  қазақ  қызы  туралы 
сұрақтар еді...
 
...Бұлар ұлы Мұхтардың тұңғыш жары, тұңғыз перзенттері еді...
 
...Мұхар  Омархан  ұлы  Тұрағұл  қамқорлығымен  1917  жылы 
Райхан  сұлуға  үйленеді  де,  Мұғамила  апайымыз  1918  жылдың 
қысында
 
ӛмірге
 
келеді. 
 
 
Біз  сол  Райхан  анамызды  бір  рет  кӛрген  едік  деп  ескертіп 
ӛткенбіз.  Есімізде қалғаны ол кісі –
 
сабыр мен шыдамнан, қанағат пен 
шүкіршіліктен сомдап жасаған кәдімгі қазақ қызының мүсіні болатын...
 
...Мұғалима апайдың кӛптеген мінездері анасына тартқан секілді. 
Бірақ  бұ  кісінің  бойында  кӛпшілік  қазақ  қыздарының  бойында 
кездесетін  ерлік  қасиеті,  керек  кезде  ерекше  шешім  қабылдай  алар 
батылдығы  басымырақ  болса  керек.  Соның  арқасында  он  жастағы 
қаршадай
 
қыз
   
тӛрт  жылға  жуық  түрме  есігін  қарауылдап,  қапастағы 
әкесіне
 
қарлығаш
 
қанатымен
 
су  тасиды.  Кісі  есігінде  ӛмір  сүріп

ержетеді. 
 
Әр
 
пенденің  ұлы  жаратылыс  маңдайына  жазған,  махаббат 
мәселесінде, жар таңдау кезінде  шешімді ӛзі қабалдап, ұлы әкенің де, 
басқаның  да  ақылымен  емес,  ӛз  шешімімен  тұрмыс  құруға  батылы 
жетеді. 
 

 
295 
 
Ӛліге
 
санап жүрген анасының хабары шыққан сәтте тауып алып, 
қырық
 
жылға жуық мәпелеп күтеді.
 
Тауке  достың  арқасында  Мұғалима  Мұхтарқызы  Әуезова 
апаймен  жақсы  таныс  едік.  Бір  жолы  біз  ұлымызды  сүндетке 
отырғанымызды  естіп  (1974  жылы)  немере  жиенін  сүндетке 
отырғызбақ  болып,  бізден  кӛмек  сұрады.  Сүндет  шаруасымен  кӛп 
айналысып жүрген дос оташыны алып келдік. 
 
Сол  кеш,  кеш  емес  сол  түн  естен  кетпес  уақиғаға  айналып  еді. 
Оташымыз  оқыс  қимылды  кісі  еді.  Кірген  бойда  алдымен  шаруаны 
тындырып тастады. Содан кейн дастарханды қызықтадық. Іштік, жедік, 
тойдық. Бала қыңқылдай
 
бергесін қарап келуге кеткен Гуля «қан кетіп 
жатыр»  деп үрейі ұша  хабар  айтты.  Оташымыз  қан  кеткен  жерге шов 
салып  тастайды.  Қан  тоқтап  біз  біраз  тынышталамыз.  Біраздан  кейін 
басқа жерден кетеді. Оташымыз тағы бір «шов» салады. Қан тоқтайды. 
Біраздан кейін қайта кетеді... Сонымен таң атырып едік... 
 
Мұғалима  апай  алдында  мен  ӛзімді  кінәлі  санап  жаным  шығып 
барады.  Бірақ  тұла  бойынан  бекзаттық  нұры  сезіліп  тұратын,  ажарлы 
жүзінен  сабыр  салмағы  сезіліп  тұратын  апай  бәрімізді  шыдамға 
шақырумен болып еді...
 
Әйтеуір
 
арты жақсы болып, Бәйкен жақсы жазылып кетті...  
 
Қазақ
 
халқына ӛз ата
-
бабаларын құрмет тұтуға  мүмкіндік берген 
заман  туған  шақта,  Мұхтар  Әуезов  атымен  тек  қана  жақындары  емес 
еліміз  мақтана  бастаған  шақта  Мұғалима  апай  «Әкемнің  тұңғышы 
едім» атты естелік әңгімесін жазып, кітап қылып шығарды. 
 
Бір  сәтті  күні  белгілі  абайтанушы  Бейбіт  Сапаралы,  мен  және 
Тәуке  Мұғалима  апай  үйінің  дастарханынан  дәм  татып  отырдық. 
Ортамызда  университеттің  соңғы  курсындағы  Қуаныш  Қари  атты 
талапты  жас  болды.  Бейбіт  те,  Қуаныш  та  Шыңғыстаудан,  Абай 
аулынан болатын.
 
Біздер  сол  дастарханда  отырып  Қуанышқа  диплом  жұмысының 
тақырыбы  ретінде  Мұхаң  ӛмірін  таңдауды  ұсындық  та,  Мұғалима 
апайдан  Мұхаң  туралы  естеліктерін  Қуанышқа  айтып  беруін  сұрадық. 
Екеуі  де  келісті.  Содан  кейін  Қуаныш  диктофонға  сегіз  сағаттық 
Мұғалима апай естеліктерін жазып алып, диплом жұмысына арқау етті.
 
Сол  тындырылған  жұмыс  арқасында  Қуаныш  жоғары  дәрежеде 
диплом қорғап шықты да, Мұғалима апайдың «Әкемнің тұңғышы едім» 
атты кітабы жарық кӛрді.
 
Жаны  Жәннәтта  болғыр  Мұғалима  апай  сол  кітабы  шыққаннан 
кейін ӛзіне
-
ӛзі
 
риза болып, қуана әңгімеп, жалпы елге таныла бастады. 
Радиодан сӛйлеп, теледидардан кӛрініп кӛңілденіп жүрді.  
 
Мұғалима  апайға  ӛзінің  сол  кітабы  ерекше  әсер  еткен  болатын. 
Ел алдында мақтанарлық шаруа бітірді. Ӛмір бойы ӛзі зорлап ӛшірген, 
кейде  жұрт  алдында  жар  салғысы  келетін  ішкі  сезімдерін,  ӛз  тегіне 
деген мақтаныш сезімдерін лаулата бастағандай еді.
 

 
296 
 
Аз ғана жыл ұлы әкенің атымен ашық мақтанатын жағдайға жетті.
 
Ұзақ
 
ӛмірінде
 
пайдалана алмай кеткен, ұлы жаратылыс сыйлаған 
атағымен ардақталды.
 
Халық құрметіне
 
бӛленді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
297 
 
 
 
Мазмҧны
 
 
Абай әлеміне саяхат
 
 
 
 
 
 
 
 

 
Күл Кӛмеш дастаны (орысшадан аударма)
   
 
 
 
73 
 
 
 
 
Менің Әбішім 
 
 

 
Әбіштің
 
алпысына алпыс әнгіме
 
 
 
 
 
123 

 
Алпыс пен жетпіс арасы (он әңгіме)
   
 
 
 
176 

 
Махаббат кӛктемі
   
 
 
 
 
 
 
184 
 
Әңгімелер
   
 
Адамгершілік әліппесі (нақыл  әңгiмелер)
 
 
 
 
209 
 
Мүңгірт пен Мәңгүрт
 
 
 
 
 
 
 
240 
 
Айрақты тауының соңғы құлжасы
 
 
 
 
 
251 
 
Жалған тірлік (әңгіме)
 
 
 
 
 
 
 
257 
 
Барақыла базарындағы сауда
   
 
 
 
 
270 
 
Қасқабақ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
273 
 
Келтір
 
 
 
 
 
 
 
 
 
277 
 
Майлы қиян Маңғыстаудың алғашқы мұнайы
 
 
 
278 
 
Менің нағашыларым
 
 
 
 
 
 
 
283 
 
Оқыс қылықтар 
 
 
 
 
 
 
 
 
286 
 
Хан талапай
  
 
 
 
 
 
 
 
288 
 
Мұғамила апай (Мұғамила Мұхтарқызы)
 
 
 
 
291-295 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет