Сайын Назарбекҧлы



Pdf көрінісі
бет4/26
Дата15.03.2017
өлшемі1,66 Mb.
#9877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Он жетінші сӛзге саяхат
 
 
 
Дәмі қайтпас,
 
бұзылмас тәтті бар ма?
 
 
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.
 
 
Қай
 
қызығы
 
татиды қу ӛмірдің
 
 
Татуды араз, жақынды жат қыларға? 
 
 
 
Абай  осылай  деген  екен  бір  ӛлеңінде.  Татумен  араздасуға, 
жақыныңмен  жат  боларға  бұ  тірліктің  еш  қызығы  татымайтынын, 
тіршілік қызығы бірлікте екенін мысал арқылы түсіндіреді.
 
 
Абай қайрат, ақыл, жүрек үшеуін айтыстырады. Үшеуінің таласын 
тыңдап: "Қайрат, сенің адам баласына тигізер пайдаң да кӛп, залалың 
да  соншалық.  Ақыл,  барлық  адам  жақсылықты  да,  жамандықты  да 
ақылмен  істейді.  Егер  таза  ұстаса,  ізгі  қылықты  болса,  үлкеннен 
ұялтатын,  кішіге  рахым  еткізетін,  жақсылыққа  сүйіндіретін  –
 
жүрек!"  –
 
дейді, үшеуінің дауларын шешуге сӛз алған ғалым.
 
 
Біз  Абайдың  осы  мысал  аңызын  оқып  отырып  түсінгеніміз  –
 
әр
 
түрлі  адамдар  түгілі,  бір  адам
 
басындағы  қасиеттердің  де  бір
-
бірімен 
ниеттес бола бермейтіндігі. 
 
 
Ғалым
 
әлгілерге,  үшеуің  бір  болып,  ізгі  ниетті  жүрек  айтқанына 
бағына ӛмір сүрсеңдер –
 
ӛздеріңнің
 
иелеріңді бақытты етесіңдер деген 
тұжырым жасайды.
 
 
Біздің  қосымша  айта  кетеріміз,  Сіздің
 
ішкі  дүниеңізді  мүмкін 
замандастарыңыз танымас, мойындамас. Сіз атақты бола алмауыңыз 
да  мүмкін.  Бірақ  Сіз  ӛзіңіз  Абайдың  адамшылық  стандартына 
шақталып,  қайратыңыз  бен  ақылыңызды  ізгі  жүрегіңізге  бағындыра 
ӛмір
 
сүріп, еңбек етсеңіз, ой ойлап, сӛз сӛйлесеңіз, ӛзіңізді ӛзіңіз іштей 
мақтап, "Мен Абай армандаған адамдаймын!" дей аласыз.
 
 
Абай  адамдарды  қандай  түрде  кӛргісі  келеді,  міне,  он  жетінші 
сӛздің  басты  міндеті  осыны  анықтап  беру  болса  керек.  Ойшыл 
бабамыз дегеніне жеткен секілді.
 
 
Абай, қайраты мен ақылын ізгі жүрекке бағындыра жұмыс істеген 
адамды, басқаларға үлгі тұта: "Табанының топырағы кӛзге сүртерлік –
 
қасиетті
 
адам!" –
 
деп баға береді.
 
 
Абайдың  осы  қара  сӛзіндегі  асыл  ойды  ақыл  таразысына  салып 
қарасақ
 
"қасиетті кісі" дәрежесіне жетуге әр кімнің
 
де мүмкіншілігі бар 
секілді.  
 
 
 
 
 
 
 
 

 
35 
 
 
Он сегізінші сӛзге саяхат
 
 
 
Абай  бұл  сӛзін  халық  арасында  "кербез"  атын  таратуға 
тырысатындарға  арнапты.  Ӛзіне  табиғат  бермеген  сәнді  қолдан 
жасамақ  болып  әлекке  түсетіндерді,  кедейлігін  жасырып,  бар  болып 
кӛрінуге тырысатындарды сӛз етеді. Бұл сӛздер бар тірлігін отбасына, 
ӛз
 
басына  пайдалы  еңбекке  емес,  әркімге  еліктеуге  тырысып,  қор 
болатындарды ойлай отырып жазылған секілді.
 
...Тегінде,  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл, ғылым,  ар,  мінез 
деген  нәрселермен  озбақ.  Онан  басқа  нәрсеменен  оздым  дегеннің 
бәрі де –
 
ақымақтық.
 
Бұл –
 
Абай сӛзі. Абай  –
 
ойы.
 
Орынсыз  кербездікке  құмарларды  тек  қана  Абай  емес,  басқа  
адамдар да кӛрмей жүрген жоқ, кӛріп жүр. Бірақ олар "ақымақсың" деп 
айта алмайды, ӛйткені олар Абай емес.
 
Абай  ғана
 
айта  алған.  Абай  солар  үшін  жаны  күйгесін  айтып 
отыр. Жаны күйген Алласын қарғардың кебі ғой...
 
Абай қара
 
сӛздері ӛлеңдерімен үндестік тауып толығып отырады:
 
Бір ғылымнан басқаның бәрі бекер асқанға,
 
Ӛйткен
 
адам  жолығар  кешікпей
-
ақ  тосқанға,  –
   
деп  келетін  ӛлең 
жолдары жоғарыдағы сӛзімен толық қабысады. 
 
Абай  бұл  сӛзінде  адамның  ішкі  жан  дүниесін  байытуға  күш 
салады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
36 
 
 
 
Он тоғызыншы сӛзге саяхат
 
 
 
Қазақ
 
халқының  "есті  адам"  дейтін  сӛз  тіркесі  бар  еді.  Сол  сӛз 
тіркесінің мән
-
мағынасына біз Абайдың он тоғызыншы сӛзін оқығаннан 
кейін, зейін қоя бастадық. 
 
 
Абай  адам  пенделері  тіршілікте  болып  жатырған  жақсы 
нәрселерді ескеріп жүрсе, жаман нәрселерден сақтанып жүрсе, оқыса, 
тоқыса, білгені кӛп болады, білімді адам болады дейді. 
 
 
"Естілердің  айтқан  сӛздерін  ескеріп  жүрген  кісі  ӛзі  де  есті 
болады," –
 
дейді Абай.
 
 
Естігендеріннен,  кӛргендеріннен  ӛзіне  пайдалы  ештеңе  ала 
алмайтын болса, шыға беріп қайта қалпына келетін болса, Абай ондай 
кісілерден қатты торығады. 
 
 
"Осындай сӛз танымайтұғын елге сӛз айтқанша, ӛзіңді танитұғын 
шошқаны  баққан  жақсы  деп  бір  хаким  айтқан  екен,  сол  секілді  сӛз 
болады," –
 
депті, Абай.
 
 
Біздің  ойымызша,  Абайдың  бір  хаким  деп  отырғаны  ӛзі  болса 
керек.
 
 
Әйтпесе
 
әлгі
 
шошқа  бағу  туралы  мысал  сӛзді  біз  басқалар 
еңбегінен кездестіре қоймаппыз.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
37 
 
 
 
Жиырмасыншы сӛзге саяхат
 
 
 
Жиырмасыншы  сӛз  адам  бойында  кездесер  аса  бір  қауіпті,  аса 
бір жағымсыз қасиетті талдауға арналған. Ол қасиет аты –
 
жалығу.
 
 
...Тамақтан  да,  ойыннан  да,  күлкіден  де,  мақтаннан  да, 
кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да кӛңіл аз ба, кӛп пе 
жалығады...  Бұл  сӛзді  Абай  айтып  отыр.  Бірақ  жалығудың  ӛзі  ақыл  
мен ойдың жемісі екенін ескертіп қояды. 
 
 
Бұл сӛзін Абай: "Бұлай болғанда ақымақтық, қайғысыздық та бір 
ғанибет
 
(арабша  олжа,  табыс)    екен  деп  ойлаймын,"  –
   
деп 
қорытындылап,  оқушыларына  бастаған  ойын  аяқтап  тастауға 
қалдырады
.  
 
Абай  санап  ӛткен  адам  басында  кездесіп  жататын,  жоғарыда
 
саналып  шыққан,  уақиғалар    ақылы  жеткен  адамды  аз  ба,  кӛп  пе 
жалықтырады екен. 
 
Абайдың бұл арада жазбай кеткен біраз ойы бар секілді. 
 
Ақылды адам ӛмірді біраз қызықтағаннан кейін ойланбай ма?
 
Мен  неге  сонша  ойнап  кеттім,  неге  орынсыз  күлкіге,  мақтанға 
құмарланып
 
алдым? Маған кербезденген күндерім не берді?..
 
Ӛз
 
қылығына,  ӛз  ісіне  күндердің  күнінде  ӛзі  разы  болмаған 
ақылды  адам  міндетті  түрде  дұрыс  жолға  түсер  болар.  Ал  егерде  ол 
ӛзгермесе
 
онда  ол  Абай  айтқан  ақымақтық  пен  қайғысыздықтың 
рахатын кӛріп жүргендердің бірі болмақ.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
38 
 
 
 
Жиырма бірінші сӛзге саяхат
 
 
 
Абай  ӛзінің  жиырма  бірінші  сӛзін  адам  пенделерінің  бойында 
кездесетін "Мақтан" сезіміне арнапты. 
 
Мақтан  сезімін  екі  түрге  бӛліп,  бірін  үлкендік  мақтаныш  десе, 
екіншісін мақтаншақтық деп атайды.
 
Сонда Абайша үлкендік деген не? 
 
Үлкендік
 

 
адам ішінен ӛзін ӛзі бағалы есеп қылмақ. 
 
Біздер  Абай  ойлағандай  үлкендік  дәрежеге  жету  үшін  ауық
-
ауық 
ӛзімізге
 
ӛзіміз
 
есеп  беріп  отыруымыз  керек  екен.  Істеген  істерімізге, 
сӛйлеген  сӛздерімізге  баға  беріп  отыруымыз  керек  екен.  Абай  бұл 
ойды тағы бір сӛзінде келтірген болатын. Бұндай адамдардың мақсаты 
ӛзіне
 
жаман атақ тағылмауын қамтамасыз ету. 
 
...Яғни,  надан  атанбастығын,  мақтаншақ  атанбастығын,  әдепсіз, 
арсыз,  байлаусыз,  пайдасыз,  сұрамшақ,  ӛсекші,  ӛтірікші,  алдамшы, 
кеселді  –
 
осындай  жарамсыз  қылықтардан  сақтанып,  сол  мінездерді 
бойына қорлық біліп, ӛзін ондайлардан зор есептемек...
 
Ӛзін
 
ондайлардан  үлкен есептемек.  Бұл  мінез  –
 
ақылдылардың, 
арлылардың, артықтардың мінезі екенін баса кӛрсетеді

Абай  мақтаншақтар  туралы  ерекше  түсінік  береді.  Оларды  үш 
түрге  бӛліп:  алғашқы  саты  ағайын  ішінде  атақты  болғысы 
келетіндердің  ӛзін
-
ӛзі
 
мақтап  жетпек  болатынын,  екінші  сатысы  ел 
ішінде мақталсам дейтіндер ағайын арасында мақтау іздейтінін, айтып 
жүрсін  деп  әдейі  ұйымдастырарын,  ал  жатқа  мақталғысы 
келетіндердің ел кӛзіне түсуге тырысарын әңгіме етеді. 
 
Ӛзін
-
ӛзі
 
мақтап, болмағанды бойына таңып отыратындарды Абай 
наданның наданы, ләкин ӛзі адам емес деп бағасын береді.
 
Данышпан атамыздың осы ойы тым
 
қатал
 
емес пе екен?
 
Ӛйткені
 
ӛзін
-
ӛзі
 
мақтап  отырғандар  мен  ӛзін  біреуге  мақтатып 
отыратындар тек қана биліктілер мен барлардың сүйікті ісі емес, адам 
баласының кӛпшілігі құмар қасиет секілді кӛрінеді бізге.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
39 
 
 
Жиырма екінші сӛзге саяхат
 
 
 
Біздің ойымызша, осы сӛз Абайдың жалпы адам пенделерінің іс
-
әрекеттерін,  пейіл
-
ниеттерін,  санасы  мен  сапасын  мұқият  ой  елегінен 
ӛткізіп
 
барып  түйіндеген  ойы  секілді.  Адам  адамдар  қоғамында 
жүргесін  қалай  болғанда  да  бір  кісімен,  не  ойлары  бір  бағыттағы 
қоғаммен  ниеттес  болуы,  соларды  қорғауы,  соларға  тілектес  болуы 
заңды  нәрсе.  Адам  солай  жаратылған.  Абай  ӛз  заманынынан, 
қоғамынан
 
дұрыс  адамды  іздеген.  Солардың  қайсылары  қадірлеуге 
лайықты,  жақсы  кӛруге  тұрады  деген  мәселені  шешпекке  тырысады. 
Содан  барын  байлар  мен  мырзаларға,  болыстар  мен  билерге, 
кедейлер  мен  ғарыптарға  мінездеме  жазып,  олардың  іс
-
әрекеттерін
 
сипаттап шығады. Абай бұларға тілектес бола алмайды. 
 
Кӛпшілігіміз  неге  жарлылар  мен  ғарыптарға  тілекші  болмасқа 
деріміз  сӛзсіз.  Абай:  "Ғарып
-
ғасар
 
бейшараны  құрметтейін  десең, 
жатқан  түйеге  міне  алмаса  да,  ол  момындыққа  есеп  емес.  Егер 
мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те жай бар," –
 
деп оларға 
сенімсіздік білдіріпті. 
 
"Ырыс  баққан  дау  бақпас"  деген  мақалменен  боламын  деп... 
момын  байларды
 
аямасаң  һәм  соның  тілеуін  тілемесең  болмайды. 
Сонан басқаны таба алмадым," –
 
деп, қортындылайды. Біз момын бай 
деген  сӛзді  ӛзінің  адал  еңбегімен  дәулет  құрап,  бай  атағын 
алғандарды айтып отыр дейміз. 
 
Абай  бұл  сӛзінде  жарлыдан  кӛрі  момын  бай  "дұрыс  адам" 
моделіне (ӛзінің кӛкейіндегі) келіңкірейді дейтін секілді. 
 
Абай  түсінігінде  кедейлік  –
 
кедейдің  ӛз  жалқаулығынан,  ӛз 
талапсыздығынан, ӛз надандығынан.
 
Момын  байдың  дәулеті  адал  еңбектен  құралған.  Абай  осы  сӛзін 
адал еңбекті марапаттау үшін жазған секілді.
 
 
Біреу Абайды байшыл дейді, біреу кедейшіл дейді.
 
Абай байшыл да емес, кедейшіл де емес. 
 
Ол адамдардың (қазақтардың) адал еңбекке құмар болуын, кісілік 
қасиетті
 
бойына жинауын, талапқа құмар болуын тілейді. 
 
Абайға момын бай талапсыз жарлыдан әлдеқайда жақын.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
40 
 
 
 
Жиырма ҥшінші сӛзге саяхат
 
 
 
Бұл  сӛзбен  Абай  адамның  қуаныш  пен  жұбаныш  сезімдерін 
әңгіме
 
ету арқылы "тоқмейілсу" деген тоқырауға түсіп қалмауды, оның 
жарамсыз  қылық  екенін,  тоқмейілсіген  адам  ілгері  ұмтылуды 
тоқтататынын түсіндіргісі келген секілді.
 
 
Қуаныш
 
пен жұбаныш Абайдың ӛз басына да тән құбылыс екен.
 
Мысалға  Тұрағұл  естелігінде  Абай:  "Құдая,  бергеніңе  тәуба,  мен 
мұсылман  екенмін.  Егер  осы  Есіркеп  Тәкежанның  қасында  отырып, 
түйе сұратып жіберсе, бермей жібере алмас еді. Бұл түйе бермегеніме 
Абай  ашуланып  ештеңе  етпейді  деп,  менің  жұмсақ  мінезіме  сеніп 
бермей  отыр  деп  қуанып  қалды"...  (Жүрегімнің  түбіне  терең  бойла. 
Алматы "Жазушы", 1995. 24 бет). 
 
Есіркеп  ӛзіне  түйе  бермей  жіберсе,  оған  Абай  қуанады, 
жұбанады. 
 
Бәленшеден  ілгері  болдық,  түгеншеден  оздық  делінентін 
қуаныштардың
 
пайдалы нәрсе емес екенін ескерте келіп Абай: "...Оған 
Құдай
 
тағала айтып па, кӛптен қалмасаң болды деп..." дейді. 
 
Абай бірелерден емес бәрінен озық болуға шақырады. 
 
"...Жақсыға  салысып  жақсы  болады
-
дағы.  Жүз
 
ат  бәйгеге 
қосылса, мен бәйге алдым деген сӛз болса, алдыңда неше ат бар деп 
сұрар,  артыңда  неше  ат  бар  еді  деп  сұрағанның  несі  сӛз?  Мен  бес 
аттан, он аттан ілгері едім дегеннің несі қуаныш?".
 
Абайдың ӛз сӛзін оқитын ұрпақтарына айтпағы –
 
осы.
 
...Қатардан қалмау, кӛппен кӛрген ұлы той... деп, жұбануды  Абай 
ел үшін кемшілік қасиетке санайды. 
 
Кейбір  желсӛзділер  жақсы  ойлы  айтылған  сӛздерге  қазақтың 
жеңіл  астарлы  сӛздерін  пайдаланып,  арзан  күлкі  иелерін  күлкіге 
батырса  болды,  шешенсініп,  білгірсініп  бір  сәтке
 
жұрт  назарын  ӛзіне 
аударғанына бола қуаныш пен жұбаныш тауып жатады. 
 
"Аузың  сасық  екен,  тазаласашы"  деген  қалыңдығына  бір  жаман 
күйеу "тұқымымызбен аузымыз сасық болушы еді" деп, тек қана ӛзінің 
емес,  тұқымының  да  келісіп  тұрмағанын  паш  етеді.  Масқара  етеді. 
Соны бір ақымақ елге әңгіме етіп айтады, соған мың ақымақ күледі.
 
Абай: "...Тұқымымызбен аузымыз сасық болушы еді деген жаман 
күйеу  қалыңдығын  жеңіп  пе?  Кӛңілін  сол  сӛзі  разы  қылуға  жетіп  пе? 
Ендеше  кӛбіңнен  қалма,  сен  де  аузыңды  сасыта  бер  деп  пе?"  деп 
ызаланады.
 
Тӛмендегі  сӛздерді  Абай  жаны  қинала,  әлгі  жаман  күйеудің  
надандығын  сезе,  аузының  сасығын  жұта  отырып,  жазған  болар  деп 
ойлаймыз...
 

 
41 
 
...Ғылым  кӛпке  келіп  пе?  Біреуден  тарап  па?  Хикмет  (даналық, 
ақылдылық, ойшыл) кӛптен тарай ма? Бірден тарай ма? Жер білмеген 
кӛп адам адасып жүрсе, бір жер білетін кісінің керегі жоқ па екен?.. Жұт 
келсе, елдің бәрінің түгел жұтағаны жақсы ма?.. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
42 
 
 
Жиырма тӛртінші сӛзге саяхат
 
 
 
Абай  заманында  жер  бетіндегі  әрбір  мың  адамның  бірі  қазақ 
екен.  Біздің  заманымызда  жер  бетіндегі  әрбір  үш  жүз  адамның  бірі 
қазақ
.  
 
Абай  сол  заманда  кейбір  елдерде  үш  миллион  халық  тұратын 
қалалар
 
бар, дүниені үш айналып кӛріп, танысып шыққан адамдар бар. 
Қазақ
 
сол  дәрежеге  жете  алар  ма  екен  деп  уайым  етеді.  Қазақтар 
қашан
 
ӛнер
 
мен малды түзден түзу жолмен іздейтін күнді арман етеді. 
 
 
Әй, не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін
-
бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?
 
Абай  бұл  сӛзінде  ӛз  замандастарының  бірін
-
бірі  күндеуі, 
аңдысуы,  жауласуы,  ұрласуы  жер  жүзіндегі  жұрттың  қоры 
болғандықтан,  істеп  отырсыңдар  деп  ширықтырады.  Абай  әлгіндей 
адамдардың  басқа  елдерде  де  барын,  олардың  да  елдеріне  жақпас 
әрекеттері
 
бар  екенін  білмеді  деймісің?  Бұрын  да  бір  рет  айтқанбыз, 
тағы бір қайталайық, "дос жылатып айтадының" дәл ӛзі. 
 
Жеңіл ойлайтын кейбір қазақтар, әсіресе, шет елдерде оқып, шет 
ел азаматтарымен кӛбірек араласатындар Абай әлемге қазақты жаман 
етіп танытты деп ренжиді. 
 
  
Олар  Абай  ойларын  толық  ӛз  болмысына  сіңіруге  тырыспай, 
Абайдың  қазақ  халқының  ары  мен  зарының  жоқтаушысы  екенін 
мойындай  алмай    қара  сӛздердің  әріптеріне  мән  беріп,  кәдімгідей 
тулап жатады.
 
Осы  сӛздерді  жазарда  Абай,  алдымен,  қатты  ойланып  алған 
секілді.  Жалпы  адам  баласының  жер  басып  тіршілік  етіп  жүруі  үшін, 
тіршілікті  саналы,  сапалы  ӛткізуі  үшін,  адам  пенделеріне  не  керек 
екенін түгендеп шықпақ болған болар.
 
Содан  кейін  екінші  сӛзінде  Абай  қазақтарды  басқалармен 
салыстырып  алады.  Кемшілігін  кӛзіне  шұқып  тұрып  кӛрсетеді.  Арына 
тиеді.  Үшінші  сӛзінде  арызшылсың  деп  бетін  қызартса,  тӛртінші 
сӛзінде  күлегешсің  деп  келемеш  етеді.  Бесінші  сӛз  қазақтың  кейбір 
мақалдарын  сынауға  арналса,  алтыншы  сӛз  –
 
қазақ
 
жалқауларының 
еншісі.
 
Қалған
 
сӛздерінде  де  қазақ  халқының  мінезі  осылай,  құлқы 
осылай  деп  қатты  сынға  ала  отырып,  тұтас  саналы  адамзат 
бойындағы бар кемшіліктерді теріп шығады. 
 
Барлық сӛздерінің арқауындай ортақ түйін бар, тұтас желі бар, ол  

 
қазақтардың
 
(адамдардың)  жаны  мен  тәнінің  сұранысы,  рухының 
таза  болуы.  Абай  қазақтардың  (адамдардың)  арына  тие  сӛйлеп, 
амалсыз ойландырмақ болған секілді.
 
Абай  сегізінші  сӛзін  ақылды  кім  үйренеді,  насихатты  кім 
тыңдайды  деп  бастаса,  келесі  сӛзін:  "Осы  мен  ӛзім  –
 
қазақпын


 
43 
 
Қазақты
 
жақсы  кӛрем  бе,  жек  кӛрем  бе?  Егер  жақсы  кӛрсем, 
қылықтарын
 
қостасам
 
керек  еді..."  –
 
деп,  оқушысын  ӛзіне  қаратып 
алады.  Содан  кейін  Абай  ӛз  қандастарының  қылығынан  түңілген, 
ӛмірден  баз  кешкен  адам  ойын  айтады,  Тіпті  "артқа  алаң  болмай 
ӛлуге" деуге дейін барады. 
 
Абай  ӛлеңдерін  де,  қара  сӛздерін  де  арттағы  ұрпақтарына  үлгі 
үшін
 
жазған.  Ол  ӛз  басының  пенделік  сұранысын  емес,  ұлы 
жаратылыс  жаратқан  ұлы  пенделерде  ғана  болатын  адамдық 
борышын ӛтеген.
 
Әйтпесе,  Абай  ӛле
-
ӛлгенінше
 
тіршілік  шаруасынан  баз  кешкен 
жоқ.  Оқу  керектігін,  басқа  елдерден  үйрену  керектігін  тек  қана  айтып 
қойған
 
жоқ, іске де асырды.  Шәкәрімнің сол мақсатқа ӛмірін арнауын 
міндет етті.
 
Оныншы сӛз адамдарға бала мен мал не үшін қажет деген ойға 
жетелейді. Он бірінші сӛзде ұры мен бұзақыны сӛз етеді. Он екінші, он 
үшінші
 
сӛздер ғибадат пен иман туралы. Он тӛртінші сӛз кімді жүректі, 
батыр деп тануға болатындығы туралы нұсқау секілді.  
 
Келесі сӛздерде ақылды кісі мен ақылсыз кісі туралы ойланып, Құдайға 
құлшылық
 
етудегі салғырттық туралы да ескерту жасайды.
 
Он жетінші сӛз мысал арқылы ӛмірді қалай сүруге болатындығы 
туралы ереже.
 
Он  сегізінші  сӛзде  кербездік  туралы  әңгіме  етілсе,  он 
тоғызыншыда  –
 
адам  есі,  жиырмасыншыда  –
 
ойсыздық,  жиырма 
біріншіде  –
 
мақтан,  жиырма  екіншіде  –
 
кісі  қадірі,  жиырма  үшіншіде  –
 
қуаныш
 
пен жұбаныш сезімдері туралы әңгіме етіледі.
 
Барлығын  бірдей  тізіп  кӛрсетпей
-
ақ  қоялық,  ӛрмектің  жүзін 
аударды,  қалғанын  қажет  етсе  оқышы  ӛзі  қарап  шығар.  Қайталап 
айталық,  Абай  осы  қара  сӛздері  арқылы  «қазақ»  дей  отырып,  бүкіл 
адамзат қажетін ӛтерліктей, олардың жаны мен тәнін риза етерліктей, 
рухын  асқақтатарлықтай  дәрежеге  жеткізген.  Тек  қана  әрпіне  қарап 
ызасыз оқу қажеттігін, терең ойды, мұхит түбінде жатқан маржандарды 
кӛре  білу  қажет  секілді.  Әрине,  барлық  оқушы  олай  бола  алмас. 
Болмаса қайтеміз. Абайдың ӛзі айтқандай, ӛз сӛзі ӛзінікі. 
 
 
Ӛлең
 

 
сӛздің патшасы, сӛз сарасы,
 
Қиыннан
 
қиыстырар
 
ер данасы.
 
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
 
Теп
-
тегіс жұмыр келсін айналасы.
 
 
Досыңа достық –
 
қарыз
 
іс,
 
Дұшпаныңа әділ бол. 
 
 
 
 

 
44 
 
 
Жиырма бесінші сӛзге саяхат
 
 
 
Бұл  еңбегінде  Абай  тағы  да  бір  рет  адамдарға  мал  табу 
қажеттігін
 
(еңбек  ету  қажеттігін),  малдың  аздығы  (ақша  мен  ішіп
-
жемнің, мал мен дүниенің) адам баласының бойындағы барлық жаман 
қасиеттердің
 
оянуына септігін тигізетіндігін баса кӛрсетеді. 
 
 
Мал тап. Малыңда балаңның ӛнер, ғылым үйренуіне жұмса дейді. 
 
 
...Құдайдан  қорық,  пендеден  ұял,  балаң  бала  болсын  десең  –
 
оқыт,  мал  аяма!  Әйтпесе,  бір  ит  қазақ  болып  қалған  соң,  саған  рахат 
кӛрсете ме, ӛзі рахат кӛре ме, я жұртқа рахат кӛрсете ме?
 
 
Кісіліктің,  адам  атанудың  стандарты,  бағдарламасы.  Бұдан 
тұжырымды етіп ешкім де айта алмас. 
 
 
Бұл  сӛзінде  де  Абай  қазақтың  арына  тиіп,  "бір  ит  қазақ"  деген 
сӛзді қыстырып та қояды.
 
 
Әлемдік
 
азамат болу үшін, толық адам дәрежесіне жету үшін шет 
ел  тілін  білу  қажеттігін,  озық
 
елдердің  ӛнері  мен  үлгісін  үйрену 
қажеттігін
 
түсіндіре білген. 
 
Білімді  кісі  білімнің  тек  қана  ӛз  басына  емес  ел  бақытын  ашатындай 
білім  болуын  армандайды.  "Баламды  медресеге  біл  деп  бердім"  деп, 
бала білімінің ел пайдасына, халық қамына жарар ма екен екен деген 
үміт
 
те болады.
 
Білім алғанда, ӛнер үйренгенде: "...Біз де ел болып, жұрт білгенді 
біліп,  халық  қатарына  қосылудың  қамын  жейік  деп  ниеттеніп  үйрену 
керек" –
  
деп, ақыл айтады.
 
Бұл  сӛздегі  Абай  тұжырымдары  сол  кезде  елге  ӛте  қажет  ақыл 
болатын. 
 
Әйтпесе,  байларға  ӛкімет  балаңды  оқыт  деп  салық  салғанда, 
баласын  "аяп"    орнына  кедей  баласын  орыс  оқуына  жіберіп 
қорлағандай
 
болған  надандық  заманда  Абайдың  бұл  сӛздері  нағыз 
елді ел етер ақыл болатын.
 
Кім  білген,  біраз  сол  заманда  оқу,  білім  алғандар  бастауы  осы 
сӛзден нәр алып жатпағанына?
 
Алаш  азаматтарының  сол  заманда  Абайды  қазақтың  бас  ақыны 
деп мойындауына әсер етіп жатпасына кім кепіл? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
45 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет